Коллоквиумға дайындық. Кейбір пәндер бойынша курстың теориялық бөлімі қандай деңгейде меңгерілгенін бағалау үшін коллоквиум өткізіледі. Сондықтан коллоквиумда қойылатын сұрақтар жауабын қайталап, пысықтау керек.
Бақылау жұмысына дайындық. Бақылау жұмысын өткізудің мақсаты:
студенттің ағымдағы үлгерімін тексеру;
топ студенттерінің дайындығын анықтау;
үлгерімі нашар студенттермен жұмыс әдістемесін ұйымдастыру;
берілген тақырып бойынша теориялық материалды, есепті шығару формулалары мен әдістерін қайталауы;
әдебиеттерді, практикалық сабақта шығарылған есептер мен мысалдарды қайталап, еске түсіруі қажет.
Егер студент үнемі жүйелі түрде өткен материалдарды пысықтап отырса, бақылау жұмысына дайындық ешқандай қиындық туғызбайды.
Жобаларды орындау. Жобаларды орындауда кафедрамен берілетін әдістемелік нұсқауларға сүйену қажет:
тапсырманы қорғауға дайындықта, сол тақырыпқа сай теория негізін тексеріп және кейбір мәліметтер өзгере қалғанда, оның шешімін ойластырып қою.
тапсырманы орындауда қолданылатын әдісті жете түсіну;
тапсырма уақытында қорғалу қажет, кері жағдайда академиялық қарыз болып есептеледі.
Студенттің өзіндік жұмысына берілетін уақыт шектеулі, сондықтан алдын -ала орындау жоспарын жасап, өзіндік жұмыс әдістерін үйреніп, тәжірбиелерді меңгеру қажет және жұмысқа қабілеттілікті сақтау үшін демалыс уақытын дұрыс өткізген жөн. Сондықтан студенттің өзіндік жұмыс әдістерін үйренуіне кафедра мен әр оқытушының жауапкершілігі жоғары.