Бейсу ерітінділерінің технологиясы. Бейсу ерітінділерінің технологиясы:
1. еріту,
2. фильтрлеу,
3. орамдау,
4. безендіру сатыларынан тұрады. Әр сатының, еріткіштердің физика-химиялық
қасиеттеріне байланысты өзіндік ерекшеліктері бар.
10)Тамшылар Тамшылар (Guttae) –тамшымен дозаланатын ішуге және сырт тәнге
қолданылатын сұйық дәрілік түр. Тамшы түрінде дәрілік заттардың сулы, майлы, глицеринді
және спиртті ерітінділері, сонымен бірге тұндырмалар, сұйық экстрактар және басқа
препараттар жазылады. Тамшылар - тамшымен дозаланатын нағыз және коллоидты (кейде
майда суспензия түрінде) ерітіндіден тұратын сұйық дәрілік түр.
Тамшымен дозалау - осы
дәрілік түрдің жалғыз ерекшелігі. Оларды жеке топқа бөлу себебі - құрамындағы дәрілік
заттардың реттік дозасы, дәрілік препараттан бірнеше тамшы қолданғанда алынатын
концентрациямен белгіленеді.
Жіктелуі. Тамшылардың қолдануы бойынша жіктелуі :
ішуге арналған тамшылар – Guttae ad usum іnternum; сыртқа қолдануға арналған тамшылар,
Guttae ad usum externum.
Дисперсті жүйе ретінде жіктелуі: на ғыз ерітінділер; суспензиялар; коллоидты ерітінділер;
эмульсиялар.
Еріткіш табиғаты бойынша жіктелуі: сулы тамшылар; бейсу тамшылар.
Тамшылар сапасының негізгі көрсеткіштері: - енгізу жолдарының анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне дәрілік заттардың физика-
химиялық қасиеттерінің сәйкестігі;
- микробтық контаминацияға қауіпсіздік деңгейі;
- дәрілік заттар мен қосымша заттардың сыйымдылығы;
- дәрілік заттар концентрациясының және тамшы көлемінің (салмағының)
дәлдігі;
- химиялық және физикалық (суспензиялар, эмульсиялар үшін)
тұрақтылығы;
- механикалық қоспалардың болмауы
Ішуге арналған тамшылар. Ішуге арналған тамшылар көбінесе дәрілік