1. Білім сапасы туралы түсінік беріңіз


Білімалушылардың критериалды бағалау жүйесін жасау бойынша отандық ғалымдардың тəжірибесін зерттеуді бағалаңыз



бет30/38
Дата24.03.2023
өлшемі91,5 Kb.
#75979
түріСабақ
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   38
Байланысты:
Бағалау сессия 2021 био (копия)

45. Білімалушылардың критериалды бағалау жүйесін жасау бойынша отандық ғалымдардың тəжірибесін зерттеуді бағалаңыз.
Критериалды бағалау- бұл оқушылардың білім мазмұны мен мақсаттарына сай, оқу- танымдық құзіреттілігін қалыптастыруда нақты анықталған, ұжыммен қалыптастырылған, алдын- ала оқушылардың барлығына белгілі білім жетістіктерін бағалауға негізделген үдеріс.Осы орайда Теодор Сайзердің «Баға беру және есепке алу-керемет мақсаттар. Білім алу үдерісіне кедергі тигізбейтін және біздің жан салып жасап жатқан ісімізге пайдалы да әділ баға беретін жүйе …»- дегеніндей, қалыптастырушы бағалау дұрыс ұйымдастырылған жағдайда мұғалім білім алушылардың іс-әрекеттеріне байланысты түсінік, ұсыныс т.с.с. бере отырып, жүйелі түрде кері байланысты қамтамасыз етеді. Кері байланыстың әсерінен мұғалімдер оқу үдерісін ұйымдастыруға белсенді түрде қатысады. Ресей ғалымдары (И.С.Фишман, Г.Б.Голуб) мұғалімнің қалыптастырушы бағалауды ұйымдастырудағы алгоритмін мына тұрғыда ұсынады:

  • Жоспарланған оқу нәтижелерін анықтау.

  • Оқушының маңызды оқу нәтижелерін жоспарлау және оған жету әрекетін ұйымдастыру.

  • Оқушылардың жоспарланған оқу нәтижелеріне кері байланыс механизмі көмегімен жетуін жүргізу.

Сондай-ақ, қалыптастырушы бағалау мұғалімге оқушылардың оқуда мақсатқа жету үдерісін қадағалап отыруына мүмкіндік береді және оқу үдерісіне дер кезінде өзгертулер мен түзетулер енгізуге, ал оқушыға өзінің білім алу жолында жоғары дәрежедегі жауапкершілікті сезінуге көмектеседі. Ол күнделікті тәжірибеде қолданылады, оқушыға да, мұғалімге де қолайлы түрде пайдаланылады. Жалпы оқыту және оқу үрдісінде қалыптастырушы бағалауды дұрыс түсініп, тиімді қолдана білген мұғалімнің кәсіби шеберлігінің артуына және бастама нүктесін дәл анықтап әрі қарай дамуына, жаңа идеяларға ұмтылуына серпіліс береді және білім сапасын арттыруға зор үлес қосады.

46. Білім беру жүйесіндегі мұғалім мен оқушының портретін анықтаңыз.
Бүгінгі жаһандану заманында жас ұрпаққа әлемдік стандартқа сәйкес білім беру мәселесі республикамызда ғылыми педагогикалық тұрғыда ізденіспен әлемдік жинақталған тәжірибеге отандық қол жеткен табыстарды саралай отырып, ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып тәрбиелеуде жаңаша ұйымдастырумен көкейкесті мәселе болып отыр. Біздің ең басты мақсатымыз сапалы білім, саналы тәрбие беру. Мұғалім өзіне жүктелген осы абыройлы міндетті жүзеге асыру жолында қолданылатын амал-тәсілдер құрамынан этика елеулі орын алады. Мұғалім өне бойы өзін сергек, көңілді ұстау керек. Балаға сіздің шаршағаныңыз, көңіл-күйіңіздің жоқтығы сезіліп отырады. Сол сияқты мұғалім оқушының ата-анасы, туыстарымен нашар қарым-қатынасының, өкпе –арызының есесін оқушыдан қайтаруға әдеттену педагогикалық этикаға жатпайды.Мұғалім біріншіден өте әділетті шыншыл болуы тиіс. Бұл жерде мен Л.Толстойдың «Егер мұғалім өз ісіне сүйіспеншілікті оқушыға деген сүйіспеншілікпен біріктіре алса, онда ол шын мәніндегі мұғалім болғаны» деген сөзін естеріңізге салғанды жөн деймін. Мұғалімнің мінезі жайдары, кең пейілді , сабырлы, ашу дегенді білмейтін, сөзі өте сыпайы, жұмсақ, ешкімнің көңіліне қаяу түсірмейтін болуы керек. Бұл туралы Чеховтың «Өзіңді қарапайым жылы лебізіңмен сыйлата білмесең, құр қаталдықтан түкте шықпайды» деген нақыл сөзін ескеру біздерге (ұстаздарға) өте лайықты.Сондай- ақ Ы.Алтынсариннің «Оқушы сабақты білмей қалса оған ұрыспау керек. Оған сабақты білдіре алмаған кемістікті өзіңнен іздеуің керек» деген өсиетін де есте сақтаған артықтық етпейді. Оқушы мұғалімнің сұрауына жауап бергенде, олардың сөздеріне, жауабына ынта қойып ұқыптап тыңдауды, оқушының сөзін бөлмеу, басқа оқушыларға бөлдірмеу, орынды жерде қоштап отыру, кейде жаңылысқан қиналған жерінді түзету жасап, жәрдемдесіп жіберуді де қолданып отыруымыз керек. Жәрдемдесу дегенді мұғалімнің өзі оқушының аузына сөз салып, жетектеуге айналдырып жіберуге болмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет