Компьютерлік графика — бұл оқушылардың нақтылы көзбен
көруін қажет ететін ақпараттық технологиялар аймағы. Сондықтан
компьютерде компьютерлік графиканың әртүрлі өнімдерін: бояулы суреттер, схемалар, сызбалар, диаграммалар, анимациялық және үш өлшемді графика үлгілерін көрсету өте маңызды.
Сонымен қатар, балалар жақсы көретін компьютерлік
ойындарында – күрделі графикалық интерфейстерболатынына
оқушылардың назарын аударған жөн. Компьютерде үш өлшемді шындық бейнені шығараруға арналған бағдарламада, математикалық есептеулер көп болады. Графиканы бағдарламалау – қазіргі заманғы
бағдарламалаудың ең күрделі аймағының бірі болып табылады.
Қолданбалы графикалық пакеттердің болуы,
пайдаланушылардың қалың тобына компьютерлік графиканы қолдану
мүмкіндіктерін кеңейткенін айта кету қажет.
Базалық курстың бұл бөлімінің теориялық мазмұнына,
компьютердің жадында бейнені ұсыну жатады. Бұл сұрақтарды оқыту
әдістемесі осы құралдың 6.4.1-бөлімінде талқыланды. Компьютерлік
графиканың
аппараттық құралдарын оқыту
6.4.2-бөлімінде
қарастырылды.
Қолданбалы бағдарламалық құралдар.Графикамен жұмыс
жасауға арналған көптеген қолданбалы бағдарламалар бар.
Компьютерлік графиканың әр саласына арналған өз бағдарламасы
болады. Мысалы, ғылыми деректерді өңдеу үшін Graher бағдарламасы
124
қолданылады; инженер-конструкторлар сызбаларды дайындау үшін
AutoCad пакетін пайдаланады, т.с.с.
Қандай болса да мамандандырылған бағыты жоқ, «ерікті сурет
салуға» немесе сканірленген бейнелерді редакциялаға арналған
қолданбалы бағдарламаларға «графикалық редактор» деген атау
қолданылады. Графикалық ақпаратты ұсынудың екі – растрлық және
векторлық принципіне сәйкес графикалық редакторлар – растрлық және векторлық деп бөлінеді.
Растрлық графика – бейнені пиксельдердің (нүктелердің)
матрицасы түрінде ұсынады.
Растрлық графикалық редакторлар көбіне фотосуреттерді
өңдеу, ретушь жасау үшін фотосуреттерге ұқсас иллюстрацияларды
және графикалық планшеттің көмегімен қолмен сурет салуға
ыңғайлы.
Қарапайым растрлық редакторлар қатарына PaintBrush және
Paint жатады (екіншісі біріншінің даму нәтижесінде пайда болды).
Растрлық Adobe Photoshop редакторын кәсіби дизайнерлер
қолданады. Оны көбінесе сканірленген бейнелерді (фотосуреттерді,
суреттердің репродукцияларын) редакциялау, коллаж, көркемөнер
композицияларды және т.б. жасау үшін пайдаланылады.
Векторлық графика – геометриялық қарапайымдарды:
сызықтарды, көпбұрыштарды, шеңберлерді және эллипстерді, Безье
қисықтарын пайдаланады.
Векторлық графикалық редакторлары пайдаланушыға тікелей
компьютер экранында векторлық бейнелерді жасауға және түзетуге,
сонымен қатар, оларды әртүрлі векторлық форматта (мысалы: CDR,
AI, EPS, WMF немесе SVG) сақтауға мүмкіндік береді.
Microsoft Windows операциялық жүйесіне бағыталған ең белгілі
графикалық редакторлар: Corel Draw, Adobe Illustrator, Macromedia
Free Hand.
Векторлық редакторлар беттерге белгі қоюды жасауға,
типографиялық бейнелерді, логотиптерді, sharp-edged artistic иллюстацияларын (мысалы, мультипликация, clip art, күрделі
геометриялық
шаблондар),
техникалық
иллюстрациялар,
диаграммаларды жасауға және блок-схемаларды құруға ыңғайлы.
Компьютерде кәсіптік сурет салу үшін де векторлық типті
редакторлар қолданылады. Олардың ішіндегі ең белгілісі ол
CorelDraw редакторы. Оның кәсіптік мүмкіндіктері өте мол, сонымен
қатар, балалардың көркемөнер шығармашылығы үшін де қолдануға
болатын кәсіби редактор.