1-деңгей 16. Белгіленген мақсаттарға байланысты шығындарды жіктеуге жүйелеңіз


-деңгей 16. Бақылау қызметін құрудың нұсқалары және оның ұйымдағы орнын кәсіпорын құрылымы табыңыз



бет4/10
Дата18.12.2023
өлшемі32,36 Kb.
#140666
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
контроллинг 16-20

2-деңгей
16. Бақылау қызметін құрудың нұсқалары және оның ұйымдағы орнын кәсіпорын құрылымы табыңыз
Ұйым негізгі жүйе ретінде екі саладан - басқару саласынан (басқару субъектісі) және басқарылатын саладан (басқару объектісі) тұрады. Басқарылатын салаларға: техника мен технология; өндірісті ұйымдастыру; еңбекті ұйымдастыру; ұйымның жұмыскерлерінің арасындағы өндірістік қатынастар экономикасы; ұйымның халықаралық байланыстары; коллективтің әлеуметтік еңбек қатынастарының жағдайы; табиғатты пайдалану жатады.
Ұйымның ішкі бақылау жүйесі келесідей элементтерден тұрады:

1. Ұйымның бухгалтерлік есеп жүйесі. Бухгалтерлік қызметтің міндеті жедел басшылықпен басқару, сонымен қатар қаржылық есеп стандарттарына сәйкес инвесторлар, жеткізушілер, сатып алушылар, қарыз берушілер, мемлекеттік органдар, банктер мен басқа мүдделі адамдар пайдалануы үшін қаржылық жағдай туралы толық және нақты ақпаратты қалыптастыруды қамтамасыз ету болып табылады. Бухгалтерлік есеп міндеттерінің бірі қаржылық есеп беруді ішкі және сыртқы пайдаланушыларға субъект қызметі мен оның мүліктік жағдайы туралы толық және нақтылы ақпаратты қалыптастыру болып табылады.


Бақылау жүйесі ұйым қызметінің барлық қаржы шаруашылық қызметі мен оның активтері бойынша ақпараттың сақталуын қамтамасыз ету мен сенімділігін дәлелдеуге арналған. Ақпаратты сақтау бастапқы құжаттарды, шоттарды, банктерді және басқаларды нөмірлеумен қамтамасыз етіледі. Бұл арнайы журналдарда касса ордерлерін, төлем тапсырмасын, сенім хаттарды, шот фактураларды және басқаларды міндетті нөмірлеу және тіркеу» болып табылады. Жалпы алғанда бақылау жүйесіне мыналарды жатқызуға болады:

Ішкі бақылау компанияларға активтер сақталуын қамтамасыз етуге және кәсіпорындағы істердің жағдайы туралы басшылар мен меншік иелерінің хабардар болуы үшін қажет. Бұл бақылау бағдарламаларын орнату және орындау бойынша шаралар мен іс қағаздарын жүргізу жағдайымен қамтамасыз етіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет