1. Білім сапасы туралы түсінік беріңіз


Қалыптастырушы бағалаудың әдістерін сипаттаңыз



бет5/38
Дата24.03.2023
өлшемі91,5 Kb.
#75979
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Байланысты:
Бағалау сессия 2021 био (копия)

6. Қалыптастырушы бағалаудың әдістерін сипаттаңыз.
Қалыптастырушы бағалау оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады, оқушылардың дағдыларының қалыптасу және білімді меңгеру деңгейін көрсетеді, оқудағы қиындықтарды анықтап, оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізуге көмектеседі. Бағалаудың бұл түрі оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді, балл не баға қоймастан оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Қалыптастырушы бағалаудың күнделікті іс-тәжірибесі барысында, оқушының меңгеру деңгейінің өлшемі мен ілгерілеуін анықтауда, оқыту үдерісінде төменгі әдіс-тәсілдерді «Қол сигналы», «Бағдаршам», «Қорытындылауға арналған карточка индексі», «Бір минуттық эссе», «Сөйлеу үлгілері», «Екі жұлдыз, бір тілек», «Үш минуттық үзіліс», «Ауызекі баға», Сұрақты қағып ал, «Конверттегі сұрақ» портфолио, журналдар, рубрикалар, сөзжұмбақтар, сұрақтар және тағы басқа түрлерін қолдануға болады. Қалыптастырушы бағалаудың әдіс-тәсілдерін сабақтың әр түрлі кезеңдерінде: жаңа тақырыпты түсіндіруде, тапсырма орындау кезеңінде, мұғалімнің оқушыға жұмысының нәтижесін жақсарту мақсатымен кері байланыс ретінде ақпарат беру барысында да қолдануға болады. Мысалы, мұғалім оқушының жазба жұмысын тексеріп болған соң, оған баға қоймайды, әр түрлі қалыптағы сурет пен бояуларды қолданып белгілей алады. Әрбір белгі мен олардың түстері (сары, қызыл және жасыл, жұлдызша немесе қанатты белгілер) оқушының жауабындағы дұрыс немесе бұрыс орындалған жақтарын көрсетеді.

7. Оқыту нəтижесін бағалаудың заманауи құралын атаңыз.
Бағалау жүйесі – мектеп оқушыларының қызметінің нәтижелерін ағымдағы
және қорытынды бағалауды, педагогтар мен мектептің қызметін бағалауды,
білім беру жүйесі қызметінің нәтижелерін бағалауды қамтитын күрделі және
көпфункционалды жүйе. Осыған сәйкес бағалау жүйесі атқаруы керек:
1. Бағалау қызметінің мақсаттарын белгілеу:
а) нәтижеге жетуге бағыттау;
б) білім берудің барлық аталған нәтижелерін (пәндік, метапәндік және жеке
тұлғалық) бағалауға кешенді көзқарасты қамтамасыз ету;
в) жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу туралы алынған ақпараттың
негізінде білім беру жүйесін реттеу мүмкіндігін, басқаша айтқанда, әр сыныпта, мектепте білім беру процестерін жақсарту және жетілдіру үшін педагогикалық шаралар қабылдау мүмкіндігін қамтамасыз ету.
Американдық психолгтар Дж. Керолл мен Б.Блум әзірлеген ережелерді негізге алып, тұрақты, тіркелген параметрлер есебінде оқыту нәтижесін алып қарауға болады, В.П.Беспалько бағалау жүйесін әзірлеуге тәсілдерді өзгертуге тырысты. Бұл жағдайда американдық психологтар теориясына сәйкес, оқытудың басқа шарттарының параметрлері барлық білім алушылардың берілген критеринәтижесіне жету үшін басқа оқу шарттарының параметрлері өзгеріп тұрады.
Осындай тәсіл негізінде критериалды бағдарланған оқытудың технологиясы әзірленді, сондай ақ толық игеру технологиясы деп атайды, білім алушылардың барлығы қажетті оқу материалын игеруге қабілетті оның шығу сәті бекіту болып табылады.
Оқытудың критериалды-бағдарланған технологиясының тиімділігі білім алушыларға көмектесудің алуан түрі, бақылау түрі, тапсырмалардың түрленуі әрбір оқушыға оны игерусіз одан әрі тұлғаның толық оқуы мен дамуы мүмкін емес белгіленген міндетті критерилер деңгейіне жетуге мүмкіндік береді.
Критериалды бағалау жүйесі келесідей элементерді қосады:
1. Тақырыптарды игерудің критерилері толық анықталады (сабақтар), оқытудың нақты нәтижелері тізбесінде көрсетіледі (білім беру бағдарламалары аясында игерудің белгілі деңгейімен оқыту мақсаттары);
2. Тексеру жұмыстары әзірленуде – тест, негізгі мақсаты түзету оқу тәртібінің қажеттілігін анықтаудан тұрады;
3. Оқу материалдары жекелеген фрагменттерге бөлінеді (оқу бірліктері), нәтижелері анықталады (критерилер), сондай ақ оларды оқу барысында жету керек және ағымдағы тексеру жұмыстары құрастырылады, әрбір оқу бірлігі оқу мақсатына жетуге көз жеткізуге мүмкіндік береді;
4. Оқыту тапсырмалары құрастырылады, оқытудың сәйкес әдістері таңдалады;
5. Әрбір тест тапсырмаларынан балама түзету материалдары әзірленеді. Критериалды бағалау критерилерге негізделген, яғни бағалауды құрайды (критерилерден), олардың оқу-танымдық құзыреттілігін түрлі дамыту бағыттары бойынша жетістіктері көрініс табады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет