1-деңгей Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы


 Оқыту әдістері, тәсілдері және құралдары, олардың өзара байланысы мен өзара шарттылығы



бет16/90
Дата18.12.2023
өлшемі281,06 Kb.
#140417
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   90
Байланысты:
дид ответы акмарал

10. Оқыту әдістері, тәсілдері және құралдары, олардың өзара байланысы мен өзара шарттылығы.
Оқыту әдістері бұл мұғалім мен оқушылардың оқу-тәрбие жұмысының міндеттерін шешуге бағытталған өзара байланысты іс-әрекетінің тәсілдері. Оқыту әдісі мақсатқа жетудің саналы түрде қолданылатын тәсілі, ал мақсатқа жету мұғалімнің шеберлігіне, оның оқыту процесін тиімді ұйымдастыра білуіне, оқушылардың даярлық дәрежесіне, мұғалім мен оқушылардың белсенділік педагогикалық ынтымақтастығына байланысты.«Оқыту әдісі» және «әдістемелік тәсіл» ұғымдары бір-бірімен тікелей байланысты. Әдістемелік тәсіл оқыту әдісінің элементі (компоненті, құрамды бөліктері). Мысалы, жеке сөздерді түсіндіру, суреттерді демонстрациялау т.б.«Әдіс» пен «тәсілдік» шекарасы өте жылжымалы құбылыс. Сондықтан олардың шекарасын анықтау өте қиын. Өйткені, әдіс кейде тәсілге, ал әдістемелік тәсіл оқыту әдісіне айналады.Егер мұғалім баяндау процесінде суреттерді демонстрациялап көрсетсе, онда демонстрация әдістемелік тәсілге жатады.Оқушылар зерттеу негізінде суреттермен танысып, тақырып бойынша нақты білім алса, онда суреттерді демонстрациялау әдіске, ал баяндау тәсілге жатады.Лабораториялық сабақтың мәнін және мағынасын анықтайтын әңгіме әдіс ретінде қолданылады. Егер оқушылар лабораториялық тапсырманы өз бетінше орындауға кіріссе, ал мұғалім сол дербес жұмыс процесінде тек әңгіме элементтерін қолданса, әңгіме тәсіл ретінде пайдаланылады.Оқыту әдістері бұл мұғалім мен оқушының оқу-тәрбие жұмысының міндеттерін ойдағыдай шешуге бағытталған өзара байланысты іс-әрекетінің тәсілі. Әдіс ұғымы мен құрал және тәсіл ұғымы байланысты.Неғұрлым кең мағынада құрал-жабдықтар әрекет қарулары дегенді білдіреді, яғни қандайда бір әрекеттің іске асуына көмектеседі.Оқыту құралдары мұғалімге оқытуға, ал оқушыларға оқуға, яғни, оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруға көмектесетін барлық жабдықтармен ақпарат көздері болып табылады.Оқыту құралдарына жататындар оқулықтар, оқу құралдары, кітаптар, оқу және лабораториялық құрал – жабдықтар, көрнекі құралдар т.б.
Сонымен тәсілдер оқыту әдістерінің құрамына кіреді, әдістің жүзеге асуына көмектеседі. Оқыту әдістерінің басты қызметі - оқыту, ынталандыру, дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет