1-деңгей Сібір жарасы ауруының эпизоотологиялық мәліметтері, өту кезеңдері



бет108/131
Дата21.03.2022
өлшемі136,33 Kb.
#28521
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   131
18.Құс тұмауы ауруының патанатомиялық өзгерістері. Құстың тұмауы (Grippus avium, грипп птиц) – септицемия, домбығу, тыныс және ас қорыту мүшелерінің зақымдануымен ерекшеленетін жұғымтал ауру. Қоздырушысы – Influenza A influenzavirus - ортамиксовирустар туыстастығына жататын, құрамында РНҚ бар, сүтқоректілер мен құстарға ортақ тұмау вирусының А тобына жатады.

Аурдың ұзақтығына байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Негізінен жұтқыншақ, мойын, кеуде және аяқтарының тері астында қанталаған жалқақтар кездеседі. Тері астында, бұлшық еттерінде, жүрегінде, ішкі ағзаларында жаппай немесе жекелеген қанталаулар ұшырайды. Екінің бірінде ринит, фарингит және конъюктивит, одан да жиірек ішек – қарында қанталаулар байқалады.

Құстың тұмауы кезінде гастроэнтерит, перитонит, перикардит, бронхит, аэросаккулит, өкпенің домбығуы, ішкі ағзаларда қанның іркілуі, бұлшық еттердің көкшілденуі үнемі дерлік байқалады. әсіресе мида болатын өзгерістер: гемморагиялық менингит, шашыранды қанталау, ошақты домбығу, мидың босаңсуы осы ауруға тән.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет