1. Дамуында ауытқулары бар тұлғаларға басты еуропалық қоғам мен мемлекеттердің қатынасының даму тарихы


Арнайы оқытуда түзетушілік жұмысты қамтамасыз ету жағдайлары



бет9/36
Дата22.12.2023
өлшемі155,36 Kb.
#142805
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   36
10. Арнайы оқытуда түзетушілік жұмысты қамтамасыз ету жағдайлары
Мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту процесінде қалыпты балаларды оқытуда пайдаланатын дәстүрлі әдістер жеткіліксіз. Сол себепте арнайы - өзгеше құрал тәсілдерді пайдалану қажеттілігі өзекті мәселе.
Арнайы білім беруде мұғалімнің сөйлеу тілінен басқа да түрлері пайдаланылады, мысалы, естуінде ауытқуы бар балаларды оқытуда қажетті дактильді сөйлеу тілі мен жест арқылы сөйлеу.
Дактильді сөйлеу қол саусақтары бейнелейтің әріптер (дактилема) арқылы қарым қатынас.
Жест арқылы сөйлесу жүйесінің құрамы күрделі келеді. Бұл жұйе екі түрін ажыратады: сөйлесу және калькалық яғни басқа тілдің үлгісімен сөз жасау. Жест арқылы сөйлесу ресми түрде пайдаланбайды, тек қарым қатынам құқралы ретінде жүреді. Калькалық жест сөйлеунде әр жест бір сөзді білдіреді, ал сөйлемдегі сөз реті қалыпты сөйлем құрамы сияқты.
Естуінде аутқуы бар тұлғаларға ақпарат жеткізудің тағы да бір құралы – ауызша сөйлеу тілін көру арқылы қабылдау, арнайы әдебиеттерде еріннен оқу деп айтылады. Бұл қосымша құрал нашар естийтін тұлғаларға есту арқылы қабылдауын жеңілдетеді, ал естімейтін тұлғар үшін зақымдалған есту қабілеттің орнын толықтыру қызметін атқарыды.
Кейбір ауыр жағдайларда пиктографиялық жазу да пайдаланады, әсіресе тірек-қимыл-қозғалысындағы терең кемістіктермен қатар сөйлеу тілінде ауытқушылықтар болған кезде (Блисс жүйесі сияқты).
Сонымен арнайы оқытудың негізгі мақсатына қол жеткізу үшін түрлі әдіс-тәсіл жүйесін пайдалану қажет. Оқыту әдістері арнайы оқытуда кешенді пайдаланады және олар нақты оқушыларға тиімді болуы мұғалімнің білік пен шеберлегіне тәуелді.
11.Медициналық әлеуметтік- педагогикалық патронаж.
Патронаж - дегеніміз балаға оның ата-анасы мен оқытушыларына ерекше кемек көрсету, баланың өмірін сақтау, қалпына келтіру, емдеу, арнайы оқыту, тәрбиелеу және коғамға бейімдеу мәселелерін шешу бағытында арнайы көмек түрі.
Медициналық-әлеуметтік-педагогикалық патронаж баланың отбасына қолдау мен көмек көрсетудегі ұзаққа созылған реабилитациялық түрдегі кешенді жұмыстарды жүргізудің кешенін құрайды. Ол диагностикалау жұмыстарының бірлігін, ізденушілік, ақпарат тарату жұмыстарының біртұтастығын, көмек көрсету жұмыстарына тандау жасаудағы болжамдық, жеке реабилитациялық жұмыс бағдарламаларын құруды қарастырады.
Медициналық-әлеуметтік-педагогикалық (кешенді) патронажды құру мемлекеттік білім беру жүйесі мен әлеуметтік қорғау мекемелерінің көлемінде психологиялық-педагогикалық, медициналық-әлеуметтік мекемелер мен бөлімдер арқылы жүзеге асады. Мемлекеттік құрылымдардың қызметін толықтыра отырып мүмкіндігі шектеулі балалардың дамуын қамтамасыз етудегі әлеуметтік қызмет түрлерін ұйымдастырады.
Медициналық-әлеуметтік-педагогикалық қолдаудың базалық негізі психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру орындары, психологиялық-медициналық- әлеуметтік орталықтар, диагностикалық және реабилитациялық орталықтар, логопедиялық пункттер, ерте көмек көрсету және үй жағдайында оқытуды жүзеге асырушы органдар болып табылады. Медициналық-әлеуметтік-педагогикалық патронаждың жүйесі арнаулы білім беру жүйесінің бөлімі ретінде қалыптасып, мүмкіндігі шектеулі бала дамуының потенциалдық мүмкіндіктерін арттыруға жағдай жасайды.
Кешенді түрдегі медициналық-әлеуметтік-педагогикалық патронаж өзінің әрекет ету координациясын ғылыми-әдістемелік мекемелер мен басқа да білім беру құрылымдарымен, халықтың денсаулығын сақтау және нығайту, әлеуметтік қолдау жұмыстарымен байланыстыру негізіне болжам жасайды. Медициналық-әлеуметтік-педагогикалық патронаждың атқаратын қызметінің тиімділігін көрсететін негізгі өлшемдер мыналар:
- ата-аналар, педагогтар мен балалар тарапынан патронаттық қызмет түрлерінің қажеттілігі;
- білікті мамандар көрсете білетін қызмет түрлерінің көбеюі;
- мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың қатарындағы дамуға қабілетті мүгедектердің санының артуы;
- отбасы ішілік қатынастардың қалыпқа түсуі;
- қүзіреттіліктің педагогтар арасында ғана емес ата-аналар арасында да артуы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет