1. Біздің заманымызға дейінгі жазу- сызулар мен аңыз- жырлар



бет129/177
Дата21.10.2022
өлшемі436,29 Kb.
#44732
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   177
Байланысты:
К К КІТАП ДЕБИЕТ (3)

Қ.Аманжоловтың әндері: («Туған жер»,»Жас дәурен», «Өзім туралы)
Қасымның өзі туралы жазған өлеңі: («Өзім туралы)
Өзге емес өзі туралы жырлаған ақын: (Қ.Аманжолов)
Өзіммен бірге өлмесін өлеңім деп,күніне мың ойланып,жүз толғанған ақын: (Қ.Аманжолов)
Қ.Аманжоловтың өзі «Сыр»деп атап,жас ұрпақпен ашық сөйлесіп,мақсат-мүддесін қуаныш-сүйінішін,сенімі мен дүдәмәлін ортаға салып сырласқан өлеңі: («Өзім туралы»)
Қ.Аманжоловтың іштей ойлану,толғану сыры сияқты,кейінге қалдырған аманат сөзіне ұқсайтын шығармасы: («Өзім туралы»)
Қ.Аманжоловтың өз өмірін ой елегінен өткізіп,өткенін таразылап,болашаққа үміт артқан шығармасы: («Өзім туралы»)
Өзге емес ,өзім айтам өз жайымда,
Жүрегім жалын атқан сөз дайында.
Тереңде тұнып жатқан дауыл күйді,
Тербетіп тулатып бір қалайын да...-Өзі жайлы тебірене жыр жазған ақын: (Қ.Аманжолов)
«Күніне жүз ойланып,мың толғанам,
Өзіммен бірге өлмесін өлеңім деп,»-деген жолдар алынған Қ.Аманжоловтың шығармасы: («Өзім туралы»)
«Сөзім-жыр,лебізім-күй,ерке едім,
Өз жерім,өз елімде еркеледім,»-деген үзінді алынған Қ.Аманжоловтың өлеңі: («Өзім туралы»)
«Дариға,сол қыз»өлеңінің авторы: (Қ.Аманжолов)
Қ.Аманжоловтың 12 буыннан жасалған «Өңімде ме еді,түсімде ме еді...»деп басталатын өлеңі : («Дариға,сол қыз»)
Өңімде ме еді,түсімде ме еді,
Көріп ем ғой бір армандай қызды.
Бір нәзік сәуле күлімдеп еді,
Сұрапыл соғыс соқты да бұзды...Кімнің қай өлеңінен алынған үзінді? (Қ.Аманжолов «Дариға, сол қыз»)
«Шықты бір қыз театардан,
Мойнында орман түлкі.
Шашын күзеп,қасын қырған,
Аузы-басы толған күлкі.»Қай өлеңнен алынған үзінді? («Бикеш»)
«Күлемін де жылаймын,
Жылаймын да күлемін.
Неге ғана бұлаймын,
Өзім ғана білемін» Қай ақынның өлеңінен үзінді?(Қ.Аманжолов)
«Келдім сені сағынып,
Алтын ұя-...
Кең көшеңде басар нық,
Мен бір ақын солдатың..» Қ.Аманжолов айтып отырған қай қала? (Алматым)
«Домбыра, мұнша шешен болдың неге?»-деп тамсана жырлаған ақынның шығармасы: (Қ.Аманжолов «Домбыра»)
Қ.Аманжоловтың «Қоңыр саз домбырадан ескен баяу»деген өлең жолындағы көркемдегіш құрал: (Метонимия)
Қ.Аманжоловтың драмалық дастаны: («Естай-Қорлығайын»)
Жалынды ақын,жауынгер Қасымның поэмасы: («Қытай қызы»)
Қ.Аманжоловтың поэмалары: («Құпия қыз», «Қытай қызы»)
Қ.Аманжоловтың Низамиден аударған шығармасы: («Ләйлі-Мәжнүн») (Т.Шевченко өлеңдері,А.Пушкин «Полтава»,М.Лермонтов «Маскарад»,А.Твардовский «Василий Теркин» т.б.
Қ.Аманжолов аударған қаламгерлер: (Пушкин,Байрон,Шевченко)
Қ.Аманжолов орыс халқының қай ақындарының шығармаларын аударған? (А.Пушкин «Полтава»,М.Лермонтов «Маскарад»,А.Твардовский «Василий Теркин»)
Қ.Аманжолов «Ақын өлімі туралы поэмасы: (1942-1943 ж.ж. Абдолла Жұмағалиевтің бастан кешкен оқиғасы)
Қ.Аманжолов поэмасына арқау болған ақын өміріне тән жауап: (Ұлы Отан соғысы қаһарманына айналған ақын)
Оттың ортасында тұрып,өлімнің өзін әнмен қарсы алған батыр қай шығармаға тән? («Ақын өлімі туралы аңыз»)
Ұлы Отан соғысында қаһармандықпен қаза болған талантты ақынның ерлігіне арналған поэма: ( «Ақын өлімі туралы аңыз»)
Абдолла Жұмағалиев өмірі қай шығармада кездеседі? ( «Ақын өлімі туралы аңыз»)
Қ.Аманжоловтың Ұлы Отан соғысында оққа ұшқан қазақ ақыны,майданда қапылыста мерт болған жан досы А.Жұмағалиев туралы жазған шығармасы: («Ақын өлімі туралы аңыз»)
Қ.Аманжолов «Ақын өлімі туралы аңыз» шығармасын жазған: (32жасында)
Күллі әлемнің ашу-кегі,
Орна менің кеудеме кеп!
Жау жолына атам сені,
Бомба бол да жарыл жүрек! Үзіндінің авторы,қай шығармадан алынған,кейіпкері:(Қ.Аманжолов, «Ақын өлімі туралы аңыз»,Абдолла Жұмағалиев туралы)
«Ұшты құстар шартарапқа,
Хабарлауға ер өлімін.
Ұмтылды жау таптамаққа,
Ең болмаса қалған күлін,»-деп ақын Қасым Аманжолов қай ердің өлімін айтып тұр? (А.Жұмағалиев)
«Өмір гүлін жаншып,таптап,
Шаштан сүйреп махаббатты,
Жерімізде жындай қаптап,
Найзаға іліп ар-ұятты,
Келе жатты сұр жендеттер,
Жиіркеніп,жиырылды жер,»-деген үзінді алынған Қ.Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасы кімге арналған? (А.Жұмағалиевке)
Сонау орман етегінде,
Жаланған от сатұр-сұтыр.
Қанды ізін қара түнге,
Көме тастап жаулар отыр...Үзінді алынған Қасымның поэмасы: («Ақын өлімі туралы аңыз»)
«Майдан етіп дүние төрін,
Темір,болат қақтап отқа.
Жекпе-жек кеп өмір,өлім,
Соққыласып жатқан жоқ па?»-деген үзінді алынған Қ.Аманжоловтың поэмасы: («Ақын өлімі туралы аңыз»)
Қасиетті күші ұлы Отанның,
Қанатын бер қыран құстың,
Ашуын бер арыстанның,
Жүрегін бер жолбарыстың!
Күллі әлемнің ашу-кегі,
Орна менің кеудеме кеп! Берілген үзінді қай шығармадан алынған,авторы: (Қ.Аманжолов «Ақын өлімі туралы аңыз»)
«Ақын өлімі туралы аңыздағы бас кейіпкердің сүйікті әні: («Қарғам-ау»)
«Мынау аспан,ай,жұлдыздар тұрғанда,
Қасым оты еш уақытта сөнбейді.
Жалынын ол бөліп беріп жылдарға,
Тек Қасымша алға құлаш сермейді...»деген өлең жолдарын Қасым Аманжоловқа арнаған кім? (СырбайМәуленов)
...Қасым жыры-көңіліміздің аса бір шадыман бақытты шағы»,-деген ақын: (Ә.Тәжібаев)
«Қасым ақын жанының бар толғауын,кек күшін,сезім тереңін түгел бере алған...»-деген пікір иесі: (Ғ.Мүсірепов)
Таным дерек
Абдолла Жұмағалиев (1915-1942)-ақын.Батыс Қазақстан обл,Сырым ауд,Жосалы ауылынды туған.1934 жылы алғашқы өлеңі жарық көрген. «Токиодағы дауыс», «шығыс қызы», «Асан қайғы туралы аңыз» поэмаларын жазды.Байрон,Низами,Тоқтағұл шығармаларын аударды.Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегері(1996ж)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   177




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет