1-деңгей Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы


Оқыту құралдары. Оқыту құралдары -



бет15/90
Дата18.12.2023
өлшемі281,06 Kb.
#140417
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   90
Байланысты:
дид ответы акмарал

Оқыту құралдары. Оқыту құралдары - білім алу, іскерлікті жасау көзі. Олар: көрнекі құралдар, оқулықтар, дидактикалық материалдар, техникалық оқыту құралдары, станоктар, оқу кабинеттері, зертханалар, ЭЕМ және ТВ, нақты объектілер, өндіріс, құрылыс.



  1. Оқу кітаптар

  • оқулықтар,есептер, жинағы, сөздіктер, анықтамалар

  1. Көрнекілік

  • кестелер, сызбалар, чертеждер, суреттер, құралдар, фотосуреттер, альбомдар, тарихи, эконо-лықгеографиялық, карталар т.б

  1. Техникалық
    үнтаспа, компьютер, құралдар, бейнетаспа, телеарна



9. Оқытудың инновациялық технологиялары
Қазіргі таңда, яғни ХХІ ғасырда жан-жақты, зерделі, талантты, адамгершілігі мол жеке тұлғаны қалыптастыру маңызды саналады. Қазақстандағы әрбір ұрпақтың келешекте дүниенің төрт түкпірінде бәсекеге қабілетті, құзіреттілігі жоғары маман болуы шарт екендігін Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде қадап айтып келеді. Өркениетке бет бұрған жастар - болашақтың тірегі. Осыған орай білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. білім мен ғылымның мемлекет дамуына оңтайлы әсер етуі үшін дүниежүзілік кеңістікке ену, білім беруді демократияландыру, оқыту жүйесін заман талабына сай жаңартып отыр, оны бір-бірімен үйлестіре алу да басты мақсат. Осы тұрғыда, Елбасымыз Қазақстан халқына Жолдауында 10 бағыт бойынша іске асырылуы тиіс міндеттерді, оның ішінде адам капиталының сапалы өсуі ретінде білім берудің тиімді жүйесін құру, яғни оқу процесінде оқытудың заманауи тәсілдері мен технологияларын енгізу қажеттігін айтады. Сәйкесінше, білімге, білім беру жүйесіне, оны жүзеге асыратын педагог мамандарға қойылатын талаптарда тереңдейді. Жүсіпбек Аймаутов: "Сабақ беру - үйреншікті жай ғана нәрсе емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер", - деген екен. Сол себепті, мұғалім білім берудің тиімді жолдарын қарастыра білуге, оны дұрыс таңдай білуге міндетті.
Жоғарыда аталған мақсат-міндеттерді орындау үшін, білім, білік, дағдысы қалыптасқан мамандарды дайындау барысында атқарылатын барлық жұмыстар өзгереді. Атап айтсақ, білім беру мазмұны, тенденциялар,білім беру мадельдері барлығы өзгеріске түсіп, жаңаша бағытта өрбиді. Ал бұл өзгерістер педагогикада жаңа инновациялық технологиялардың пайда болуымен сабақтасады.
Оқытудың дәстүрлі "білім-тексеру-бағалау" түрлері біртіндеп білім берудің инновациялық технологияларына ауысуда.
"Инновация" ұғымын қарастырсақ, оған әртүрлі анықтамалар беріледі. Мысалы, Э.Раджерс инновацияны былайша түсіндіреді: "Инновация - нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея".
Инновация дегеніміз - жаңа мазмұнды ұйымдастыру, ал жаңалық енгізу дегеніміз - тек қана жаңалық енгізу, ұйымдастыру, яғни инновациялық үрдісті мазмұнды дамыту, жаңаны ұйымдастыру, қалыптастыруды анықтайды, ал "жаңаша" деп жаңаның мазмұны, оны енгізудің әдіс-тәсіл мен технологияларын қамтитын құбылысты айтады.
Жалпы, педагогикалық инновация дегеніміз - бұл білім беру жүйесін жақсарту негізінде білім беру ортасында тұрақты элементтерді ендіретін, мақсатты өзгеріске бағытталған педагогикалық жаңалықты енгізу.
Оқу процесіндегі негізгі инновациялық технологиялар:
• Кейс - технология.
• Web – технология.
• Коммуникациялық технология.
• Ақпараттық технология.
• Интерактивтік әдіс технологиясы.
• Мультимедиа технологиясы.
• Телекоммуникация немесе электронды оқыту технологиясы.
Инновациялық педагогикалық технологияларды пайдалану оқу процесін сапалы түрлендіруге, жаңашыл жабаларды енгізуге, оны тиімді басқаруға негіз болып, қзіндік даму жолын табуға, әрбір мұғалімнің өзінің әдістемелік жүйесін құруға септігін тигізеді. Қазіргі білім беру саласындағы озық технологияларын толық меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Бүгінгі таңда, өркендеп келе жатқан жаңа сипаттағы, қазір қолданылып жүрген технологиялар қатарына "Дамыта оқыту технологиясы", "Модульдік оқыту технологиясын", "Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясын", "Ойын арқылы оқыту технологиясын", "Проблемалық оқыту технологиясын", "Білім беруді ізгілендіру технологиясын" жатқызуға болады.
Инновациялық технологиялардың дәстүрлі оқыту технологиясынан ерекшелігі:
- білім алушы тұлғаның интеллектуалды дамауы аз уақыт ішінде қабылдау дәрежесінің жоғары мөлшеріне жетуіне бағытталғандығы;
- білім алушы мен мұғалімнің белсенділігінің сәйкес болуы;
-мұғалім мен білім алушының өзара қарым-қатынасында жауапкершіліктің міндеттілігі;
Оқытудың жаңа технологиясы іс-әрекеттің жоспарланған нәтижесіне жетудің шартты тәсілі ретінде қарастырылатын жаңа әдістердің жиынтығынан тұрады.
Жалпы оқыту әдістерінің бізге дейін қолданылып келген түрлері сан қилы. Олар оқытушы мен білім алушының өзара іс-әрекетінің сипатына қарай үш тапқа бөлінеді:
- Дәстүрлі (білімділік) оқыту түрі - бұл оқыту тәсілінде оқытушы белсенділік танытады, ал білім алушы дайын ақпаратты тыңдайды.
- Белсенді оқыту (проблемалық оқыту) - бұл оқыту тәсілінде оқытушы мен білім алушы арасында белсенді өзара іс-қимыл іске асырылады.
- Оқытудың интербелсенді (интерактивті) әдістері - бұл оқыту тәсілінде өзара іс-қимыл тек оқытушы мен білім алушы арасында ғана емес, сондай-ақ адам
өмірінен алынған жағдайлар негізінде құрастырылған проблемаларды шешу барысында іске асырылады.
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңында білім беру жүйесінің негізгі міндеті - баланың даралығын дамыту, тәрбиелеу және оқыту үшін жағдайлар жасау арқылы интелектісін байыту, бала тұлғасының рухани мүмкіндіктерін дамыту екндігі көрсетілген. Осы орайда, конструктивті білім беру әдісінің мақсатын білім беру жүйесінің міндетімен байланыстыруға болады. Конструктивті білім берудің мақсаты - білім алушының оған қажетті, ол үшін мәні бар іс-әрекет туралы айтылып жатқанын сезінуіне ықпал ету. Адам өзіне қажетті, өзі үшін мән мағынасы бар іс-әрекетке қызығады, соған ұмтылады. Сондықтан, конструктивті білімнің жүйесі әр адам үшін маңызды болып табылатын өмірлік проблеманың немесе проблемалар жиынтығының негізінде құралады.
Сырттай қарағанда, технологияның әдістемесі мен оқыту үдерісіндегі әдістемелік және технологиялық әдіс тәсілдер арасында қарама-қайшылық жоқ. Себебі, "оқытудың әдістемесі" ұғымы, "білім беру технологиясы" ұғымынан әлдеқайда кең. Дәлірек айтсақ, әдістеме "не үшін, неге, қалай оқыту керек?" -деген негізгі үш сұраққа жауап беруге тырысады. Ал, Технология болса, мақсат белгілі болып, оған жетудің нақты іс-әрекетін, жолдарын анықтауға қажет болады. Олай болса, технология әдістемелік процестің құрамына кіріп, әдістемені жүзеге асыруға қызмет етеді.
Қорыта айтқанда, мамандардың сапалы даярлануы және сабақтың тиімділігі оқытушының құзіреттілігімен, білім алушыларды қызықтыра білумен анықталады. Сабақтың тиімді әрі сапалы өтуі оқытудың белсенді және интербелсенді тәсілдерін тиімді қолдануға байланысты. Оқытудың бұл тәсілдерін қоладанып өткізілген сабақтарда білім алушылар оқу процесіне толығымен еніп, бір-бірімен іс-әрекет негізінде белсенді қатысады. Негізінен алып қарасақ, инновациялық технологиялардың қай түрін алсақ та, олардың тиімділігі, сапалы ұайымдастырылуы педагог мамандарға байланысты. Сондықтан, педагогтардан білім алушылардың ынтасын арттыру, олардан білім, білік, дағдысы қалыптасқан, бәсекеге қабілетті маман дайындап шығару және оны жүзеге асыруға сай іскерлік қабілет талап етіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет