№1 дәріс Арнайы мектепте қол еңбекті және бейнелеуді оқытудың мақсаты, міндеті, мазмұны



Pdf көрінісі
бет10/16
Дата31.10.2022
өлшемі397,85 Kb.
#46360
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
Дәріс 9
Тақырыбы: Сабақ және сабақтың түрлері. Қол еңбегі сабағының күнделікті 
жоспары
Оқу үрдісі – педагогикалық жүйенің ішінде оқыту жұмысын ұйымдастырудың 
негізгі түрі. Оқу үрдісі тек қана оқыту міндеттерін шешіп қоймай тәрбиелеу және түзету 
міндеттерін шешуді көздейді. Соған байланысты оқу үрдісі күрделі дидактикалық жүйе 
ретінде қарастырылады. Ол мынандай буындардан құралады:
- мұғалімнің сөзі, оқулық , деректі материалдар, көркем әдебиет, көрнекі құралдар 
арқылы берілетін мазмұнынан; 
-оқытудың әртүрлі кезеңдерінен –жаңа білімді қалыптастыру, бекіту, меңгерген 
материалды тексеру, қайталау, жаңа меңгерген білім мен дағдыны практика жүзінде 
қолдану; 
-оқытудың әртүрлі әдістері мен тәсілдерінен; 
 -оқу үрдісінің коррекциялық бағытынан. 
Сондықтан, оқу үрдісі кезінде үш негізгі міндеттер шешуін табады- білім беру, 
тәрбиелеу және коррекциялық. Білім беру үшін оқытылып жатқан материал бұрын өткен 
материалмен байланысты болып, келесі меңгерілетін ақпаратты қабылдауға дайындау 
қажет; айтылатын мәлімет дәлелді, өмірден алынған болу керек. 
Арнайы мектепте коррекциялық бағытқа ерекше мән беріледі. Оқу үрдісі кезінде 
барлық психикалық процесстерді, дене кемістіктерін түзету жұмысы үздіксіз жүріп 
отырады.
Оқу үрдісі кезінде әртүрлі оқыту әдістері қолданылады. Оқыту әдісі деп оқу үрдісі 
кезінде мұғаліммен оқушының бірлесіп істеген әрекетін айтады. Оқыту әдісі оқу ісінің 
негізгі құрамды бөлігі болып табылады. Оқу үрдісінің мазмұнын белгілеуді, сонымен 
бірге ол болжау қызметін де атқарады, себебі оқыту қандай бағытпен жүру керектігін 
және одан қандай қорытынды күту қажеттілігін көрсетеді. Оқу ісін реттеуші мен 
ұйымдастырушы ретінде әдіс құрылымы оқу ісіне тиісті компоненттерді иемденеді. 
Солардың ішінен ең маңыздысы мыналар болып табылады: 
а) субьект ( істі жеткізу, өркендету) 
б) субьект қимылына бағытталған зат ( обьект) 
в) мақсат-оқудың нәтиже күтерлік көрінісі 
г) құралдың көмегімен оқу жүзеге асырылады 
д) оқу ісінің нәтижесі
Сабаққа дайындалу- бұл мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің тұрақты қажетті элементі. 
Мұғалім оқытатын пәнінің мазмұнын, олардың оқыту ретін, оқытудың практикалық 
бағыттылығын жақсы білу керек (көмекші мектеп жағдайында әсіресе маңызды).
Мұғалімнің сабаққа дайындалу этапының бірі- күнтізбелік - тақырыптық жоспар 
құру. Оқу тақырыптарының қысқаша мазмұны пән бағдарламасында беріледі. Мұғалім
тақырып материалын белгілі сағат санына бөледі, сабақ бойынша тақырыптарды меңгерту 
ретін белгілейді. Әр сабақтың мақсаты мен міндетін, оның мазмұнын және жұмыс 
әдістерін анықтайды. Күнтізбелік-тақырыптық жоспарда сабақ теориялық түрде немесе 
өздік жұмыс ретінде өтілетінін де жазады.
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар мынадай пункттерді қамтиды: әр сабақтың 
тақырыбының аты, білімдік, тәрбиелік және коррекциялық мақсаттары мен міндеттері, 


матариалдың негізгі мазмұны, түсіндіру әдісі, қолданылатын көрнекіліктер мен 
техникалық құралдар, бақылау түрлері, уақыты. Осындай толық құрылған жоспар 
мұғалімнің әр сабаққа дайындалуына көмектеседі және жеңілдетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет