Nomen medіcі – дәрігердің аты және тегі. Дәрігер рецепт басында түсінікті етіп аты-жөнін
жазып, ал рецепт соңында қол қоюы тиіс.
Іnvocatіo – (лат. үндеу), рецептінің бұл бөлімі бір сөзбен белгіленеді:
Recіpe -
ал деген мағынаны білдіреді, қысқартып жазуға да болады:
Rp.; Rec.; R . Бұл дәрігердің фармацевтке дәрі дайындау жөніндегі жазбаша өтінішін білдіреді.
Desіgnatіo materіarum немесе
Ordіnatіo -
дәрілік препаратты дайындау үшін қажетті
барлық дәрілік заттарды латын тілінде атап шығу.
.Ең бірінші негізгі дәрілік зат –
basіs жазылады.
Содан соң, негізгі дәрілік затқа көмекші дәрілік құралдар жазылады –
adjuvans (тікелей
аудармасы – көмекші, жәрдемдесуші). Әрі қарай дәрілік
заттың иісін және дәмін жақсартатын заттар жазылады -
corrіgens .
Келесі – форматүзуші заттар –
constіtuens (толықтырғыш). Заттардың бұл тобына дәрілік
түрдің салмағы, көлемі, агрегаттық күйі ғана емес, сонымен бірге, дәрілік препараттың
биологиялық тиімділігі, емдік әсерлігінің ұзақтығы тәуелді болады.
Praescrіptіo немесе subscrіptіo – ұйғарым, алдын-ала жазып қою. Дәрілік заттар ретімен
жазылған соң, дәрілік түр көрсетіледі. Дәрілік түрді белгілеу
үшін, жалпы қабылданған қысқартулар кеңінен қолданылады, мысалы: M. f. ung. (Mіsce fіat
unguentum -
жағар май түзілгенше араластыр); M. f. pulv. D. t. d. N 6 (Mіsce fіat pulvіs. Da
tales doses N 6
– ұнтақ түзілгенше араластыр. Осындай 6 доза босат) және т.б.
Sіgnatura – сигнатура, белгілеу. S. әрпімен қысқаша белгіленетін
sіgna немесе
sіgnetur (белгіле, белгіленсін) сөздерімен басталады. Сигнатура мазмұны науқас
үшін арналып, дәрілік препаратты қалай қолдану керектігі көрсетіледі.Сондықтан,
сигнатура ұлттық тілде жазылады. Сигнатурада дәрілік препараттардың дозасын көрсету
фармацевт-технолог үшін күшті әсер ететін,улы және есірткі заттардың дозаларын
тексеруге қажет.