№1 дәріс Арнайы мектепте қол еңбекті және бейнелеуді оқытудың мақсаты, міндеті, мазмұны



Pdf көрінісі
бет9/16
Дата31.10.2022
өлшемі397,85 Kb.
#46360
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16
Байланысты:
лекция каз

Дәріс 8 
Тақырыбы: 
Сурет сабағы, құрылымы мен мазмұны. 
Арнайы мектептегі сурет және қол 
еңбегі сабағына талдау жасау 
Оқушыларды бейнелеу өнеріне оқыту үрдісінде түзету-тәрбиелеу жұмысының 
сапасын көтерудің бағалы құралы болып сурет сабағы табылады. Сабақ келесі 
дидактикалық талаптарға сай болу керек:
1.білім беру, түзету және тәрбилеу міндеттерінің тұтастығы 
2.оқу материалын дұрыс таңдау (натура, үлгі,тақырып) 
3.жеке, топтық және фронталді жұмыстарының үйлесімі 
4.сабақ құрылымының ұйымдастырушылық нақтылығы 
Көмекші мектепте сабақты өткізу барысында келесі жағдайлар ескерілуі керек: 
-оқытудың баяу темпі 
-оқытылатын материалдардың құрылымын жеңілдету 
-меңгерілетін материалдың көп қайтара қайталануы 
-баланың сезімдік тәжірибесіне көбірек сүйену 
-оқушыларды заттық-практикалық іс-әрекетке оптималді еңгізу 

оқушылардың дамыған жағымды қасиеттеріне сүйену және олардың 
интеллектуалді аясындағы жетіспеушілігін түзету 
Сурет сабағын талдаудың жоспары: 
Сабақтың материалы (тақырыптың оқу бағдарламасына сәйкестігі, жұмыс түрлері, 
оқу материалының мазмұнын түзетушілік-тәрбиелік тұрғыдан бағалау, оқушылардың 
қызығушылығы). 
Сабақтың жабдығы (жабдықтардың дайындығы,сабаққа сәйкес таңдалуы, дұрыс 
және орынды қолдануы, жеткілікті етіп көрсетілуі, жалпы бағасы). 
Сабақтың құрылымы (барлық кезеңдерінің өту сапасы) 
Мұғалімнің сабаққа дайындығы (материалды білуі, жаңа технологияларды 
пайдалануы, жұмыс істеу қабілеті, оқушылармен тіл табысуы, жүріс – тұрысы) 
Мұғалім – дефектологтың сабаққа дайындалуы, ұйымдастыру. Арнайы мектепте 
оқушыларды еңбекке баулу ісінде үлкен орын алатын еңбек кабинеті мен 
шеберханасының жабдықталуына пән мұғалімі және мектеп әкімшілігі аса назар аудару 
керек. 
Арнайы мектеп оқушыларында еңбек етуге қызығушылығын қалыптастыруда 
маңызды роль атқаратын еңбек кабинетінде сабаққа қажетті жұмыс материалдары мен 
құрал-жабдықтар, парталар арнайы дайындықты талап етеді. Мұғалім ұжымдық жұмыс 
істеу үшін оқу үстелдерін әр түрлі ұйымдастырады. Мысалы: 4-6 оқушыдан топтастыру 
мақсатымен парталарды өзара біріктіріп, балаларды айландыра отырғызады. Парталарды 
қозғау кезінде терезедегі жарықтың қай жаққа түсіп тұрғанын ескерген жөн. 
Еңбек кабинетін жабдықтау әр мұғалімнің шығармашылық ізденісіне байланысты. 
Оның түрлі варианттарын жергілікті жердің жағдайына, мүмкіншілігіне қарай 
ойластырады. Мектеп шеберханасындағы станоктар оқушылардың санына сай, 
физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып қойылады.Сабаққа қажетті материалдар 
мен құрал-саймандар жеткілікті етіп сатып алынады.
Арнайы мектепте еңбек кабинеті мен шеберханасында оқу құралдарын, дайын 
бұйымдарды сақтауға арналған секциялық шкафтар қойылады. Осындай шкафтар керекті 
заттарды сақтап қана қоймай, сонымен бірге еңбек әрекетін ұйымдастыруға, оқушыларды 
тәртіпке, ұқыптылыққа үйретуге септігін тигізеді. 
Еңбек кабинеті мен шеберхананы жабдықтауда үлкен орын алатын іс- қабырғаларға 
ілінетін стендтер. Бұл стендтерге еңбекке баулу тақырыптарының мазмұны жазылады, 
жұмысқа қажетті құралдар мен материалдардың суреттері салынады. Еңбек кабинеті мен 
шеберханада міндетті түрде көрінетін жерде (тақтаның жанында) «Қауіпсіздік ережесі» 
деген стенд орын алуы тиіс. 


Жұмыс кезінде еңбек кабинеті мен шеберханада негізгі гигиеналық талаптар 
орындалу керек: кабинеттің, шеберхананың ішіне жарық мол түсіп тұру қажет; ауа 
температурасы 18-20 градус болуы тиіс; әр сабақтан кейін желдетіліп тұру қажет; 
жиһаздар (парта, шкаф, станок) оқушылардың бойына сай, қозғалуына ыңғайлы орналасу 
керек; қол жуатын жер де болған дұрыс. 
Еңбек кабинеті мен шеберханаға оқушылар қоңыраумен бірге, қатарға тұрып кіреді, 
ал кезекші оқушылар үзіліс кезінде кіріп сабаққа қажетті заттарды дайындап қояды. Бұл 
оқушыларды еңбек тәртібіне, ұйымшылдыққа үйретеді, мұғалімнің де жұмысын 
жеңілдетеді. 
Арнайы мектептегі еңбек кабинеті мен шеберхананың жабдықталуы оқушыларда 
кәсіптік дағдыларды қалыптастыруда, еңбек туралы білімдерін кеңейтуде, таңдаған 
мамандыққа деген
қызығушылығын арттыруда ерекше әсерін тигізеді.Сондықтан оның жабдықталып 
безендіруіне пән мұғалімі үлкен жауапкершілікпен қарау керек.
Бейнелеу іс-әрекеті және ол жөніндегі сабақтар материалдарды, жабдықтарды 
жақсылап ойластырып дайындауды талап етеді, оқушылардың жұмысты ойдағыдай 
орындауы көбіне осыған байланысты. 
Материалдарды дайындау. 
Материал мен жабдықтарды дайындай отырып, ең алдымен олардың ішінде қайсысы 
тақырыпты әсерлі және толық шешуге неғұрлым көбірек жәрдемдесетінін анықтау керек. 
1.Әрбір сабаққа мұғалім сурет салу үшін қағаз парағының түсін және форматын 
ойластырады. Егер балаларға затты бейнелеуге тура келсе, онда оны қолмен айналдыра 
сызып, ені мен биіктігін салыстыра отырып, мұғалім қандай форматтың қажеттігін 
анықтайды. Мысалы, ойыншық бойынша қоразды салу үшін шаршы қағаз, ал түлкіні 
бейнелеу үшін сопақ тік бұрышты қағаз көбірек ыңғайлы. Егер кішкентай зат бейнелетін 
болса, онда көлемі шағын парақ беріледі. 
Бояулармен сурет салуға қарағанда қарындашпен сурет салу үшін келесі көлемдегі 
қағаз керек: үлкен, жалпақ, альбом қағазынан сәл үлкендеу. 
Парақ форматы көбіне композициялық шешімнің әсерлілігін анықтайды. Сондықтан 
мұғалім әр кезде қағаздың формасы мен көлемін ойластыруы тиіс. Сәтсіз бастаған 
жұмысты ауыстыруға және тапсырманы тез бітірген балаға екінші парақты беруге 
мүмкіндік болу үшін қағазды 5-10 параққа артық дайындау керек. 
Тапсырманың мазмұнына байланысты балаларға қағаздың түсін таңдап алуға 
мүмкіндік бере отырып, оларды саналы түрде фонды таңдауға және бояуларды іріктеп 
алуға біртіндеп алып келеді. Осының нәтижесінде суреттер әсемірек, қызығырақ бола 
түседі. 
2.Сабақ қарсаңында қарындаштарды тексеру және ұштау қажет (оқушыларды 
қатыстыруға болады.) 
Мұғалімде неғұрлым көп қолдалынатын түстегі қарындаштың 5-6 артық болуы тиіс. 
3.Акварельмен сурет салу алдында бояуларды қалай дұрыс сулауды көрсету керек: 
әрбір бояуға қылқаламмен бір тамшы су тамызады, сабаққа дейін бояулар аздап жібиді 
және қолдануға дайын болады. Гуашь бояулары белгілі бір қоюлыққа дейін езіледі. 
Бояулар шағын палитраларға құйылады да оқушылар реңктерді соның бетіне 
жасайды. Сабаққа дейін мұғалім су құйатын ыдыстардың дайындығын тексереді, ал 
кезекшілер қораптардағы түстерді, бояуларды кезегімен таяқшамен араластырып шығады. 
Мұғалім бояулардың қоюлығын тексереді. 
Сабақтың соңында бояулардың тығыз жабылуын, кеуіп кетпеуін қадағалау маңызды. 
Сурет салу үшін қылқамдарды, шүберектерді, су құюға арналған банкілерді 
дайындау керек. Сабақ барысында ересек балалар суды, оның ластану дәрежесіне қарай 
ауыстырып отыруды үйренеді. 
4.Арнаулы мектепте сабақ өткізу үшін қажетті көрнекілік қоры жасалынуы тиіс: әр 
түрлі заттар, ойыншықтар, иллюстрациялар, үлгілер т.б. Класта оқушылардың 


жұмыстарын көрсету үшін іліп қоятын білте таяқшалар болу керек. Оның арасында үлкен 
және кіші парақтарды ұстап тұратын 2 қатар жіп тартылады. Білте таяқшаларды тікелей 
қабырғаға бекітуге мүмкін. 
Кезекшілікті ұйымдастыру. 
Арнаулы мектеп бастуыш класс оқушылары кезекшілікке тартылады. Кезекшілердің 
міндетіне мұғаліммен бірге сабаққа қажетті материалды дайындау жатады. Кезекшілікті 
өзіне-өзі қызмет етумен ұштастырған жөн. 
Оқушылар столға әр нәрсені өз орындарына қойып дағдылану керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет