39.Сальмонеллез ауруының патанатомиялық өзгерістері. Сальмонеллез, немесе қылау, (Salmonellosis, паратиф) – жіті өткенде қызбамен және іш өтумен, ал созылмалы өткенде өкпенің қабынуымен ерекшеленетін төл ауруы.
Сальмонеллез жіті өткенде барлық түліктің төлдерінде негізгі өзгерістер құрсақ қуысында байқалады. Кілегейлі және сірлі қабықтар қанталап, сөл түйіндері мен көк бауыр ұлғаяды. Бауыр мен бүйректе дегенерациялық өзгерістер байқалады, ішектер катарлы қабынуға ұшырайды.
Ауру жітіден төмен және созылмалы өтсе патологиялық-анатомиялық өзгерістер айқынырақ білінеді. Өлексе өте арық болады. Малдың барлық түліктерінің өкпесі қабынады.
Өкпеаралық және бронхалық сөл түйіндері үлкейіп, кейде іріміктелген сарғыш түсті өліеттенген ошақтар байқалады. Өкпенің қабынған тұстары көкірек қабырғасымен фибринді талшықтар арқылы жабысып қалады. Жүрек еттері болбырап, тіліп қарағанда сарғыш түсті. Эпикард пен эндокардтың астында шашыранды немесе жолақтанған қанталаулар кездеседі. Қылау созылмалы өткенде тоқ ішектің закымдануы күштірек болады да, сөл фоликулалары өліеттеніп, кілегейлі қабықтары қабыршықтанып (дифтериялы) қабынады.
Достарыңызбен бөлісу: |