№1 дәріс Арнайы мектепте қол еңбекті және бейнелеуді оқытудың мақсаты, міндеті, мазмұны



Pdf көрінісі
бет6/16
Дата31.10.2022
өлшемі397,85 Kb.
#46360
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Жеке тұлға қасиеттерін дамыту. Сурет салу процесінде арнаулы мектеп 
оқушыларын бастаған істі аяғына дейін жеткізе білуге, көңіл аудара және мақсаттылықпен 
айналысуға, досына көмектесуге, қиыншылықтарды жеңе білуге үйреткен дұрыс. 
Ұжымдық жұмыс кезінде бірігіп, келісіп шешім қабылдауға, ортақ істің нәтижесіне 
ұмтылуға тәрбиелеу қажет; сыныптас оқушының еңбегіне әділ және тілектес көңілмен 
баға беріп үйрету керек. 
Дәріс 4 
Тақырыбы: МШБ-дың заттар пішінін қабылдау ерекшелігі мен оны бейнелеуі. 
 
Арнайы мектеп оқушылардың едәуір потенциалді мүмкіндіктері бар, олар сурет 
сабағында үздік қолдана алады. Бірақ, бұл мәселені шешу үшін түзету-тәрбиелеу 
принципін жүзеге асыру қажет. Ол үшін мына жолды ұстанған дұрыс: 
1. Мектептің міндетіне сәйкес, балалардың бейнелеу іс-әрекетінің ерекшелігіне 
сәйкес білім беру, түзету-дамыту міндеттерінкешенді түрде жоспарлау және нақтылау. 
2. Оқыту мазмұнында басты, жетекші буынды анықтау, әр сабақтың мазмұнын 
оқушылардың танымдық, эмоцианалді және қимыл-қозғалыс аясын жетілдіру міндетіне 
бағындыру.
3. Сабақтың оптималді түрін таңдау, ол арқылы оқу үрдісінің динамикалығы және 
түзету-дамыту міндетін шешуді қамтамасыз ету. 
4. Оқушылардың психофизиологиялық ерекшелігін ескеретін оқытудың және 
тәрбиелеудің рационалді әдістері мен құралдарын қолдану.
5.Оқыту мен тәрбиелеу үшін гигиеналық, эстетикалық моралді-психологиялық 
жағдай жасау.
Арнайы мектеп оқушыларына заттардың пішінін қабылдауда сенсорлық 
эталондарына сүйену, оларға сәйкестендіру арқылы танып білуді үйрету керек. Осы 
тақырыптағы оқу материалын оқушылар басқа да пәндерде меңгеріп, қайталайды. 
Үшбұрыш – үйдің шатыры 
Төртбұрыш – терезе, есік 
Домалақ – машина дөңгелегі, доп 
Сопақ – қауын, құмыра 
Айналадағы заттардың пішінін негізгі геометриялық фигуралар арқылы тану, оларды 
суретте бейнелеуі моторикасына, яғни салу дағдысына да байланысты. 
Алғашқы кездері заттың пішінін альбом парағында контурлы түрде (нүктелер) 
белгіленеді. 
Заттардың пішінін қабылдау және суретте бейнелеу кезінде ерекше білімді қажет 
ететін балалар келесідей қателіктер жібереі: 
Пішінін анық емес етіп бейнелеуі (күн сопақ). Өзарапропорциясын сақтамау т.с.с.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет