1. Дәрілік заттардың сапа стандарттары


Фармацевтикалық биохимия негіздері



бет9/12
Дата20.12.2023
өлшемі44,57 Kb.
#141575
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
14. Фармацевтикалық биохимия негіздері
Биотехнология әртүрлі өнімдердің өндіріс мәселелерін шешу, энергияның өзге көздерін табу, биологиялық белсенді заттар мен антибиотиктердің синтезін жасау, қоршаған орта жағдайының биологиялық индикаторларын құру және іздеу сияқты міндеттемелерді қамтыған ғылыми сала. Бұл мамандық түрлі тірі ағзаларды өндірісте пайдалана отырып, олардан нәрлі заттарды алу үшін ген мен жасушаны биологиялық объект ретінде қолданады. Қазіргі уақытта әлемде 143 гендік-инженерлік дәрі-дәрмек субстанцияларын өндіруге рұқсат берілді және 26- рұқсат алу кезеңінде. Биохимия, генетика, молекулалық биология, иммунология, микробиология және вирусология сияқты биологиялық ғылымдардың қарқынды дамуына байланысты адам және жануарлардың бұрын қиын жолмен жазылатын ауруларының терапиясы үшін пайдаланылатын жаңа фармацевтік және ветеринарлық препараттарды өндіруді жүйелі түрде өсіру мақсатында медициналық және ветеринарлық биотехнологияның мүмкіндіктері кеңеюде. Осы жөнінде инфекцияға, қатерлі ісік және басқа да ауруларға қарсы адам организмінің қорғаныштық күштерінің деңгейін бақылайтын табиғи қосылыстар зерттелуде. Дамыған мемлекеттерде антибиотиктер, инсулин, интерферондар және интерлейкиндер, вакциналар мен моноклональды антиденелерді өндіру тұрақты жолға қойылған. Қазақстанда медициналық және ветеринарлық биотехнологияның даму тенденциясы нығаю үстінде. Ветеринария және медицина саласында ғылыми-техникалық прогрестің өзекті бағытының қазіргі заманғы жағдайын зерттей отырып медициналық және ветеринарлық биотехнологияның әдістерінің көмегімен диагностикалық және дәрілік препараттрады жасаудың медико-биологиялық және ветеринарлық биологиялқ тәсілдерінің стратегиясын, антибиотиктер, антиденелер, вакциналар сияқты қазіргі дәрілік заттардың өндірістік деңгейді өндірілуінің негізін көрсету.


15. Технологиялық процесс
Технологиялық процесс — бастапқы мәліметтен талап етілген нәтижеге жету үшін реттелген, өзара байланысқан әрекеттер. Технологиялық процесс еңбек бұйымы күйінің өзгеруі мен анықталуына бағытталған әрекеттерді құрайтын өндірістік процестің бір бөлігі.

Кез келген технологиялық процесті күрделі процестің бір бөлігі және қарапайым (элементарлы) технологиялық процестердің жинағы деп қарастыруға болады. Элементарлы технологиялық процес немесе технологиялық операция деп технологиялық процестің барлық ерекшеліктеріне ие ең кіші бөлігін айтады. Технологиялық процесті жүзеге асыру үшін технологиялық жабдықтау құрылғылары деп аталатын өндірістік жабдықтарды қолдану қажет. Мысалы: үйде ақылды технологиялық процесстер арқылы тұрақты температураны, жарықтың автоматты қосылуын, техникалық құрылғыларды басқару оңайырақ болады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет