№1 дәріс Арнайы мектепте қол еңбекті және бейнелеуді оқытудың мақсаты, міндеті, мазмұны



Pdf көрінісі
бет5/16
Дата31.10.2022
өлшемі397,85 Kb.
#46360
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Сенсорлық дамыту. Заттармен және құбылыстармен, олардың қасиеттерімен және 
сапаларымен тікелей сезім арқылы танысу сенсорлық дамыту болып табылады. Бейнелеу 
іс-әрекетін ойдағыдай меңгеру сенсорлық дамытуды жүзеге асыруды талап етеді. 
Оқушылар заттардың қасиеттерін, сапаларын,формасын, түсін, кеңестіктегі жайын 
анықтайды және атайды, заттарды салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын табады. 
Сонымен бейнелеу іс-әрекеті сенсорлық дамуына әсер етеді. 
Эстетикалық сезімдерін дамыту. Қоршаған өмірдегі заттар мен құбылыстарды 
бақылау кезінде мектеп оқушы толқу тез пайда болады, оның ішіндегі әлі жерге 
сезінбеген эстетикалық сезім де болады. Оқушыларды ашық түсті, заттардың жарқыраған 
жылтыр бетін қабылдау толқытады, бөліктердің орналасу симметриясы, заттаң 
конструкциялық сымбаттылығы, силуэтінің айқындылығы тартады. Олардың түсінігі мен 
қабылдауын дамыту арқылы, эстетикалық сезімін неғұрлым тереңдей түсіп, саналы қылу. 


Ең алдымен заттың ырғақтық бітімі, оның әдемі орналасуы қабылданған жағдайда 
пайда болады. Оқушыларда эстетикалық сезімдерді дамыту оларды затқа және оны 
әртүрлі анықтамамен белгілеуге болатын: орасаң зор, нақышты жеңіл, қуанышты, 
мерекелік жанды жанды және басқа жеке қасиеттеріне эстетикалық баға беруге үйретеді. 
Көркем шығармашыллығын дамыту. Суреттер арқылы оқушылар айналасындағы 
заттар, құлыстар туралы өздерінің көзқарасын білдіреді. Оқушыларды көркем өнерге 
баулу заттар мен құбылыстарды жай ғана көшіру емес, оларды көркем іс-әрекетке, әсерлі 
бейнелеуге үйретуге бағытталуы тиіс. 
Оқушылардың эстетикалық қабылдау дамығанда және олар бейнелеуге қажетті 
дағдылар мен шеберлікті меңгерген кезде ғана бейнелеу іс -әрекеті шығармашылық 
сипатқа ие болады. Сурет салу барысында оқушы есінде сақтағанын тек көшіріп қана 
қоймай, осы затқа деген толғанысын, қатынасын көрсете білу керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет