5.Жаңа заман философиясындағы субстанция мәселесі
Декарт Рене (1596-1650 жж.). Ол философияның, физиканың, математиканың және физиологияның дамуына үлкен әсер етті. Декарт дуализм мен рационализмнің өкілі. Дедуктивтік - рационалистік таным әдісінің негізін қалады. Геометриялық оптиканы, аналитикалық геометрияны, координаттар жүйесін жасады, рефлекс идеясын ұсынды. Космологияда (дүниенің құрылымы), космогонияда (планеталардың пайда болуы және дамуы), физика және физиологияда Декарт материалист. Ол дүниенің өздігінен жаралғанын, оның объективті даму заңдылықтарының бар екенін, бірақ олардың механикаға негізделгенін айтты. Психологияда, таным теориясында ол идеалист - «Мен ойлаймын, олай болса өмір сүремін»[2] (Cogito, ergo zum) - деген қағидаға сүйенеді:
1. Әлемде адамға түсініксіз көптеген заттар мен құбылыстар өмір сүреді. Олар бар ма? Олардың қасиеті қандай? Мысалы, Құдай бар ма? Дүние әлемінің шегі бар ма?
2. Қай затқа, қай құбылысқа күмән келтірмеуге болады? Қоршаған орта өмір сүре ме? Күн жарқырай ма? Жан мәңгілік пе?
3. Олай болатын болса, тек күмәндану анық факт және оны дәлелдің еш қажеті жоқ.
4. Күмәндану ─ ойдың қасиеті, демек шын өмір сүретін адам күмәнданады, ойлай алады, яғни адам күмәндана ойлайды.
5. Сондықтан ойлау болмыстың да, танымның да негізі. Ол ақыл-ойдың жұмысы, олай болса, болмыс пен таным тек ақыл-ойда бар.
Декарт болмыс проблемасын зерттеу барысында болмыстың мәнін сипаттайтын ұғымды шығаруға тырысады, оны субстанциядеп атайды. Субстанция- ішкі бірлігі жағынан қаралатын объективтік шындық, қозғалыс формалары біртұтас, үздіксіз дамып отыратын материя. Субстанция – дүниеде бардың бәрі, өз өмірінде басқаға еш сүйенбейді, тек өз-өзіне ғана тәуелді. Ең жоғарғы субстанция – Құдай, ал жаратылған субстанциялар оның туындысы, яғни екіншілер және оған тәуелді. Материалдық (заттар) субстанциясының қасиеттері:
Негізгі қасиеті - ұзындығы. Ол материалдық субстанцияларға тән жалпы белгі, кеңістікке көсілуі (ені, биіктігі, тереңдігі, т.б) және шексіз бөлінуі.
Модустар (лат modus- өлшем, тәсіл) түпнегізден, субстанциядан туындайтын қасиет. Кеңістікте - форма, қозғалыс, тұратын орын. Адамды - сезім, ықлас, түйсік. Адамның жаратылған субстанция ретіндегі сипаты: бір-бірінен айырмашылығы бар екі субстанциядан - материалдық (дене, кеңістік) және руханидан (ойлайтын) тұрады. Жалғыз тіршілік иесінде адамда ғана екі субстанция бірігеді, бұл оған табиғаттан жоғарғы көтерілуге рұқсат етеді. Барлық рухани субстанциялардың түп негіздік қасиеті - ойлау.
Декарттың көзқарасы бойынша философияның «негізгі мәселесінің» шешілуіне байланысты не бірінші - материя немесе сана деген пікір таласының жөні жоқ. Олар әр уақытта бірге өмір сүреді және біртұтас болмыстың әртүрлі көрінісі. Бұл дуалистік ілім. Дуализм - дүниенің негізі бір-біріне бағынбайтын тепе-тең екі нәрседен – Рух пен материядан басталады деп, материализм мен идеализмді үйлестіруге тырысатын ағым.
Декарт ақыл-ой сезімдік түйсінуге мұқтаж емес, себебі рационалдық ойлаумен заттарды, құбылыстарды «туа біткен идеяларға» сүйеніп тануға болады дейді. «Туа біткен идея» түсінігінде Құдай, сан мен фигура, дене құрылым, ұзындық және ырық идеясы жатады. Бұл теорияның мәні: көптеген білімге дедукция арқылы жетеміз және білімнің ерекше түрі бар, ол қандай да болсын дәлелдеуді керек етпейді. Берілген білім бастан-ақ ақиқат, ең айқын және анық болады. Бұл - Құдай, адамның ақыл-ойында, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Декарт философиясы өз идеяларымен кейінгі философияға өте зор ықпал жасап, техниканың дамуына жол ашты
Бенедикт (Барух) Спиноза (1632-1677) – европалық рационализмнің көрнекті өкілі, Р. Декарт ілімін жалғастырушы, Жаңа Заманғы жетілдірілген, толық және негізделген философиялық жүйенің авторы.
Спинозаның философиялық зерттеулерінің пәні:
1.субстанция мәселесі;
2.таным теориясы;
3.этика сұрақтары, бостандық және қажеттілік мәселелері.
Спинозаның философиядағы маңызды үлесі – болмыс мәні қарастырылатын субстанция теориясын жасауында. Негізіне Декарттың субстанция туралы теориясы алынғанымен, өзі онымен келіскенімен. Спиноза Декарттың теориясының кемшіліктерін жойын, өз жүйесін қалыптастыруға тырысты. Спиноза Декарттың субстанция туралы теориясының басты кемшілігі – оның дуализмінде деп санады. Ондағы қайшылық – өз тіршілігі үшін өзгені қажет етпейтін мән болғандарына қарамастан барлық субстанцияларды жаратқан. Жалғыз және Ең жоғарғы Ең ақиқат субстанция - Құдай болып, барлық басқа субстанциялар оған тікелей тәуелді болуында. Субстанциялардың өзара тәуелсіздігі мен олардың бәрінің бір мезгілде басқа субстанцияға – Құдайға жаппай, бірдей тәуелділігіне.
Бұл қайшылықты Спиноза өзінің біртұтас субстанция туралы ілімінде шешуге тырысты. Спиноза теориясының мәні мынада:
1.жоғарғы субстанция – Құдай мен Ол жаратқан субстанциялар арасында айырмашылық жоқ;
2.барлығын, бүкіл тіршілікті өзі қамтып жатқан бір ғана субстанция бар;
3.ол субстанция Табиғат пен Құдайды қатар қамтиды;
4.Табиғат – Құдай – бір;
5.Табиғаттан тысқары немесе Табиғаттан жоғары тұрған Құдай жоқ;
6.Құдай Табиғаттың ішінде;
7.Тек біртұтас Табиғат + Құдай ғана жарата алады;
8.«Жаратушы әлем» біртұтас Табиғат + Құдай – «жаратылған дүниені» - жеке заттарды жасайды;
9.жеке заттар өз бетінше тіршілік етпейді, ол біртұтас субстанцияның – Табиғат + Құдайдың «модустары» - көріністері ғана;
10.модустар тіршілігінің сыртқы көрінісі – біртұтас субстанция (Табиғат + Құдай), модустар. Оған бүтіндей тәуелді. Модустар кеңістікте және уақтта қозғалады, олардың тіршілігінің басы мен аяғы бар.
Г.Лейбниц (1646-1716) – немістің математик-ғалымы, заңгер, философ – Жаңа Заман философиясының соңғы көрнекті өкілі және неміс классикалық философиясының ізашары. Негізгі еңбектері: «Монадология», «Адамның ақыл – ойы туралы жаңа тәжірибелер».
Лейбниц философиядағы рационалистік бағытты жақтады. Оның философиялық зерттеулерінің негізгі мәселелері:
1.Субстанция;
2.Таным.
Лейбниц Декарт пен Спинозаның субстанция туралы теорияларын зерттей келіп олардың жетілмегендігі туралы қорытындыға келді:
Лейбниц Декарттың дуализмін қабылдамады:
1.Біріншіден, барлық субстанциялардың (өз тіршілігі үшін өзінен басқаны қажет етпейтін) жоғары субстанция – Құдайға және ол жаратқан өзара тәуелсіз субстанцияларға;
2.Екіншіден, жаратылған субстанциялардың дәйекті және рухани (ойлайтын) болып бөлінуі.
Спинозаның барлық субстанцияларды біреуге – Табиғат-Құдайға біріктіруі Декарттың дуализмін жойған жоқ, өйткені, ол барлық модустарды екі топқа жіктеді – дәйекті және ойлаушы. Яғни Декартта екі түрлі сбутсанция түрінде берілетін схема Спиноза философиясында бір субстанцияның модустарының көріністері түрінде беріледі.
Декарт пен Спиноза философиясына керісінше, Лейбниц монадалар туралы теория (субстанциялардың көптігі туралы) ұсынды.
Лейбниц монадологиясының негізгі қағидалары:
1.Бүкіл дүние көп санды субстанциядан құралған, субстанциялардың табиғаты дуалистік (Декарт пен Спинозада екіұдай) емес;
2.Ол субстанциялар монадалар деп аталады (греу тілінен аударғанда «бір», «біреу»);
3.Монада қарапайым, бөлінбейді, дәйекті емес, материалды-заттық құрылым емес;
4.Монадологияның 4 сапасы бар: ұмтылыс;
әуестену;
қабылдау;
елестету.
5.Мәні бойынша монада – өз жағынан үздіксіз өзгертетін, ьіртұтас әрекет.
6.Өзінің үздіксіздігіне байланысты монада өзін-өзі сезінеді;
7.Монадалар абсолютті тұйық және бір-біріне тәуелсіз (Лейбниц пікірінше: бір нәрсе кіретін, бір нәрсе шығатын терезелері жоқ).
Барлық монадаларды Лейбниц 4 топқа жіктейді:
1.«жалаңаш монадалар» - неорганикалық табиғат монадалары (тастар, жер, пайдалы қазбалар);
2.Жануарлар монадалары – түйсікке және жетілмеген өзндік санаға ие;
3.Адам (жан) монадалары – санаға, еске, ойлау қабілетіне ие;
4.Жоғарғы монада – Құдай.
Монада класы жоғары болған сайын оның пайымдылығы мен бостандық деңгейі де жоғары. Болмыс мәселелері, субстанциялар (монадалар) туралы іліммен қатар Лейбництің философиялық қызуғышылықтарының келесі саласы гносеология (таным философиясы) болды
6.Дәріс тақырыбы: Таным және шығармашылық. Танымның қалыптасқан тарихи түрлері.
2.Оқу нәтижелері:Білім беру стейкхолдерлерін біріктіретін инновациялық идеяларға дербес бастама жасай алады
3.Дәріс жоспары:
1.Таным философиялық мәселе ретінде
2.Әртүрлі философиялык концепциялардағы білім мәнінің анықтамалары
3.Таным обьектісі мен субьектісі.
4.Таным мүмкіндіктері мен шекаралары
5.Дүниенің түбегейлі танылуы мәселесі:танымдық оптимизм, скептицизм және агностицизм
1.Милет мектебінің натурфилософиясы және скифтік Анахарсистің скептицизмі. Д.Юмнің скептицизмі. И.Канттың классикалық агноцистизмі
2.Г.Гегельдің диалектикалық методы және батыс еуропалық гносеологиядағы оның маңызы
3.К.Ясперстің «Мен адамилық адамилық деңгейлердің концепциясы», К.Поппердің «субьектсіз» эпистемологиясы.Ақиқат пен адасу. Білім, ақиқатттылық және жалғандық. Қазіргі Қазақстан жаңғыру аясындағы білім культі.
4.Ақиқаттың әртүрлі тұжырымдамалары.Ақиқат және оның критерйлері.
5.Сезімдік таным және рационалдық таным. Философиядағы эмпирикалық дәстүр. Таным құралы. Эмпирикалық және теориялық таным.
1.Милет мектебінің натурфилософиясы және скифтік Анахарсистің скептицизмі. Д.Юмнің скептицизмі. И.Канттың классикалық агноцистизмі
2.Г.Гегельдің диалектикалық методы және батыс еуропалық гносеологиядағы оның маңызы
3.К.Ясперстің «Мен адамилық адамилық деңгейлердің концепциясы», К.Поппердің «субьектсіз» эпистемологиясы.Ақиқат пен адасу. Білім, ақиқатттылық және жалғандық. Қазіргі Қазақстан жаңғыру аясындағы білім культі.
4.Ақиқаттың әртүрлі тұжырымдамалары.Ақиқат және оның критерйлері.
5.Сезімдік таным және рационалдық таным. Философиядағы эмпирикалық дәстүр.
Таным құралы. Эмпирикалық және теориялық таным.
4.Дәріс тезистері:
Достарыңызбен бөлісу: |