Біріншілік ғылыми-техникалық ақпарат: Публикациялар, есеп беру және публикация мәртебесі жоқ басқа да құжаттар
Ғылыми-техникалық акпараттары бар және оны қолдануға сақтайтын нысанды ғылыми құжаттар деп атайды.
Біріншілік құжаттар мен басылымдар. Біріншілік және екіншілік құжаттар жарыққа шығарылатын және шығарылмайтын болып бөлінеді.
Біріншілік жарыққа шығарылатын құжаттар:
Кітаптар - периодты емес тексті баспа, көлемі 48 беттен көп.
Брошюра - қайталанбайтын тексті баспа, көлемі 4 беттен көп 48 беттен
артық емес.
Кітап пен брошюралар ақылы және ақысыз, тағы да, ғылыми, оқулық,
ресми-құжаттық, ғылыми-жалпыға түсінікті болып бөлінеді. Сол сияқты ғылым салалары мен ғылыми пәндер бойынша бөлінеді.
Шығарылмайтын біріншілік құжаттарға:
- ғылыми-техникалық есептер;
- депонирленген қолжазбалар;
- диссертациялар;
- конструкторлық құжаттар;
- ғылыми аудармалар;
- өткізілген ғылыми-техникалық конференциялар, съездер, симпозиумдар және семинарлар жайындағы ақпараттық хабарламалар.
42. Басылымдар мен ғылыми мақалаларды тіркеудің халықаралық
жүйелері. Биология саласы бойынша мектепке арналған журналдар
Басылым - әдеби шығарманың жарық көрген нұсқасы. Бірнеше рет жарық көрген шығарманың әр басылымның мәтінінде азды-көпті айырма болуы ықтимал. Сондықтан, шығарманы зерттегенде оның алғашқы және кейінгі басылымдарын салыстырады. Бұрынғы басылымдарды білу, салыстыра тексеру, әсіресе, текстологиялық зерттеу жүргізу үшін қажет. Мысалы, Абай шығармаларының 1909 жылы Санкт-Петербургте, 1916 жылы Орынборда, 1922 жылы Ташкентте, 1933 жылы Қызылордада, 1939 - 40, 1945, 1954, 1957, 1977, 1995 жылдары Алматыда шыққан басылымдары бар. Осылардың бірінде жоқ деректі бірінен табуға болады. Немесе, М.Әуезов шығармаларының көптеген жеке басылымдарын былай қойғанда, 12 томдық жинағы, кейінгі 20 томдық, 50 томдық жинақтары бар. Осындай басылымдардың ішінде алғашқы басылымның орны бөлек. Жаңалығы, дәлелді өзгертулері болса, кейінгі басылымдар да өзінше құнды болады. Жазушы шығармаларының ғылыми басылымдары арнайы текстологиялық зерттеулер негізінде дайындалып жарық көреді. Сонымен бірге ғылыми басылымда әртүрлі түсініктемелер, қосымша деректер, материалдар толығырақ қамтылады.
- Мақала материалдарын қазақ, орыс және ағылшын тілдеріне аудару үшін Интернет-ресурстың автоматтандырылған бағдарламаларын пайдалануға жол берілмейді.
- Мақаланы журналға жіберер алдында, материалдардың жалпы орфографиясын, тиісті терминдердің дұрыс жазылуын және жұмыс мәтіні мен сілтемелерді ресімдеуді мұқият тексеру қажет.
- Мақала осы талаптардың ең болмағанда біреуіне сәйкес келмеген жағдайда, редакциялық алқа оны қабылдамауға құқылы.
Достарыңызбен бөлісу: |