1-деңгей Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы


Оқушылардың үлгермеушілігі және онымен жұмыс түрлеріне сипаттама



бет53/90
Дата18.12.2023
өлшемі281,06 Kb.
#140417
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   90
Байланысты:
дид ответы акмарал

20.Оқушылардың үлгермеушілігі және онымен жұмыс түрлеріне сипаттама
Оқудағы диагностика мен үлгермеушілікті жою немесе алдын алу мақсатында төмен үлгерімге әкеп соқтыратын, танымдық қызметтің төмен деңгейін анықтайтын бүкіл себептер кешенінің қалай пайда болғанын бөліп қарау өте маңызды. Себебі, танымдық қызметтің өнімділігі ең әуелі ой дамуы-ның деңгейіне тікелей байланысты, оның негізгі компоненттерінің қалыптас-пауы әдетте үлгермеушіліктің басты себебі болып табылады. Үлгермеушіліктің алғышарты ретінде қай компоненттің бөлінгеніне қарай үлгермеушілердің екі түрін ажыратуға болады: педагогикалық босаңсыған оқушылар және cауаты төмен білім алушылар.
Алғашқы түріне «минималды норма» талаптарына сай келмейтін, педагогикалық қолайсыз жағдайлар тудыратын бай емес білім қоры үлгермеушілікке негіз қалайтын оқушылар жатады.
Екінші түріне үлгермеушілігі әлеуметтік (оның ішінде педагогикалық), сондай-ақ, биологиялық факторлардың кері ықпалына байланысты оқушылар жатады.
Сауаты төмен оқушылар.Бұл топқа жататын балалардың педагогикалық тұрғыдан босаңсуы төмен сауаттылықпен, яғни танымдық қызметке қажетті ойлау қасиеттерінің кері қалыптасуымен тікелей үндесіп жатады. Алдымен ақылдың осындай кері қасиеттерін сипаттап, содан соң оларды туғызатын себептерге тоқталайық.
Ойлау деңгейінің ат үстілігі – ақыл тереңдігіне қарама-қарсы қасиет. Ол екеуінің арасындағы кездейсоқ байланыстарды анықтауда сыртқы, бірыңғай белгілердің бөлінуінен айқын көрініс табады, мұның өзі олардың үйлесім-ділігінің төмен деңгейін көрсетеді. Мәселен, рычагтардың тепе-теңдігіне байланысты практикалық тапсырмаларды шешуде үстіртін ойлайтын оқушылар тепе-теңдік жағдайларын анықтау үшін кездейсоқ түскен детальдарды негізгі деп ажыратып отырған. Олардың пікірінше, тепе-теңдік тек оң жағында жүк тұрғанда ғана қалыптаспақ. Мұндай жағдайда ғылыми терминдерді қолдану қиынға соғатыны белгілі. Алтыншы сыныптың оқушылары «иық» сөзін «жең» деген сөзбен ауыстырып, өздерінің сөздік қорларына жаңа терминді енгізуден қашқақтаған. Ат үсті ойлайтын оқушылар құл бейнесін сипаттау кезінде басты белгілері деп оның арықтығын, нашар киім киетінін алға тартып, құлиелену-шінің бейнесі мүлде қайшы дегеннен әрі аса алмайды.
Педагогикалық босаңсыған оқушылардың сипаты. Психикалық дамуы кешеуілдеген балалар орталық жүйке жүйесіндегі кейбір ауытқушылықтардың салдарынан көрнекі-образды ойлаумен қатар сөзді-логикалық ойлауы баяу дамыған балалар болып табылады. Жақында ғана ажыратылған осы топтағы білім алушылар өздеріне психологтардың назарын ғана емес, дефектологтардың да назарын аудартты. 5 мыңнан астам балаларды қамтыған тұрақты үлгерімі төмен оқушыларды арнайы зерттеу жұмысы олардың жартысына дерлігінің осы топқа жатқызылатынын көрсетті. Көпшілік мектептерде білім алу жағдайларында мұндай оқушылар бағдарламадағы материалдарды табысты меңгере алмайды. Сонымен бірге, арнайы түзету жұмыстарын жүргізу барысында олардың бағдарламаны игере алатыны анық-талған. Осы жағы оларды ақыл-есінің дамуы кешеуілдеген балалар – олигоф-рендерден ажыратады, себебі олигофрендер қосалқы мектептерде білім алады.Педагогикалық босаңсуды қолайсыз әлеуметтік-педагогикалық жағдайлар тудырады. Ол жағдайлар қажетті білім қорының жинақталмауына әкеп соқты-рады. Егер осы жағдайлар жастық дамудың тым ересек кезеңінде қалыптасса, педагогикалық босаңсу негізі қалануы мүмкін.Дегенмен, мұндай типтегі оқушылардың арасында кейде жоғары үлгерімді балалар да кездесіп жатады




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет