13. Баға қою механизмін сипаттаңыз. Баға қою механизмі
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау, тоқсандық
жиынтық бағалаудың нәтижелері электронды тіркеу журналына жазылуы
керек. Балл мен баға есебі электронды журналда автоматты түрде есептеледі.
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау, тоқсандық
жиынтық бағалаудың электронды тіркеу журналында қойылған нәтижелері
талдау жүргізу үшін ақпарат беріп, сабақ беру практикасын жетілдіруге
мүмкіндік береді.
Баға қою механизмі
1-сыныпта тоқсандық баға тек 3 және 4-тоқсанда ғана қойылады.
Тоқсандық баға бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудан
тұрады. Тоқсандық жиынтық бағалау жүргізілмейді.
2-11 сыныптарда тоқсандық жиынтық бағалау бөлім/ортақ
тақырыптар бойынша жиынтық бағалау нәтижелерінің үлесінен қойылады.Тоқсандық баға қою үшін бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау нәтижелері белгілі бір пайыздық арақатынасында берілген.
Тоқсандық жиынтық бағалау мен бөлім/ортақ тақырыптар бойынша
жиынтық бағалау арақатынасы пән бойынша оқу бағдарламасына сәйкес
бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың өткізілген санына байланысты. Жиынтық бағалаудың әдістемелік нұсқаулығында бөлім/ортақ
тақырыптар бойынша жиынтық бағалау саны мен жиынтық бағалау
арақатынасы көрсетіледі.
14. Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалауды түсіндіріңіз. Критерий арқылы бағалау оқушыларға: нәтижені талдау үшін бағалау критерийлерін білу және түсінуге; критерийлерді білу арқылы қате жібермеу, сапалы нәтиже беруге; рефлексияға қатысу, яғни өзін және өз достарын бағалауға; бағалау үрдісіне қатысу арқылы білімін тереңдетуге, нақты білімдерін қолдану, өз ойларын еркін жеткізе білу, сын тұрғысынан ойлай білуге мүмкіндіктер береді.Критериалды бағалау-бұл білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының оқу-танымдық құзырлығын қалыптастыруда алдын-ала белгіленген жетістіктермен салыстыру үрдісі, яғни белгілі бір критерийлер арқылы бағалау болып табылады
Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты: 1.Мектепте оқыту сапасын жоғарылату 2. Мектеп бітірушілердің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру.
Критериалды бағалау арқылы оқушылар өз деңгейлерін анықтай алды. Бұл олардың білім деңгейлерін көтеруіне ықпалын тигізді. Өзін-өзі бағалау мен өзара бағалаудын тиімділігі, бұрын тақтаға шығып, сабақ айтуға ұялатын оқушылар өздерін еркін ұстай бастады, сабаққа деген ынтасы артты, сенімділік пайда болды және олар бір-біріне көмектесе отырып және олар бір-бірін бағалау арқылы әділ баға қоя бастады.Тоқсан соңында әр критерий бойынша негізгі бақылаудан алынған орташа балл есептелінедіНегізгі бағалау белгілі бір тақырыпты қорытындылау мақсатында орындалады; негізгі бағалаудағы оқушының алған бағасы тоқсандық баға болып табылады; бір тарауға байланысты қалыптастырған білім деңгейін анықтайды және мазмұны оқылған материалды қамтуы керек. Негізгі бағалауда барлық критерийлер барынша қолданылуы керек. Критерий оқушының жас ерекшелігіне, бағдарламаға сай алынады.