1-деңгей Сібір жарасы ауруының эпизоотологиялық мәліметтері, өту кезеңдері


Сальмонеллез ауруы туралы эпизоотологиялық мәліметтер, өту кезеңдері



бет84/131
Дата21.03.2022
өлшемі136,33 Kb.
#28521
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   131
Байланысты:
Зооантропаноздық аурулар сессия 5-курс

36.Сальмонеллез ауруы туралы эпизоотологиялық мәліметтер, өту кезеңдері. Сальмонеллез, немесе қылау, (Salmonellosis, паратиф) – жіті өткенде қызбамен және іш өтумен, ал созылмалы өткенде өкпенің қабынуымен ерекшеленетін төл ауруы.

Тарихи деректер. 1885 ж Сальмон мен Смит обадан өлген шошқаның өлексесінен микроб бөліп алып, оны Bact. suipestifer деп атады. 1934 ж халықаралық микробиологтар қоғамы бұл топтағы микробтарды сальмонеллалар деп, ал олар қоздыратын ауруды сальмонеллез деп атауды ұсынды. Аурудың ескі атауы – паратиф, қазақша байырғы атауы – қылау.

Қоздырушысы.Сальмонелла туыстастығын құрайтын бактериялар Enterobacteriaceae тұқымдастығына жатады. Қазіргі уақытта сальмонеллалардың 2000-нан астам серологиялық варианттары белгілі. Олардың барлықтары Salmonella туысына, Enterobacteriaceae тұқымдастығына жатады. Жануарлар патологиясында маңызды орын алатын сальмонеллалардың түрлері: бұзауларда – Salmonella enteritidis (dublin); торайларда– Salmonella choleraesuis (suipestifer); шошқаларда– Salmonella typhisuis; суда жүзетін құстарда – Salmonella typhimurium; буаз биелерді іш тастататын– Salmonella abortus equi; қойларда – Salmonella abortus ovis; құстарда– Salmonella pullorum (S.gallinarum).

Сальмонеллалар – ұштары дөңгеленген, ұзындығы 1-4 мкм, ені 0,3-0,8 мкм болатын ұсақ таяқша. Сыртқы ортада өте төзімді. Топырақта, көңде, суда 9-10 ай сақталады, 70-75°С-та 30 мин. қыздырғанда өледі.

Қылаумен барлық түліктердің төлдері ауырады. Бұзау 10 күндігінен 2 айлығына дейінгі аралықта, кейде одан да кейін, торай туа салысымен 4 айлығына дейін, әсіресе енесінен бөлген кезде, қозы туа салысымен, кейде есейгенде, құлын негізінен туғаннан соң бірінші апта ішіңде, ал кейде 3 аптадан 3 айлығына дейіңгі аралықта ауырады. Зертханалық жануарлардан ақ тышқан бейім, оны биосынама қою үшін пайдаланады.

Ауырған жас төл сальмонеллаларды нәжіспен, несеппен және мұрыннан аққан сорамен, сілекеймен бөліп шығарады. Бұл бөлінділер жемшөпті, суды, төсенішті, қорадағы әртүрлі заттарды ыластап, оларды аурудың жұқтыру факторларына айналдырады. Әртүрлі жәндіктер (шыбын, тарақан), кемірушілер (егеуқұйрық, тышқан) қоздырушыны тасымалдаушы қызметін атқарады. Бұзауға, қозыға және торайға ауру негізінен алиментарлық жолмен, сирегірек тыныс ағзалары арқылы жұғады, ал құлын кейде қозы тумай тұрып, жатырда ауру жұқтырады. Іштен ауру болып туған төл көп тұрмай бірер күн ішінде өліп қалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет