ІІІ.y=f(x+b) функциясының графигін y=f(x) функциясының графигінен Ох осінің бойымен b>0 болғанда, теріс бағытта, b<0 болғанда оң бағыттабірлікке параллель көшіру арқылы алуға болады.
3-мысал.функциясының графигін салайық. ІҮ. y=f(ax) функциясының графигін y=f(x) функциясының графигінен Ох осі бойымен б олғанда,есе рет сығу немесеболғанда,есе рет созу арқылы алады. Үй тапсырмасы: Мұнда әр студенттің білім деңгейі анықталады. А деңгейін шығара алмаған студенттер екінші деңгейге өтуге рұқсат етілмейді.
Бірінші болып шығарған студент тақтаға шығып, өзінің шығарған есебін барлығына түсіндіріп береді.
А деңгейлі а) y=x функциясының графигін қолданып, y=1/3x, y=-2x, y=x+2, y=3x-1 функцияларының графигін бір координаталық жазықтыққа салыңдар.
ә) y=-2x2, y=x2+1/2, y=-x2+5, y=3x2 функцияларының графигін бір координаталық жазықтыққа салыңдар.
В деңгейлі y=x3 функциясының графигін қолданып, y=f(x) функциясының графигін салыңдар:
а) f(x)=x3+4 ә) f(x)=-x3-3 б) f(x)=-2x3+1 в)f(x)=2(x-1)3-5
С деңгейлі a) y=2(3+x)2-5 функциясының графигін y=x2 функциясының графигінен қандай түрлендірулер жүргізу арқылы алуға болады?. Графигін салыңдар.
ә) Берілген функциялардың графиктерінің ортақ нүктелері болатынын графиктің көмегімен көрсетіңдер.
а) y=x2-2x және y= -1 ә) y=x2-5x+4 және y= -3/x
Тақырып 2. Функция қасиеттері.
Мақсаты: 1. Функцияның қасиеттерін зерттеуге есептер шығару дағдыларын қалыптастыру. 2. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ой түйіндеуге дағдыландыру, шапшаңдыққа, жинақылыққа баулу.
3.Адамгершілікке, ұқыптылыққа баулу, топпен жұмыс жасап, бір-бірін тыңдай білуге, көмектесуге үйрету, сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру.
Жоспары: Қызығушылығын ояту.
Өткен материалды қайталау.
Практикалық бөлім, Топпен жұмыс.
Тақтаға үш сарапшы ОӘЖА( оқу әрекетінің жинақталған амалдары) кестесі бойынша өткен тақырыптарды түсіндіреді.
Терминологиялық дұрыс сөйлеуге көңіл аударылады. Өткен тақырып бойынша мынадай сұрақтарға түсініктеме беріледі. 1.Функцияның анықталу облысы, мәндер жиыны 2.Функцияның нөлдері 3. Функцияның ең кіші оң периодын табу 4. Функцияның таңба тұрақтылық аралықтары 5. Функцияның өспелі, кемімелі аралықтары 6.Функцияның экстремумдары 7.Функцияның тақтығы, жұптығы
Сынып үш деңгейлік тапсырма алады. ТКШ-АКШ-ЖКШ.
Тапсырма: ТКШ.
АКШ
ЖКШ.
Функцияның ең кіші оң периодын табыңдар: у=3cos 4x Функцияның анықталу облысын табыңдар: f(x)= ,
Функцияның таңба тұрақтылық аралықтарын табыңдар: у=
Жауабы:
Жауабы:
(- ;2) және ( 2;+ )
Жауабы:
Өсу аралығы ( -10; + )
Кему аралығы: (- ;-10)
Жұмыс аяқталған соң дәптерлер алмастырылады, «Қолдағы қаламсап – бұл қателік» бұйрығы беріледі. Жұмыстың аяқталуы 5+30 формуласы бойынша. Деңгейлік тапсырманы орындау мүмкіншілігіне қарай сынып үш топқа бөлінеді.
Альфа: ТКШ-АКШ-ЖКШ. Әр қатардың І нұсқасына отырады.
Бета: АКШ-ТКШ. Әр қатардың ІІ нұсқасына отырады
Гамма: ТКШ. Қалған орындарға отырады