1. Білім сапасы туралы түсінік беріңіз


Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау және ұйымдастыруды түсіндіріңіз



бет7/38
Дата24.03.2023
өлшемі91,5 Kb.
#75979
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   38
Байланысты:
Бағалау сессия 2021 био (копия)

10. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау және ұйымдастыруды түсіндіріңіз.
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру, жоспарлау бекітілген бағалау критерийлері ережесіне сай өтеді. Жалпы осы жиынтық бағалаудың рәсімдер саны жиынтық бағалауға қатысты әдістемелік ұсыныста берілген. Олар:

  • Жаратылыстану-ғылыми пәндер – бөлімдер бойынша;

  • Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер – ортақ тақырыптар бойынша;

  • Тілдік пәндер – сөйлеу әрекетінің түрлері, яғни тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым бойынша анықталады.

Бөлім және оқу мақсаттарының саны пәндерге байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Математика ғылымы бойынша: ұзақ мерзімді жоспар бөлімі, натурал сандар және нөл саны, натурал санның бөлінгіштігі, жәй бөлшектер деген тақырыптар математика ғылымында болуы мүмкін.
Жалпы кейбір пәндерде ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес, бір тоқсанға меңгеру үшін 1 – 5-ке дейін бөлімдер беріледі. Бөлім бойынша жиынтық бағалау 1 бөлімнен тұрған жағдайда, тоқсанның екінші жартысында 1 рет, яғни тоқсанның соңына дейін 2 аптадан кем емес уақытта өткізілуі қажет. Жалпы бөлім бойынша бағалаудың ең көп дегенде тоқсан бойынша 3-тен артық болмауы керек және оны қадағалау шарт. Егер 4 және одан да көп бөлімдерді меңгеру қажет болса, ұстаз оқу мақсаттарын есептей отыра бөлімдерді біріктереді.
Тілдік пәндерден бөлім бойынша жиынтық бағалау әр тоқсанда 2 рет өткізіледі. Өткізу барысында, әр бөлім бойынша жиынтық бағалауда сөйлеу әрекеттерінің 2 түрімен тексереді. Негізінен айтылым дағдысын бөілм бойынша жиынтық бағалаудың бірінші өткізу ұсынылады. Бұл дағдыны бағалауды осы бағалауды өткізу жоспарланған апта ішіндеге сабақ кезінде де өткізуге болады. Жауап беруіші кез-келген оқушының жауабы 1–5 минут аралығындай уақытта жауап беруі қажет.
Осы бөлім бойынша ең соңғы, яғни ақырғы жиынтық бағаалуды тоқсан бітер алдын 1 аптадан кем емес кезде өткізуі жоспарланады.
Бөлім бойынша жиынтық бағалауды орындау уақытын ұстаз берілген тапсырма мен соны орындауға жұмсалаиын орташа уақыттын, тапсырманы орындауды есепке алып анықтайды. Осы жиынтық бағалауды 15–20 минут аралығында орындай алатындай етіп жасауды жоспарлайды. Бұл берілген шектеулі уақыт шартты әрі сабақтың бір ғана кезеңіндей ғана алатындай, шағын және кіші көлемді бағалау жұмыстарын көрсету секілді мақсат қою арқылы енгізілген болатын.
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру кезінде мұғалім жиынтық бағалауға қатысты әдістемелік ұсыныста көрсетілген үлгілерді қолдануға болады. Бұдан басқа, ұстазға өз бетінше бағалау құралдарын құрастыру ұсынылады. Оны дайындау үшін ұстаз мынандай алгоритмдерді қолданса жектілікті:

  • Оқу бағдарламасы, бөлім/ортақ тақырыптар бойынша оқу мақсаттарын меңгеру;

  • Жиынтық бағалауда тексерілетін оқу мақсаттарына сәйкес бағалау критерийлерін анықтау және ойлау дағдыларының деңгейлерін сәйкестендіру:

  • Ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкес келетін тексерілетін критерийлердің, оқу мақсаттарының маөмұнын қамтитын бір немесе бірнеше тапсырмалар дайындау;

  • Әр тапсырмаға дескриптор дайындау;

  • Білім алушыларға (оқушы,студент) олардың ата-аналарына жиынтық бағалау нәтижелерін ұсыну үшін бөлім/ортақ тақырыптар ойынша жиынтық бағалауға рубрика дайындау (құрастыру).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет