1-деңгей Сібір жарасы ауруының эпизоотологиялық мәліметтері, өту кезеңдері


Ауески ауруы туралы эпизоотологиялық мәліметтер, өту кезеңдері



бет77/131
Дата21.03.2022
өлшемі136,33 Kb.
#28521
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   131
29.Ауески ауруы туралы эпизоотологиялық мәліметтер, өту кезеңдері. Ауески ауруы – жіті өтетін, өкпе қабынған, орталық жүйке жүйесі зақымданған, шошқа, күзен және бұлғыннан басқа жануарларда денесі қышынған белгілерімен ерекшеленетін жұқпалы ауру.

Тарихи деректер. Ауруды бірінші рет 1902 ж сипаттап, құтырықтан ажыратқан венгер ғалымы А. Ауески. Әсіресе торайлар өте сезімтал, 80-90%-ға дейін қырылады. Ересек шошқалар төзімді, ал басқа жануарлардың жасы да, ересегі де, әдетте өліп қалады.

Қоздырушысы – Suid (alpha) herpesvirus 1 - құрамында ДНҚ бар герпес вирустар тұқымдастығына жататын, торшаның ядросында көбейетін вирус.

Төзімділігі жағынан оңшама ерекшелігі байқалмайды, 50-60°С кезінде 30- 45 минутта, тура түскен күн сәулесінен 6 сағатта, шашыранды күн сәулесінен 12-48 сағатта, ультракүлгін сәуледен 1 минутта зарарсызданады. Жемшөп пен көңде, топырақта және басқа заттарда қыста 21-60 күн, көктемде 35 күн, жазда 20 күнге дейін сақталады.

Табиғи жағдайда ауруға ең жиі шалдығатындар: шошқа, ит, мысық және синантропты кемірушілер. Сирек ауыратын жануарлар ірі қара мен терісі бағалы аңдар. Жұмыр тұяқтылар мен приматтар төзімді келеді де, табиғи жағдайда сирек ауырады. Кей жағдайда адам да ауырады.

Ауру қоздырушысының бастауы – ауырған жануарлар. Олар вирусты тұмсығынан, көзінен, қынаптан аққан сорамен, несеппен және сүтпен бірге бөліп шығарады. Бұл ауру сиыр, қой, ешкі, ит, мысықта өте ауыр өтеді де, әдетте ауырған жануар өледі. Ауески ауруының вирусын жұқтыру факторы қызметін ластанған жем, төсеніш, қора-жай, ет, өлексе атқарады. Ауру таратуд әсіресе тышқандар мен егеуқұйрықтар басты орын алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет