2. Бақылау ортасы.
Бақылау ортасы – бұл субъект басшылары мен иелерінің бақылауға деген жалпы қатынасын білдіретін шаралар мен реттемелер жиынтығынан тұрады және ішкі бақылау жүйесін негізін қалыптастырады.
Бақылау ортасы келесідей компоненттерден тұрады:
экономикалық субъектіні басқару стилі;
экономикалық субъектінің ұйымдық құрылымы;
қызметтік міндеттер мен өкілеттіктерді бөлу;
бақылаушы қызмет және ішкі аудит;
кадрлық саясат.
3. Бақылау құралдары. Бақылауды тиімді және сенімді басқару үшін шаруашылық қызметі процесінде экономикалық субъект қызметкерлері қолданатын процедуралар болып табылады. Оларды бақылау әдістері деп те атайды. Олар сан алуан және оның қызметіне тән ерекшеліктермен анықталады. Бақылау құралдарының ең көп тараған түрлеріне жатады:
Мүлікті түгендеу және бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес шаруашылық субъектілерінің міндеттемелері;
Басшы мен бас бухгалтердің не басқа өкілетті адамдардың құжаттарындағы өкім шығарушы қолдары;
Бухгалтерлік жазбаларды қарама қарсы тексеру;
Есеп айырысуларды ішкі және сыртқы салыстырулар;
Құжат айналымын ұйымдастыру, оның ішінде құрылатын құжаттарды тегіс нөмірлеу, арнаулы журналдарға құжаттарды тіркеу, құжаттарды кітапша ету, сақтау және архивке қою;
Сыртқы көздерден алынған ақпаратты бақылау мақсаттарына пайдалану;
Шаруашылық субъектілері активтеріне рұқсатсыз қол жеткізуді шектеуге бағытталған шараларды қабылдау;
Субъектінің қаржы шаруашылық қызметінің көрсеткіштерін талдау.
Басшылықтың ішкі бақылауды ұйымдастыруға жауапкершілігі. Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жөніндегі» заң актісіне сәйкес «Операциялар мен оқиғаларды орындау кезінде заңның орындалуы мен ұйымның бухгалтерлік есебін ұйымдастыруға басшылық жауапты болады». Ішкі бақылау жүйесінің субъект қызметі көлемі мен ерекшелігіне сай келуі, оның ретімен және тиімді жұмыс істеуі соған байланысты.
Тиімді бақылаудың алғы шарты ұйымдық құрылым болуында болып табылады. Осы құрылым қаншалықты, толық және бірлескен болса, бақылау тиімділігі соғұрлым жоғары болады. Экономикалық субъект қызметіне қатысушы әр қызметкердің жауапкершілігін орнатып, оның оқу мен аттестациясын ұйымдастыру қажет. Осының бәрі еңбек шарттарында, кадрлар туралы ережелерде және т.б. көрсетілуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |