1. Дәрілік препараттар өндірісін мемлекеттік нормалаудын негізгі багыттары. Нормативті кужаттар. Рецепт, аныктамасы, манызы, курылымы. Дәрілік препараттар өндірісін мемлекеттік нормалау


Жоғары молекулалық қосылыстардың молекулалық салмағына



Pdf көрінісі
бет22/39
Дата30.12.2023
өлшемі1,62 Mb.
#145127
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   39
Жоғары молекулалық қосылыстардың молекулалық салмағына 
байланысты қасиеттері:
ұшпайды, су буымен айдалмайды, тұтқырлығы 
өте жоғары, сыртқы факторлардың әсеріне сезімтал, жоғары 
температураның әсерінен ыдырайды. 
 
Коллоидты ерітінділер
- құрылымдық бірлігі мицелла деп аталатын 
молекулалар мен атомдар комплексі болып табылатын ультра- 
микрогетерогенді дәрілік түр. Коллоидты ерітінділер дисперстік фаза мен 
дисперстік ортадан тұрады. Дисперстік фаза бөлшектерінің өлшемдері 1 
нм- ден 100 нм-ге дейін (0,1 мкм - 0,001 мкм) болады. 
Колларгол ерітіндісін дайындау.
Технологиясы
: Фарфор келіге 0,2 г 
колларголды салып, тазартылған судың аз мөлшерін қосады. Содан соң 
келсаппен араластыра отырып, судың қалған мөлшерін қосады, керек 
болған жағдайда мақта арқылы қоңыр түсті құтыға сүзеді. Тығындап, 
безендіреді: негізгі этикетка «Сырт тәнге», ескерту этикеткалары 
«Балалардан сақта», «Жарықтан қорғалған жерде сақта». 
Протаргол ерітіндісін дайындау. Технологиясы:
Кең мойынды 
қосымша ыдысқа 200 мл тазартылған су құйып, судың бетіне жұқа қабат 
етіп протарголды себелейді. Толық еруі үшін 10-15 минут тыныштықта 
қалдырады. Сумен шектелген бөлігінде бөлшектердің біртіндеп ісінуі 
жүреді. Еріген препарат төменгі қабатқа түседі де, судың препаратқа 
өтуіне мүмкіндік жасайды. Шайқауға болмайды, себебі ол кезде протаргол 
жабысып, шайқау барысында түзілген көпіршік препарат бөлшектерін 
біріктіріп, пептизация процесін қиындатады. Ерітіндіні мақта немесе 
шыны фильтр арқылы сүзеді. Ескіру процесін болдырмау мақсатында 
протаргол ерітіндісі ex tempore дайындалады және қоңыр түсті құтыда 


босатылады, себебі жарықтың әсерінен препарат металдық күміске 
айналады және ерітінді қарайып кетеді. Ерітіндіні тығындап босатуға 
безендіреді: негізгі этикетка «Сырт тәнге», ескерту этикеткалары 
«Балалардан сақта», «Жарықтан қорғалған жерде сақта». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет