№1 дәріс Арнайы мектепте қол еңбекті және бейнелеуді оқытудың мақсаты, міндеті, мазмұны



Pdf көрінісі
бет8/16
Дата31.10.2022
өлшемі397,85 Kb.
#46360
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
Дәріс 6 
Тақырыбы: Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың бейнелеу іс-әрекетінің, қол 
еңбегінің психологиялық зерттеу мәселесі 
Зияты бұзылған оқушылары жан-жақты зерттеуде немесе танып білуде үлкен орын 
алатын жұмыстың түрі – «суретті тест» өткізу. Сурет арқылы ақыл ойы кем баланың 
жалпы қоршаған орта туралы түсінігі, оны қабылдау ерекшелігі, білім деңгейі және 
айналадағы құбаластар мен оқиғаларға деген қарым-қатынасы көрінеді. Яғни, оқушының 
шығармашылық іс-әрекетінің нәтижесін талдау арқылы ол туралы көп мағлумат алуға 
болады. Мысалы, «Үй, ағаш, адам» деген суретті тест арқылы баланың отбасындағы 
эмоционалді жағдайын, туыстарының қарым-қатынасының ерекшелігін т.с.с. анықтауға 
болады. Сонымен қатар, баланың ішкі жан-дүниесіндегі жағдайды да анықтауға мүмкіндік 
бар.
Суреттерді талдау барысында тек мазмұнына көңіл бөлінбейді, сонымен бірге бала 
пайдаланған түстерге де аса зор мән беріледі. Мысалы, «суық», яғни қара, қою көк 
түстерді көп қолдану оқушының бойында ыза, ашудың болуын білдіреді. Ал «жылы», 
яғни қызыл, қоңыр, сары түстерді көп қолдану бала бойындағы мейірімділікті, 
қамқорлақты білдірсе керек. 
Оқушылардың суретін талдау, оның нәтижесін зерттеу оқу үрдісін дұрыс бағытта 
ұйымдастыру үшін өте қажет. 
 
 
Дәріс 7 
Тақырыбы: Сурет салу және қол еңбегі процесіндегі оқушының іс-әрекетінің 
сипаттамасы. 
Педагогикалық процесс коррекциялық бағытта болу үшін сурет салып үйрету 
кезінде көмекші мектеп оқушыларының іс-әрекетінің ерекшелігін ескеру керек. 
Оқушы сурет салудың әртүрлі этаптарында орындайтын ойлау әрекеттеріне мыналар 
жатады: 
бейнелеу міндеттері мен жұмыстың соңғы нәтижесін ойластыру; 
әртүрлі инструкцияларды түсіну; көру арқылы қабылданатын обьектінің (натураның 
немесе үлгінің) ерекшелігін шамамен ой елегінен өткізу; бейнелеу іс-әрекетін жоспрлау; 
өз жұмысына бақылау жасау; бейнелеу іс-әрекетін және оның нәтижесін бағалау. 
Көмекші мектеп оқушыларының жалпы дамуы ауытқу негізінде болғандықтан
сурет салу кезіндегі ойлау операциялары да өзгеше өтеді. Дәл осы жағдай коррекциялық-
тәрбиелік жұмысында ескерілуі керек. Мүмкіндігі шектеулі оқушылар алдына
қойылған бейнелеу міндеттерін өздігінен толық ойластыра алмайды. Тек мұғалімнің 
көмегімен инструкцияға сәйкес суреттің бастапқы кезеңін орындайды. 
Арнайы мектеп оқушылры аналитикалық синтетикалық іс-әрекетінің әлсіздігіне 
байланысты обьектінің құрылысын түсіне алмайды және бейнені құрастыру ретін 
меңгере алмайды. Сондықтан сурет талапқа сай болмай шығады. 
Сурет салу сабағында балаларға әртүрлі инструкциялар беріледі: аузша түсіндіру, 
нұсқаулар, рекомендациялар; дайын суреттерді, схемаларды демонстрациялау т.б. осы 
инструкциялардың қайсы мүмкіндігі шектеулі оқушыларға оңай. 
Егер, ауызша инструкция жалпы формада айтылған болса, онда оқушылар оны 
басшылыққа ала алмайтыны анықталды. Бұл жағдайда балалар мұғалімнің талаптарына 
құлақ асады да оған қайшы әрекет жасайды. Мұғалім сурет салудың барлық этаптарын 
көрсетіп кеңінен түсіндірген кезде ғана оқушылыр неғұрлым дұрыс бейне жасайды. 
Жүргізілген бақылаулар көмекші мектеп оқушыларының натураға талдау жасау 
мүмкіндіктері шектеулі екенін көрсетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет