1. Дамуында ауытқулары бар тұлғаларға басты еуропалық қоғам мен мемлекеттердің қатынасының даму тарихы


Арнайы білім беруде тәрбие әдістері



бет8/36
Дата22.12.2023
өлшемі155,36 Kb.
#142805
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   36
9. Арнайы білім беруде тәрбие әдістері.
Арнаулы білім беру жүйесі – мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың арнайы білім алуы үшін жағдай жасаудағы мектепке дейінгі, жалпы және кәсіптік білім беру.
Арнайы педагогикадағы тәрбие процесі күрделі түрде өтеді. Сондықтан білім беру жүйесіндегі қабылданған жалпы міндеттерді ғана шешуді емес, мүмкіндігі шектеулі балалар категориясының жалпы дамуын қамтамасыз етудегі коммуникативті қабілет, тәртіп нормалары, тұлғалық қасиеттерін қамтамасыз етуі керек. Арнайы білім беру жүйесіндегі тәрбие процесі әр оқушының жеке даму ерекшелігін есепке ала отырып, жеке түрде жүзеге асады. Соңғы уақытта шет мемлекеттерінде тәрбиеге әлеуметтенуіне бағытталған коррекциялық-педагогикалық іс-әрекет «терапия» терминімен анықталады. Осы мағынадағы «терапия» түсінігі тәрбиеленушінің әлеуметтенуіне бағытталған коррекциялық-педагогикалық әрекеттер жүйесі.
Тәрбие әдістерін дәстүрлі түрде 3 топқа бөледі:
1. Ақпараттық әдістер: әңгімелесу, кеңес беру, әдебиет пен бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану, қоршаған ортадан мысалдар келтіру, экскурссиялар және кездесулер өткізу;
2. Практикалық әрекеттік әдістер: үйрету, жаттығу, бағындыру, ойын әрекеті, еңбек іс-әрекеті, бейнелеу әрекеті. Осының ішіне дәстүрден тыс жаңа әдістер де кіреді: арттерапия, иппотерапия, музыкатерапия т.б.
3. Ынталандыру-бағындыру әдістері: педагогикалық талап, мадақтау, мақтау, жазалау.
Оқыту әдістері сияқты тәрбие әдістерінің қолдануда өзерекшелігі бар. Педагог тәрбие әдістерді іріктеу және қолдану барысында баланың жас ерекшелігін, жеке қасиеттерін есепке алады.
Кейбір кең таралған әдістеріне қысқаша тоқталайық:
Жаттығу әдісі тұрақты түрдегі әлеуметтік тәртіп нормаларын, санитарлық-гигиеналық және тұрмыстық-шаруашылық дағдыларды, іскерлікті қалыптастыруда қолданылады.
Бағалау әдістері (мадақтау және жазалау) практикалық әрекет түрінде, сөздік түрінде баланы мадақтау сөздерімен қолданылады.
Жазалау әдістері балаға қарсы тұру, аяқ астынан қимылдар жасау арқылы емес, бала әрекетіне риза болмаушылық кездегі көзкарастың өзгерісі, басты шайқау, риза болмаушылық кейіп танытумен қолданылады. Жасы өскен сайын балаға сөгіс жариялау қолданылады. Жеткіншектік шақтағы аталған тәрбие әдістері шынайы түрде әңгімелесу, кездесулер ұйымдастыру, кеңес беру, өнерге баулу, әдебиеттер оку, сенім білдіру, талқылау түрінде жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет