8. Портфолио - оқушылардың жеке жетістіктерін бекіту жəне жинақтауды түсіндіріңіз. Портфолио - оқушылардың жеке жетістіктерін бекіту жəне жинақтауды түсіндіріңіз
Портфолио - бekітy, жинaқтay әдіcі жeke нemece ұжыmдық жeтіcтіkтepді бaғaлay әдісі. Портфолио шет мемлекеттерінің білім саласында бағалаудың жаңа жүйесі және өзін-өзі бағалаудың түрі ретінде кеңінен қолданылып келеді. Портфолио дәстүрлі бағалаудың жүйесін толықтырып,оқушылардың ақпаратты қабылдаудың репродуктивті деңгейін , фактілі және алгоритімді білім мен дағдыларын тексеруге бағытталған. Портфолио оқушының түрлі қызметтегі жетістіктерін ескеруге мүмкіндік береді. Сонын ішінде:оқу, шығармашылық, әлеуметтік ,коммуникативті т б қызметтері. Бұл білім берудің практикаға бағытталған, іс-әрекеттік тәсілдің негізгі бөлігі болып саналады. Шет елдер тәжірибесінде портфолио оқушының жетістіктерінің жұмыс жинағы ретінде анықталып, оның түрлі салалардағы жетістіктерін көрсетеді. Портфолионың негізгі мақсаты: жасөспірімнің білім алу үрдісі туралы есеп алу; жалпы білім алудың негізгі нәтижелерінің жағдайын көру; оқушының білім кеңістігінде жеке даму бағытына жағдай туғызу; оның олған білім мен білік мүмкіндіктерін практикалық тұрғыда қолдана алуын көрсету; портфолиоға енетін қандай болмасын жетістіктерді толықтай немесе белгілі бір кезеңін бағалау, ол санды және сапалы түрде болуы мүмкін.
Портфолионы енгізу арқылы оқушылардың оқуға деген белсенділігін арттыруға, өздерінің мақсаттары мен мүмкіншіліктерінің деңгейін сезінуге көмек тиеді және бұл олардың болашақта таңдайтын оқу түрі мен бағытын анықтауда жауапты және нақты болуына себебін тигізеді.
9. Жиынтық бағалау үдерісін сипаттаңыз Жиынтық бағалау белгілі бір оқу кезеңінде оқу бағдарламасының
мазмұнын меңгеру деңгейін тіркеу, анықтау үшін жүргізіледі. Тіркеу
үдерісі кезінде оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім
алушылардың білімін, дағдысын көрсететін дәлелдерді жинау жүзеге
асырылады. Жиынтық бағалау бөлім/ ортақ тақырыптар және тоқсан бойынша оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың алған білімдері мен жинаған дағдыларының нәтижесін бағалай отырып, қалыптастырушы бағалау нәтижелерін толықтырады. Әр тестінің құрылымы мен ұзақтығы туралы және оларды басқару әдістері туралы ақпаратты пән бойынша тест спецификациясынан табуға болады. Жиынтық бағалауға арналған спецификацияда сұрақтардың үлгілері мен бағалау сызбалары ұсынылған, одан мұғалімдер әртүрлі дағдылар қалай бағаланатынын көре алады. Нақты бағалау критерийлері болған күннің өзінде де қалыптастырушы бағалау кезінде баға қою әлі де күрделі үдеріс болып табылады және мұғалімдер олар бойынша түсініктеме бере алады. Мұғалімдер қойған бағаның сенімділігі мен дәлелділігін арттыру мақсатында модерация қолданылады.