Конпенсация - организмдегі жетілмеген немесе бүзылған функционалдық әрекеттерді қалпына келтіру. Бүл өте күрделі, үзақ, жан - жақты роцесс.
Деффект - физиологиялық жэне психологиялық ауытқуы немесе бүзылу.
8. Арнайы педагогиканың клиникалық ерекшеліктері. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың қайсысы болмасын медициналық көмекті қажет етеді. Кез келген медициналық көмек диагностикалаудан - кемшіліктердің патологиялық белгілері мен оның себебін анықтаудан басталады. Медициналық тексеру жұмысы емдеу шараларының қандай
да бір мүмкіндігіне байланысты (дәрі-дәрмекпен емдеу, емдік дене шынықтыру арқылы емдеу, оперативтік емдеу) анықталады. Арнайы педагогика медициналық жолмен орындалған емдеу жұмыстарының жетістіктерін басшылыққа ала отырып, адамның білім алуына, еңбекке араласуына, тұлғаның жалпы дамуына көмектеседі.
Арнайы педагогика ғылымы адам биологиясы, медицина, оның салалары, адам анатомиясы мен физиологиясы, нейропсихология, психиатрия, офтальмология, ортопедия, педиатрия, фонартрия, сурдология ғылымдарымен тығыз байланыса отырып, аталған ғылым салалары арнайы педагогиканың клиникалық негіздерін айқындауымызға көмектеседі. Арнайы педагогиканың клиникалық негіздері психологиялық-педагогикалық диагностика мен жеке кор-
рекциялық-дамыту бағдарламаларын құру барысында маңызды бола отырып, мынадай жағдайларды анықтауымызға мүмкіндік береді:
- дамудағы кемшіліктің биологиялық және әлеуметтік себептерін айқындауға;
- организмде болған жағымсыз әсерлердің мәнін анықтауға;
- мүмкіндігі шектеулі тұлғаның кемшілікке (жетіспеушілікке) ұшыраған органдарының ерекшеліктерін түсінуге;
- сақталған анализаторлардың көмегімен дамудағы кемшіліктерді компенсациялаудың жолдарын анықтауға;
- арнайы педагогикалық жүйелер мен арнайы педагогиканың ішкі байланыстар жүйесіндегі педагогикалық классификацияларды құруға;
- кәсіби білім көлемінде педагогикалық құралдардың көмегімен дамудағы кемшілікті алдын алу жұмысын ұйымдастыруға;
- ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларды тәрбиелеуде коррекциялық-білім берупроцесі мен медициналық, психологиялық қолдау жұмыстарын үйлесімді түрде ұйымдастыруға.