49–57 . Биология сабақтарында интербелсенді әдістерді қолдануды тұжырымдаңыз. «Интербелсенді» дегеніміз диалог құру арқылы үйрену/үйрету, яғни «үйретуші-үйренуші», «үйренуші-үйренуші», «үйренуші-өзімен өзі» форматтарында жасаған қарым-қатынас (әңгіме, сұхбат, бірлескен әрекеттер.)
Интербелсенді оқу/оқыту диалогтық қатынасқа негізделеді, ал диалог өз кезегінде өзара түсіністікке, бірлескен әрекеттерге, таным процесінде туындаған мәселелер мен проблемаларды бірлесе шешуге алып келеді.
Интербелсенді әдістерде басты назарды “процеске”, яғни үйрену процесінің өзіне, білім алушылардың “қалай” және “қандай әдіс-тәсілдер арқылы үйренетіндігіне” аударады. Яғни, интербелсенді сөзі - өзара әрекет ету бейімділігін білдіреді немесе әңгімелесу, әлде кіммен (адаммен) не болмаса әлде немен (мысалы, компьютермен) сұхбаттасу режимінде болады. Осы жерде білім алушылардың жауаптарынан гөрі мәселенің шешімін табуға талпынғаны маңызды. Себебі, интербелсенді оқытудың басты мақсаты – білім алушыларды өз бетінше ой қорытып, жауап табуға үйрету.
Интербелсенді әдістердің мәндік ерекшелігі, сипаттамасы – бұл субъектілердің өзара әрекеттестігінің бір бағыттағы белсенділігінің жоғарылығы, қатысушылардың өзара әрекеттестігі, эмоционалдық, рухани бірігуі. Қытайдың бір нақыл сөзінде: "Маған айтшы – мен ұмытып қаламын; маған көрсетші – менің есімде қалады; өзіме істетші – мен сонда түсінемін" делінген. Осы сөздерден интерактивті оқытудың мәні өз көрінісін табады.
Интербелсенді әдістерді пайдалану кезінде оқушылар түсіну процесіне толыққанды қатысушылар болады, оның тәжірибесі оқу танымының негізгі қайнар көзі қызметін атқарады. Оқытушы дайын білімді бермейді, бірақ білім алушыларды өз бетімен ізденуге үйретеді. Білім берудің дәстүрлі нысандарымен салыстырғанда, интербелсенді оқытуда оқытушы мен білім алушылардың өзара әрекеттестігі ауысады: педагогтың белсенділігі білім алушылардың белсенділігіне орын береді, ал педагогтың тапсырмалары олардың бастамасы үшін жағдай жасаушы болады.
Интербелсенді әдіс қолдану кезінде мыналар ескерілуі керек: -тұлғаның еркіндігі мен құқықтары сақталуы;
-тұлғаның өзін көрсете алуына жағдай жасау;
-педагогикалық қолдау көрсету.
Оқудың интербелсенді әдістерінің артықшылығы: * оқушылардың қызығушылығын туғызады;
* әрқайсысының оқу үрдісіне қатысу белсенділігін кеңейтеді;
* әрбір оқушының сезіміне назар аударады;
* оқу материалдарын тиімді меңгеруге бейімдейді;
* оқушыларға көпжоспарлы әрекет етуге әсер етеді;
* кері байланысты (аудиторияның жауап беру реакциясын) жүзеге асырады;
* оқушылардың пікірлері мен қарым-қатынастарын қалыптастырады;
* өмірлік машықтарды қалыптастырады;
* мінез-құлықтың өзгеруіне көмектеседі.
Менің мамандығым география пәні мұғалімі, сондықтангеография сабақтарында интербелсенді әдістерді қолдануды тұжырымдай кетейін. ХХІ ғасырдағы география сабағына мынадай мақсаттар қояр едім.
• Географиялық білімін үнемі жетілдіріп отыру (дәріс беру, сарамандық, семинар).
• Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту, ғылыми-зерттеу жұмыстарына араластыру, дарынды оқушылармен жұмыс.
• Жаңа ақпараттық технологиялардың көмегімен интернет арқылы қашықтықтан өздігінен білім алуға үйрету
• Оқу үрдісін ізгілендіре отырып оқытудың дамыту фунуциясына басты назар аудару, жаңа технологияны пайдалану.
• Оқушыларды өлкетану жұмысына тарту, оқу-тәжірибелік, сарамандық жұмысты жетілдіру
• Экологиялық – экономикалық білім беру, танымды кеңейту.
Осындай ауқымды тақырыптарды ала отыра оқушылардың құр айтып беруімен ғана бағаламай, өз ойын қоса алуы, тақырыпты нақты түсіну, бір-біріне түсіндіру арқылы оқуға деген ниетін ашуға болады.
География ғылымы өте қызықты да күрделі. ХХІ ғасыр ақпараттық техологиясы ғасыры десек, бұл география ғылымына да қатысты. Географиялық ақпараттарды беретін маңызды көздер:
• Газет-журнал;
• Білім беру жүйесі;
• Радио, телехабар;
• Компьютер, интернет;
Қазіргі оқу үрдісінде оқушы белсенді болып өздігінен шығармашылықпен білім алуы керек. Ол үшін бүгінгі таңда қолданылып жүрген мультимедиялық электронды оқулықтың алатын орны ерекше деп айтуға болады.
Бұл оқулық география Білім стандарты мен оқу бағдарламасының талаптарына сәйкес келеді. Электронды оқулық өз қолымыздағы оқу құралдарын, толықтырады, дидактикалық материалдары жеткілікті. Бұл оқу үрдісінің сапасын жіне тиімділігін арттыратын жаңа оқу жылы.
• Түрлі анықтамалы;
• ақпараттар алады;
• Көрнекілік, сурет, сызбалар компьютермен;
• іске асырылады;
• Оқушылардың;
• өздігінен білім алуы;
• Білім-білік дағдылары қалыптасады;