1-деңгей Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы


Оқытудың кіріктірілген (интегративтік) технологиясы



бет62/90
Дата18.12.2023
өлшемі281,06 Kb.
#140417
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   90
Байланысты:
дид ответы акмарал

29.Оқытудың кіріктірілген (интегративтік) технологиясы
«Интегративті оқыту әдістемесі».
Оқушы танымын кеңейтіп, нақты бір ғылым саласына баулып, дамытатын факторлардың бірі – сабақты тиімді технологиямен өткізу. Осы орайда интегративті оқыту технологиясының маңызы зор. «Интеграция» ұғымы «interer» біртұтас, бүтін деген мағынаны білдіреді. Оқытудағы пәнаралық, ғылым-аралық интеграция оқушылардың жас ерекшелігі мен қабылдайтын ұғымдарының көлеміне қарай артып отырады. Жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқыту әдістемесінде көптеген шешімін таппаған мәселелер бар. Солардың бірі -интеграция мәселесі. Оған бағдарламаны құрастырудағы ұқсас және ортақ ұғымдарды кіріктіру, оқытудың әдістерін, түрлерін, формаларын тиімді ұйымдастыру жатады. Интегративті оқыту технологиясы деп – тұтас білім беруде бұрыннан белгілі біртекті және әралуан компоненттердің басын біріктіруге негізделген оқыту үрдісі. Интергативті әдістердің басты функциялары:

  1. Әдіснамалық

  2. Кіріктірушілік

  3. Қалыптастырушылық

. Себебі интерактивті оқытудың басты мақсатының өзі сол- оқушыларды өз бетінше ой қорытып, жауап таратуға үйрету.
Интерактивті әдістеме өзара қарым-қатынастың мол ауқымын қамтиды.
Оқу процесінің барысында оқушылар мыналармен қарым-қатынасқа түседі:
оқытушымен (оқушылар оқытушының сұрағына жауап берген кезде);
шақырылған адамдармен (немесе топ оқушыларының өздері әлдебір ұйымдар мен адамдарға баруы мүмкін);
өзге оқушылармен (бірігіп жұмыс істеу барысында);
шағын топтармен (3-5 оқушымен);
оқушылардың үлкен тобымен (көбіне пікірталас, топ болып әлдебір мәселені талқылау барысында);
оқушылардың тобымен және халықпен (топ әлеуметтік сауалнама жүргізеді);
кейбір техника түрлерімен (мысалға компьютермен).
Топтың сандық құрамы оқудың немесе өзара қарым-қатынастың сапасын айқындамайды. «Өзара қарым-қатынас» әдісінің ерекшелігі- оқушы өзгелермен араласу барысында ашыла түсетін болады.
Оқытудың интерактивті әдістерінің артықшылығы

  • тұлғаның қызығушылығын туғызады;

  • әрқайсысының оқу процесіне қатысу белсенділігін кеңейтеді;

  • әрбір тұлғаның сезіміне назар аударады;

  • оқу материалдарын тиімді меңгеруге бейімдейді;

  • тұлғаға көпжоспарлы әрекет етуге әсер етеді;

  • тұлғаның пікірлері мен қарым-қатынастарын қалыптастырады;

  • мінез-құлықтың өзгеруіне көмектеседі.

Кіріктіру ұстанымының басты қағидасы – ғылыми-жаратылыстану және қоғамдық гуманитарлық білімдерді жеке білім аймағында шартты түрде қарастыра отырып, оқушыларға әлемнің біртұтастығы жайлы ғылыми-синтездік білім беру болып табылады.
Бүгінгі жапппай қолданылып жүрген жаңа технологияның өзі кіріктірілген болып саналады. Қазіргі педагогикалық технологияда пәнаралық байланыс кіріктірілген білім берудің моделі болып саналады. Пәнаралық байланыс оқытудың кешенді жүйесін құрай отырып, әртүрлі білім салаларының ортақ тақырыптарын, кейде ортақ элемент, бөлім, дәйек, теория, ұғым заңдарды біріктіріп, құрылымдық және ғылыми-мазмұнды блоктар жасайды. Оқытудың жаңа технологиясы — оқытудың тиімді әдіс — тәсілдерін қолдануды, оқытудың әр түрлі әдістері мен формаларын біріктіруді, оқу материалын тиімді пайдалануды, оқудың сапасына білім мен біліктілікті жүйелеуді жүзеге асырады.Оқытудың жаңа педагогикалық технологиясы — оқытуды ізгілендіру, өзін-өзі дамытып, тәрбиелей білетін, заман ағымына ілесе алатын кәсіби, білікті, жан-жақты жеке тұлға қалыптастыруды мақсат етеді. Оқушылардың кәсіби білім сапасын арттырумен бірге өз қабілетіне қарап, өзін-өзі дамыта отырып, өзіне сын көзбен қарауға мүмкіндік береді. Танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық қабілетін дамытады. Қазіргі таңда Зияткерлік мектептердің білім беру бағдарламасы ұлттық және халықаралық тәжірибелердің ең үздік үлгілерін кіріктіруді көздейді
Оқу пәндерінің бірігуі төмендегі шарттарға байланысты:
- зерттеу нысандарына сәйкес келуі немесе өзара жақын болуы;
- кіріктірілген оқу пәндерінде зерттеу әдістерінің бірегейлігі немесе ұқсастығы;
- кіріктірілген оқу пәндерінің жалпы заңдылық, жалпы теориялық тұжырым негізінде құрылуы.
Осы арқылы бір дидактикалық мақсатқа негізделген оқу бағдарламаларын жасауға болады. Пәнаралық байланыс құрамдық функционалдық талдау әдісіне сүйенеді, ол әдіс белгілі бір құбылысты тұтастай құрылымдық-бөлшектеу арқылы зерттейді, осы арқылы әрбір элементтің функционалды арнаулы қызметі қарастырылады және кіріктіріліп отырған екі (одан көп) пәннің құрылымдық элементтері анықталады (мөлшері, тақырыбы, бөлімі, дәйегі, ұғымы, заңы, теориясы) т.б. Нәтижесінде жалпы білім беретін пәндердің матрицасы қүрылады. Әрбір пән оқушыға қажет білім, білік, дағды қалыптастырса да, оқушы жеке тұлға ретінде өзін-өзі танытуда. өз мақсатына жету жолында жалпы өмір тәжірибесінде жинақталған әмбебап білім, білік пен дағдыға сүйенеді. Бұл жалпы құзіреттілікке алып келеді. Жүргізілген сараптамалар нәтижесі гимназиялардың оқу жоспарының 48 пайызы танымдық – ақпараттық құзырлылықты қалыптастыратынын көрсеткен.
Пәнаралық байланыс пен оқушы бойында жалпы құзіреттілікті қалыптастыруда тікелей байланыс бар. Оқу бағдарламаларында әр пәннің қалыптастыратын білім, білік, дағды мөлшері жеке анықталса да, тұлғаның өмір сүру аймағында олар өзара байланысты құзіреттілікке ие болады. Өйткені оқушы өмірлік мәселелермен кездескенде, әрбір пәннен алған білімін саралап жатпай, бойындағы интегративті білімнің кең, жалпы әлуеті мен дағдысын пайдаланады.
Ұлы Абайдың «Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі – көкірегі байлаулы берік болуы керек; екінші сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтләну (үлгі) керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; төртінші ой-кеселді нәрселерден қашық болу керек» деген пікірінде оқушының жалпы құзіреттілігін қалыптастыру мәселесі жатыр. Яғни оқушы ақыл (таным) арқылы ғылымды игереді. Ғылымды игеру үшін ол тек қабылдаушы ғана емес, өзінің танымдық қызметін ретке келтіруші, танымдық үрдістің өн бойында және оның нәтижесінде рефлексия жасаушы дәрежесіне көтеріледі.
Кіріктіру – ХХІ ғасыр талабы. Кіріктіру – бұл бір оқу мазмұнының әр түрлі саладағы жан-жақты білімдермен тоғысуы, бір-бірімен араласып кетуі. Кіріктірілген сабақтар оқушыға әлем туралы, заттар мен құбылыстардың өзара байланыстары туралы біртұтас мағлұмат береді, олар құрылысы бойынша белгілі қалыпқа сыймайды, сондай-ақ, оқу сағаттарын барынша үнемді пайдалануға мүмкіндік береді. Осы тектес сабақтарда оқушылардың бейнелі ой-өрісі дамып, пәннің жалпы мазмұнын өмірмен байланыстыру арқылы шығармашылық мүмкіндіктері ашылады. Кіріктірілген сабақтардың құрылымы нақтылығымен, сыйымдылығымен, орамдылығымен, сабақтың әр сатысындағы оқу материалының логикалық өзара келісімімен, материалдың зор ақпараттық мүмкіндігімен ерекшеленеді. Оқу үрдісінде пәндерді кіріктіре оқыту: -ерекше дарынды оқушыларға мәнді де саналы оқуға;
- сабақ құрылымында проблемалық жағдайлар үлесін ұлғайтуға;
- жеке тұлғаның зерттеушілік типін қалыптастыратын оқушының ойлау әрекетін белсендіруге;-оқушыға бір мезгілде әрекетті орындауда барлық мақсат қоюдан нәтижеге дейінгі барлық процесіне бақылау жасауға;
-білім берушілік, дамытушылық және танымдық үшбірлікті ұстаздың шексіз шығармашылығы тұрғысынан жүзеге асыруға;-сабақтың ақпараттық сыйымдылығын арттыруға;-оқушылардың уәждемесін арттыруға, олардың оқу-танымдық әрекетін белсендіруге, шаршағандары мен қажуларын азайтуға;
-сабақ үрдісінде өтілетін тақырыптың адам және қоғам өмірімен тікелей байланысына мән беруге;-оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытуға;
- олардың алған білімдерін өмірде қолдана білулеріне көмектеседі.
Кіріктірілген білім негізінде оқушылардың білімі критериалды бағаланады. Критериалды бағалау дегеніміз – оқушының білімі мен білігін алдын ала белгіленген оқу жетістіктерімен салыстыра оқыту, соның негізінде оқушыны бағалау. Критериалды бағалау кезінде алдын-ала бағалау шкаласы белгіленіп, оқушының алдына соған жету жоспары қойылады. Бағалаудың мұндай жүйесі білім алушының кемшіліктерін өзіне түзетуіне мүмкіндік береді, оқушының өзін-өзі және өзгені бақылауына, бағалауына мүмкіндік туғызады, бағаның айқындылығын, адалдығын сақтайды, оқушының сабақ үрдісінде өткен тақырыпты қалай түсінгендігін мұғалімге күнделікті саралап отыруына жағдай жасайды. Осының барлығының негізінде мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс бағалаудың жалпы негізін ашады. Яғни, критериалды бағалау оқыту – тәрбиелеу, дамыту, ынталандыру төрттігін басшылыққа алады




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет