1-деңгей Сібір жарасы ауруының эпизоотологиялық мәліметтері, өту кезеңдері



бет83/131
Дата21.03.2022
өлшемі136,33 Kb.
#28521
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   131
35.Ауески ауруының күресу шаралары. Ауески ауруы – жіті өтетін, өкпе қабынған, орталық жүйке жүйесі зақымданған, шошқа, күзен және бұлғыннан басқа жануарларда денесі қышынған белгілерімен ерекшеленетін жұқпалы ауру. Қоздырушысы – Suid (alpha) herpesvirus 1 - құрамында ДНҚ бар герпес вирустар тұқымдастығына жататын, торшаның ядросында көбейетін вирус.

Ауруды дауалаудың манызды алғы шарты үй және жабайы жануарларды тегіс қамтитын жаппай жоспарлы індеттанулық бақылау жүргізу. Ауруды дауалаудағы ең басты шара кемірушілермен жүйелі түрде күрес жүргізу, иесіз бұралқы иттер мен мысықтарды жою.

Ауру қоздырушысын әкелмеу үжін асыл тұқымды малдар мен жемшөпті тек қана сау шаруашылықтардан ғана алу керек. Ауески ауруы, шыққан шаруашылықтарда ауру малдарды бөлек ұстап, гипериммундық сывороткамен немесе гаммаглобулинімен емдейді.

Ауру малмен аурудан күдіктенген малдар тұрған қора-жайды көң-қоқыстан тазартып, 2 проценттік күйдіргіш натриймен немесе хлорлы әктің 20%-тік ерітіндісімен дезинфекциялайды.

Ауру басылған сон, ауырып жазылған малды түгел әкеткеннен кейін, барлық сауықтыру шаралары орындалған соң карантинді шаруашылықтарда 15 күн өткен соң алады.

Карантин алынғаннан соң, бір жыл бойы шектеу сақталып, барлық жануарлар егіледі. Жас төлге вакцинация, ересек шошқаға ревакцинация жасалып, кемірушілер түгел құртылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет