1. Дәрілік заттардың сапа стандарттары


Биологиялық белсенді заттар



бет4/12
Дата20.12.2023
өлшемі44,57 Kb.
#141575
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
6.Биологиялық белсенді заттар
Биологиялық белсенді заттар - организмнің қандай да бір қызметін атқаратын, арнайы жоғары әрекетті іске асыратын органикалық қосылыстар[1]. Бұл заттарға ферменттер, гормондар, дәрумендер және т.б. заттар жатады. Ферменттер организм жасушаларының барлығында бар, олар күрделі химиялық реакцияларды ыдыратуды тездетеді. Дәрумендер организмде және одан тыс көкөністер, жеміс-жидектердің т.б. құрамында бар. Дәрумендер - организмнің тіршілік қабілеті үшін қажетті заттар, олар адамның дене және ой еңбегін арттырады, оның өсуі мен дамуын, ауруға қарсы тұруын қамтамасыз етеді.
Олар адамның немесе жануардың организмінде жүріп жатқан биологиялық процесстерге катысатын заттар болып табылады. Олар біріншілік (витамиздер, майлар, көмірсулар, ақуыздар) жане екіншілік (алколоид, гликозид, дубильді заттар) биосинтез өнімдері болуы мүмкін.


7.Биологиялық белсенді заттардың классификациясы
Биологиялық белсенді заттар - организмнің қандай да бір қызметін атқаратын, арнайы жоғары әрекетті іске асыратын органикалық қосылыстар[1]. Бұл заттарға ферменттер, гормондар, дәрумендер және т.б. заттар жатады. Ферменттер организм жасушаларының барлығында бар, олар күрделі химиялық заттарды (реакцияларды) ыдыратуды тездетеді. Дәрумендер организмде және одан тыс көкөністер, жеміс-жидектердің т.б. құрамында бар. Биологиялық белсенді заттардың 2 түрі кездеседі: біріншісі- нутрицевтиктер-нутриенттер(тағам компоненті), яғни ағзаны тағамдық заттармен қамтамасыз ететін, бірақ оны толық алмастыра алмайтын, тағам мен дәрілік препарат арасындағы аралық зат, екіншісі парафармацевтиктер- тағамдық және дәрілік өсімдіктердің аралық компоненті. Биологиялық белсенді заттар негізінен ағзадағы биоактивтілікті күшейтеді.
Ғылыми деректерге сүйенсек, биологиялық белсенді
қоспалар - тағамдық және дәрілік өсімдіктердің концентрацияларынан алынған консентранттар , жеке немесе тағамға құрамын байыту
үшін қосылып қолданылатын аурудың алдын-алу мен
ағзаның жалпы жағдайын жақсартуға арналған табиғи немесе табиғатына жақын заттар компоненті, жануартекті, минералды, өсімдіктекті шикізаттан химиялық синтез жолмен алынған, табиғи тағамдық және биологиялық белсенді заттардың қосындысы.
Биологиялық белсенді қоспалардың екі түрі кездеседі: біріншісі - нутрицевтиктер-нутриенттер (тағам компоненті), яғни, ағзаны тағамдық заттармен қамтасыз ететін, бірақ оны толық алмастыра алмайтын, тағаммен дәрілік препарат арасындағы аралық зат, екіншісі, парафармацевтиктер – тағамдық және дәрілік өсімдіктердің органикалық компоненті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет