1. Білім сапасы туралы түсінік беріңіз


Топта сауалнама жүргізу. Жұмыстың нəтижесін талқылауды саралаңыз



бет27/38
Дата24.03.2023
өлшемі91,5 Kb.
#75979
түріСабақ
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   38
Байланысты:
Бағалау сессия 2021 био (копия)

39. Топта сауалнама жүргізу. Жұмыстың нəтижесін талқылауды саралаңыз.
Сауалнама - нақты адамдар тобына сұрақтар қою арқылы алғашқы ақпаратты жинау әдісі. Зерттеушінің респондентпен анкета арқылы жүзеге асырылатын байланысына негізделген эмпирикалық зерттеуін әлеуметтанулық өлшеу тәсілі.Сауалнама мақсаты - жеке және қоғамдық санадағы құбылыстар немесе қарапайым фактілер, оқиғалар туралы ақпарат алу. Сауалнама ақпараттың дәлдігі мен жүйелігін қамтамасыз етеді. Бұл әдіс экономикалық тұрғыдан да тиімді, яғни оған шығын, уақыт және құрал аз жұмсалады. Сауалнаманың әртүрлі жолдары бар: қалыпқа түспеген (еркін сұхбат, т.б.) және қалыпты (алдын ала дайындалған сұрақтар көмегімен).
Ал енді қазақ тілі және әдебиет 19–1 тобының студенттеріне сауалнама жүргізейік. Сауалнаманың тақырыбы – не үшін мұғалім болдыңыз. Осы тақырып бойынша жүргізілетін сауалнамамызға топтағы студенттер респонт болуға өз келісімін берді. Топта 22 студент бар. Сауалнамада 3 тест, 2 жағдаят, және әр респонденттен кішігірім сұхбат алу сынды тапсырмалардан тұрды. Бұл сауалнамада тапсырмада қате жауап жоқ, яғни мақсаты респонденттің көз қарасын анықтау.
Ал енді нәтижесіне көз салсақ, 13 респонденттің берген жауаптары жалпылама түрде қарағанда сай келді. Яғни, болашақта көрнекті ұстаз болып, елге қызмет еткісі келеді екен. Ал 4 респондент болса, бастапқыда ұстаз болып еңбек етіп, өзінің еңбек өтілін дамытып, жоғарғы шыңға шыққысы келетіні анықталды. 3 респондент болса, ұстаз болуды қаламай, амалсыздықтан педагог оқуына түскенін мәлімдеді. Қалған 2 студент болса, жәй әншейн студенттік өмірдің қызығын көру үшін, шәкірт ақы алып 4 жылдық қысқа уақытты басқа студенттер секілді қызықты өткізгісі келгенін жасырмай айтты. Сауалнаманың қағидасы бойынша, респонденттердің аттары және ол туралы мәлімет құпия сақталуы қажет.

40. Рөлдік ойындардың маңызын көрсетіңіз.
Рөлдік ойын – бұл өмірлік жағдайлардың белгілі бір мінез-құлық немесе эмоционалдық жақтарын меңгеру ниетінде алдын-ала бөлінген рөлдер арқылы қатысушы топтардың сахналап ойнауы.
Рөлдік ойын жағдаятына кіру. Қатысушының нұсқауды ала салып бірден ойынға араласып кетуі үнемі өз жемісін бере бермейді. Ойын алдында топтық пікірталас өткізу, яғни, алдымен жағдаятты талдап, сосын оның қалай болатынын көрсету ұсынылады немесе бой жазу жаттығуларын орындау тиімді.
Рөлдік ойындар шағын топтарда (3-5 қатысушы) жүргізіледі. Қатысушылар карточка арқылы (тақтада, қағаз парақтарда және т.б.) тапсырма алады, рөлдерді бөледі, жағдайды ойнайды және барлық топқа ұсынады (көрсетеді). Оқытушы балалардың мінез-құлқын ескере отырып рөлді өздері бөледі.
Ойынның педагогикада,оқыту үрдісінде алатын орны Платон заманынан белгілі болған. XVIII ғасырдың өзінеде-ақ Ж.Ж. Руссо мен И.Г. Песталоцци ойын арқылы балаларды болашақ өмірге бейімдеу керек деп түсіндірген.
Ойынның сабақ барысында басты мақсаты – білім беруді ойынмен ұштастыру. Баланың ойынға белсенді түрде қатысуы оның ұжымдағы басқа да әрекеттерін айқындайды. Ойын бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет сияқты болғанымен, ол ұжымдық әрекет болып табылады.
Рөлдік ойындардың пайдасы: Оқушының қисынды ой- қабілеті дамиды, өздігінен жұмыс істеуге үйренеді, өзара сыйластыққа үйренеді, зейіні қалыптасады, байқампаздығы артады, сөздік қоры баййды, тілі дамиды, ойынның ережесін бұзбау,яғни, тәртіптілікке баулиды.
Рөлдік ойында педагогтің міндеті: Ойын ережелерінің сақталуын қадағалайды және оның уақытқа сәйкес болуын бақылайды, түсініксіз болған нұсқауларды қайта пысықтайды, ойын соңындағы кері байланысты қамтамасыз ету мақсатында қатысушылардың әрекетеріне бақылау жасайды, қажет болған жағдайда әрі қарай не жасау керектігі жөнінде нұсқау береді және міндетті түрде көрсетілуі керек, бірақ студенттер не оқушылар ескермеген әрекеттер болса, онда оны оқытушының өзі орындауы қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет