1 Бөлім. Психологиядағы ұлттық сананы қалыптастыру контекстіндегі тұлға 1-тақырып. Психологияға кіріспе


Тақырып 8 Психологиялық коррекция және тұлғаны дамыту, психологиялық қызметтің функциясы ретінде



бет43/52
Дата16.09.2022
өлшемі251,8 Kb.
#39282
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   52
Байланысты:
1 Б лім. Психологияда ы лтты сананы алыптастыру контекстіндег

Тақырып 8 Психологиялық коррекция және тұлғаны дамыту, психологиялық қызметтің функциясы ретінде
Құқық қорғау органдарында практикалық психологтардың міндеттеріне психологиялық тәсілдер көмегімен зерттеленушіге психологиялық көмек көрсету болып табылады.
Адамға психологиялық әсер ету келесі тәсілдер арқылы жүзеге асырылады- «психотерапия», «психологиялық коррекция», «тұлғаны дамыту».
Психотерапия (грек сөзінен аударғанда. psyche — жан және therapeia — емдеу) яғни жанды емдеу деген мағынаны білдіреді. Түсiндiрмелердiң алуантүрлері болса да, екі ықпал қарастырылады: клиникалық және психологиялық.. Бірінші ықпалда психотерапия емдеу әдістері туралы ғылыми білімдер аймағы ретінде қарастырылады. Бұл әдістер көмегімен психикалық және соматикалық іс-әрекет аймағында организмнің күйіне әсер етуі зерттеленеді. Екінші ықпал негізінде, психотерапия көмегімен адамдарға психологиялық тәсілдер көмегімен кәсіби көмек көрсетіледі. Яғни психологиялық проблема туындаған кезде психотерапевт адам оны дос және ұстаз ретінде қабылдай бастайды. Психотерапиялық қызмет келесі шарттарды алдына қояды:
-жоғары психологиялық білім (медициналық білім бөлек болып табылады);
-адамға жанашырлық , адалдық және ниет бiлдiру;
-туындаған қиын өмірлік және қызметтік проблемалардың жеңу жолдарын бірігіп іздестіру
Практикалық психологтар невроз, фобиялар және психосоматикалық көріністерді жою мәселелерді қарастырады.
Психологиялық коррекция тұлғаның толық дамуына бағытталған психологиялық әсер-ету процесі болып табылады.
«Тұлғаның дамуы» термині (тұлғалық өсу) әлеуметтік маңызды сапалардың қалыптасуын белгілейді және тұлғаның дамуына кедергі жасайтын психологиялық жағдайларды жояды.
Сонымен «психокоррекция» және «тұлғаның дамуы» пациентке әсер ету және психологиялық көмек көрсету мақсатымен келесі әрекетке ие болады: психикалық бұзылыстарды жою; мінез акцентуацияларын коррекциялау, кәсіби маңызды тұлғалық қасиеттерді дамыту (тұлғаның потенциалын дамыту).
Тұлғаның ішкі әлеміне психологиялық әсер ету ерекшеліктері теориялық позициямен анықталады. Бұл позицияны практикалық психолог таңдайды. Қазіргі таңда келесі теориялық ықпалдар қолданылады-психоаналитикалық (глубинная психология негізінде қалыптасты); мінез-құлықтық (үйрену трненингі және мінез-құлықты модификациялау бағдарламалары); гипносуггестия және өзін-өзі сендіру (аутотренинг); нейролингвистикалық бағдарламалау; гештальттерапия; экзистенционалдық-гуманисттік ықпал және клиент- терапия.
Психокоррекциялық жұмыстың эффективтілігі клиенттің қойылған проблемаға байланысты психологиялық көмек көрсету мақсатымен дұрыс адекватты әдістерді таңдау болып табылады




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет