1-деңгей Сібір жарасы ауруының эпизоотологиялық мәліметтері, өту кезеңдері


Ауески ауруының диагнозы және дифференциалдық диагнозы



бет81/131
Дата21.03.2022
өлшемі136,33 Kb.
#28521
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   131
33.Ауески ауруының диагнозы және дифференциалдық диагнозы. Ауески ауруы – жіті өтетін, өкпе қабынған, орталық жүйке жүйесі зақымданған, шошқа, күзен және бұлғыннан басқа жануарларда денесі қышынған белгілерімен ерекшеленетін жұқпалы ауру. Қоздырушысы – Suid (alpha) herpesvirus 1 - құрамында ДНҚ бар герпес вирустар тұқымдастығына жататын, торшаның ядросында көбейетін вирус.

Алдын-ала диагнозды індеттанулық және клиникалық белгілері, патанатомиялық тексерудің нәтижесі арқылы қояды. Аурудың басты белгісі – қышынып, терінің үйкелуі. Шошқа қышынбайды. Торайларда энцефалиттің белгілері, ал ересек шошқаларда тұмауратқан пневмонияның белгілері басым болады.

Түбегейлі диагноз зертханада міндетті түрде үй қояны мен жас мысыққа қойылатын биосынаманың нәтижесі бойынша, бактериологиялық тексерудің нәтижесін ескере отырып қойылады. Зертханаға ұсақ жануардың өлексесін тұтастай, ал ірі малдың басын немесе миын, ішкі ағзаларының (шошқаның міндетті түрде өкпесінің) кесінділерін және сөл түйіндерін жібереді. Жаздың күні материалды 50% глицеринмен немесе ас тұзының қаныққан ерітіндісімен консервілейді. Материалдан алынған суспензияны зертханалык жануарға бұлшық етіне жібергенде 3-5 күн өткенде елігіп, қасынып Ауески ауруына тән белгілер пайда болады.

Ажыратып балау. Барлық түліктерде құтырықтан, шошқада обадан, сальмонеллез, колибактериоз (домбығу ауруы), листериоз, тұмау, Тешен ауруы, пастереллез, ас тұзынан улану, авитаминоз, әр түрлі менингиттер мен энцефалиттен ажырату қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет