1. Биологиялық және экологиялық процестер мен жүйелерді талдаудың ақпараттық тәсілдері


Цифрлық білім ресурстарға қойылатын жалпы педагогикалық талаптардың 6 түрі бар олар



бет12/27
Дата16.12.2022
өлшемі1,81 Mb.
#57705
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27
Байланысты:
1. Биологиялы ж не экологиялы процестер мен ж йелерді талдауды

Цифрлық білім ресурстарға қойылатын жалпы педагогикалық талаптардың 6 түрі бар олар:
1)Ғылымилық қағида бойынша:
* оқу материалының мазмұнын баяндаудың ғылыми дұрыстығы;
* пайдаланылатын терминологиялардың қазіргі заманғы түсіндірмелерге сәйкестігі;
* оқу материалын баяндау түсінікті, нақты, толық және қайшылықсыз болуы тиіс.
2)Түсініктілік қағидасы:
* оқу материалын оқушылардың нақты жас ерекшеліктеріне бейімді түрде ұсыну.
* оқушыларда парасаттық, адамгершілік, физикалық артық жүктемелердің болмауы.
3)Көрнекілік қағидасы бойынша:
* оқу материалын қабылдауға және қайта өңдеуге сезім мүшелерін мақсатқа лайықты қатыстыру;
* оқу материалын барынша көрінерлік ету.
4) Жүйелілік қағидасы бойынша:
* ЦБР-дың оқу процесінің белгілі бір құрылымдық құрамдас бөлігіне сәйкестігі: құлшыныстықмақсаттық; мағналы мазмұндық; операциялық іс әрекеттік немесе бағалаушылық нәтижелік .
5) Саналылық қағидасы мен интерактивтік бойынша:
* пайдаланушылар үшін оқу міндеттерінің айқын қойылымы.
* оқушылар мүддесіне тірек және ілім түрткілерін қалыптастыру.
* оқушылардың белсенді ақыл-ой іс-әрекетін ұйымдастыру.
* шынайы уақыт режімінде өзара әрекеттестікті және кері байланыстарды ұйымдастыру.
6) Теорияның практикамен байланыс қағидасы бойынша:
* оқу материалының практикалық бағдарланғыштығы.
* ЦБР-дың қоғам мен экономиканың қазіргі заманғы даму процесіне бағдарлануы.
39. Цифрлық білім беру ресурстарының бағыттары мен түрлері
Ақпаратты алу блогы: ғылыми-танымал мақалалар, қайнар көздерінің мәтіндері, оқулықтардың үзінділері, иллюстрациялар, анимациялар, басқа да мультимедия компоненттері, мультимедиялық сабақ-презентациялары.
Виртуальды галерея: бейнеүзінділер, анимациялар, нақты және синтездік бейнелер. Дыбыстық объектілер.
Виртуальды лаборатория: интербелсенді модельдер, интербелсенді анимациялар, виртуальды лаборатория.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет