1-деңгей Органикалық синтезі пәнінің мазмұны мен мақсаты


Органикалық синтезінің негізгі әдістерін үш топқа бөлуге болады



бет3/72
Дата23.09.2023
өлшемі5,06 Mb.
#110001
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72
Органикалық синтезінің негізгі әдістерін үш топқа бөлуге болады: 1) конструктивті, олар жаңа С—С байланыстарының түзілуіне әкеледі, мақсаты – келешек молекуланың қанқасын құрастыру (Гриньяр, Фридель-Крафтс реакциялары, циклоқосылу); 2) деструктивті, олар синтезде ролін ойнап болған топтың молекуладан аластату мақсатымен жүретін, белгілі С—С байланыстардың үзілуіне әкеледі (декарбоксилдеу, диолдардың тотығуы); 3) функциональді топтарды трансформациялау әдістері.
Дәріс материалдарын игергеннен кейін білуге қажетті негізгі түсініктер: органикалық қосылыстардың электронды эффектілер – индуктивті және мезомерлі, органикалық реакциялардың жіктелуі, органикалық қосылыстарды синтездеу әдістері.
4) Сүзіп алу (фильтрлеу) және центрифугалау
Фильтрлеу - кеуекті қалқа арқылы суспензияның қатты және сұйық фазасын өткізу арқылы бөлу. Фильтрлеудің - соңғы мақсаты қатты және сұйық фазаны алу. Фильтрлеу - фильтрлі қабырғаның екі жағынан құрылатын жылдамдығы қысымға пропорционал болып келетін гидродинамикалық процесс.
Фильтрлеу процесіне әсер ететін факторларды екі топқа бөлуге болады:
1. Макрофакторлар - қысым айырымы, тұнба қабығының қалыңдығы, сұйық фазаның тұтқырлығы және т.б. Бұл факторлар танымал және құралдар арқылы бақыланып отырады.
2. Микрофакторлар- фильтрлі қабырғаның, тұнба бөлшектерінің мөлшері және формасы, бөлшектердің жоғарғы жағындағы электрлік қабаттың қалыңдығы. Бұл факторлар көп зерттелмеген және оларды тек қосымша әдістер арқылы сипаттайды. Дәл осы микрофакторлар фильтрлеу процесіне әсер етіп, оларды масштабтауды қиындатады.
Центрифугалау - орталық күштің әсері арқылы біртекті емес жүйелердегі бөлу. Ол үшін әртүрлі конструкциялардың центрифугасы қолданылады.
Бөлуге жоғары әсері бар және тарельчатты барабаны бар центрифугалар сепаратор деп аталады. Микробиологиялық өндірісте сепараторлар кеңінен таралған. Сепараторлар тұнбаның 60-90% дейін ылғалдылығын ұстап тұра алады.
Соңғы жылдары сепаратордың сепарирлеу процесін автоматтырежимде жүргізетін арнайы герметикалық түрлері шыққан.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет