№1 дәріс. Ежелгi Шығыс халқы, тiлi, шаруашылығы, діні, орналасуы



бет12/13
Дата26.09.2023
өлшемі109,06 Kb.
#110258
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Хань кезеңінде станокты кескіндеме пайда болды. Бұл туралы Жібекте бейнеленген қыз, Феникс және Айдаһар бар картинаның табылған бөлігі куәландырады. Кескіндеме мен бейнелеу өнерін дамыту үшін шаш қылқалам мен өнер табысы үлкен мәнге ие болды. Хань дәуірі кезеңінде әдебиет жақсы дамыды, ал, оның соңғы онжылдығы (б.з.б. 196-220) Қытай поэзиясының алтын ғасыры болып табылады. Көптеген императорлар әдебиет пен өнердің дамуын ынталандырды. Ең үздік ақындар, жазушылар және ғалымдар аулаға жақындады. Император Уди осы әдісті қолданды. Ол өз ауласында үлкен кітапхана мен музыкалық палатаны құрып, халық әндерін жиналып, өңделіп, жаңа музыкалық шығармалар жасалды. Хань дәуірінің ең көрнекті ақына Сыма Сянжу (б.з.б. 179-118) болды. Ол империяның шексіз кеңдігі мен сұлулығын, оның құдыретін, сондай-ақ «ұлы адам» -(император Удиді жырлады). Ең танымал шығармалары «Красавица» одасы мен «Удочка» әні. Хань кезеңінде поэзиямен қатар алғашқы ірі көркем проза, аңыздар, ертегілер жасалды. Қытай мәдениеті кейінірек, ғасырдың ортасында жоғары өрлеу мен гүлденуге жетеді. Алайда барлық қажетті негіздер мен алғышарттар ежелгі Қытай өркениеті мен мәдениетінде салынған.

Қытай жазуы-иероглифтік. Оның арқасында Қытайды мекендейтін және әртүрлі диалектілерде сөйлейтін түрлі халықтар бір-бірін түсіне алады. Қытай иероглифтері-қытай мәдениетінің ажырамас бөлігі. Қытайдан басқа, қытай иероглифтік жазбасы Азия аймағында кең таралған.

Тарихи-географиялық белгі негізінде лингвистер Қытай аумағында жеті негізгі диалекті топтарды бөледі: Солтүстік диалектілер, Гань, Хакка, У, Сян, Юэ, Минь. Кейде оларға Аньхой диалектілері цзинь және пинхуа қосылады. Өз кезегінде топтарының ішінде жеке диалектілерге бөлінеді. Кейде диалектілер олардың өкілдері бір-бірін мүлдем түсінбейді. Ауызша путунхуа қытай тілі ресми тіл болып табылады. Алайда оны барлық қытайлар түсінбейді. Сондықтан ұлтаралық қарым-қатынастың жалғыз құралы фонетикалық оқуға байланысты емес жазбаша тілі болып табылады. Иероглифика бірнеше ғасыр бұрын жазылған мәтіндерді еркін оқуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қытай вэньянь жазба тілі барлық Азия аймағында кеңінен қолданылады: Жапония, Корея, Вьетнам және т.б. елдер. Қазір онда өз жазбалары пайдаланылса да, дегенмен, вэньяньді біле отырып, ежелгі мәтіндерді оқуға және түсінуге болады. Барлық қытайлық иероглифтер вэнь деп аталады. Қазіргі қытай тілінде Вэнь-қарапайым белгілер, ең көне және Цзы-құрамдас белгілер. «Қытай» атауы б.з X-XII ғ.ғ Солтүстік Қытайды иеленген моңғолдан шыққан халықтың, қытайлардың атынан елді атаған ортаазиялық халықтардан алынған. Елдің Таяу Шығыс және Батыс Еуропа «Чин» тәжік-парсы сөзінен бастау алады. Өз кезегінде бұл атау ежелгі Қытай Цинь патшалығының атауынан шыққан, ол б.з.б III ғасырда Қытайдың үлкен бөлігіне айналды. II ғ екінші жартысындағы қуатты шаруа көтерілістерінің нәтижесінде Хань әулетінің билігі құлдырауға келді. 220 жылы Бірыңғай Хань империясы үш дербес патшалыққа ыдырып Саньго деген атауға ие болды.


Үндістан - Оңтүстік Азияда орналасқан мемлекет. Үндістан – өзінің аса бай мәдениетімен және ежелгі өркениетімен әйгілі. Ол – терең тамырлы философияның, мол өзіндік ізгі рухани мұраның, сыры да, сыны да сақталған әдет-ғұрыптар мен дәстүрдің, жер-жаһанға әйгілі махаббат күмбезі Тәж-Махал, Лотосхрам сынды сәулеттік жауһарлардың елі. Екінші Аты – “Пенджаб жерін бес өзен елі” деп те атайды. Ылғал көп, ауа райы жылы болғандықтан Үндістанда өсімдіктердің түрлері көп болып, адамдар алып ағаштарды “орман патшалары” деп атаған.
Ұлан-байтақ территориясы және көптеген миллион халқы бар дүние жүзіндегі ең үлкен елдердің бірі Үндістан—дүниежүзілік тарихта орасан зор роль атқарады. Б.з.д. ІІІ м.ж. өзінде-ақ солтүстік батыс Үндістанда өзгеше жазбасы бар, мәдениетті тайпалар мекендеген мемлекеттер болды.
Ежелгі Үндістан туралы деректерге жататындар: Қасиетті «Веда кітабында» діни гимндер, ерте заманғы ертегі-аңыздар мен астыртын әрекеттер жинағы және құрбандық қағидалары.
«Махабхарата» мен «Рамаяна» поэмаларында Индияның өте ертедегі тарихы туралы деректер қатарына жатады. Одан басқада жазбаша деректер баршылық. Оған жататындар: «Дхармашастра» әдет-ғұрып құқығының жинағында адамның құқығынан гөрі, оның міндеттері туралы көбірек айтылады. Үндістан жазуының аса ертедегі шығармалары солтүстік Үндістанда ру құрылысының ыдырап, ертедегі құл иеленуші мемлекеттердің пайда болған заманнан бастап ғылыми білімдердің пайда болу процесі мен ерте кездегі қалыптасуын байқауға мүмкіншілік береді. Рамаяна дастаны елдің оңтүстігіндегі оқиғалар туралы мәлімет береді.
Ману заңдары жинағында: Ежелгі үнділіктердің шаруашылығы басқару жүйесі; Әлеуметтік жағдайы; Әдет-ғұрыптары туралы мағлұмат береді. Ману заңы бойынша елді басқару жүйесі: Ең жоғарғы титул патша қасиетті билеуші. Қызметкерлер 3 топқа бөлінді. Орташа қызметкерлер төмендегілерден 3 есе көп, жоғарыдағылар 6 есе көп жалақы алды.
Гопати—тайпа көсемі. Сиыр малы иесі деген мағынада.
Гавишти—сиыр жинауға құмарлық.
Джана—ру.
Вишь—жан қияр дос,үлкен семья.
Грама—селолық қауым.
Сабха, самити—ру-тайпалық советтер.
Каста деген сөз португал тілінен шыққан, тайпа тегінің тазалығы деген
мағынада. Касталар—белгілі бір аудандарда шыққан тегі бір, кәсібі бір, діни салттары бір және әлеуметтік сатының бір басқышында тұрған адамдарды қамтитын ертедегі әлеуметтік топтар.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар



  1. Солтүстік Үндістандағы ертедегі мемлекеттік бірлестіктердің қалыптасуы.

  2. Үндістан. Ерте ведийлік кезең.

  3. Үндістан. Кейінгі ведийлік кезең. Әлеуметтік және қоғамдық өмірдегі өзгерістер.

«Ежелгі Ганг аңғары»? Инд-Ганг өзендерінің ұзындығы? Ежелгі Үнді қоғамының ерекшелігі?
«Каста» сөзінің мағынасы және неше каста бар, олардың айырмашылығы?
«Ашоканың алтын ғасыры» деп неге аталған?
Ежелгі Үндістан туралы деректер мен тарихнамасы,зерттеулері?

Ұлы Қытай қорғаны қай император кезінде салынды:


A) Ван – Ман
B) Чжоу
C) Чжао
D) Минь
E) Ши –хуанди

  1. Ежелгі Қытайдың табиғат жағдайы, тұрғындары, кезеңге бөлу.

  2. Ежелгі Қытай өркениеті.

  3. Ежелгі Қытай тарихындағы династиялар.

  4. Қоғам дамуының әлеуметтік-экономикалық белгілері.

“Сары шүберек таққандар” мен “қызыл қабақтылар көтерлiсi”,оның манызы.
Ван Ман реформасы.
Ұлы Жібек жолының ұзындығы және кім салдырды?
Әлемнің 8 кереметін ата?
Ежелгі Қытай мемлекетін кезеңдерге бөліңіз?




№6-7 Дәріс

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары): Ежелгi Аравия мемлекеті:деректер мен тарихнама. Эллинизм кезеңі
1. Арабия қоғамы
2. Ежелгі араб мемлекеттері,қоғамдық құрылымы
3.Ежелгі араб халқы, тілі мен діні
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Аравия жерлерін зертету 1810 жылдан басталды, Зетцен Мохиден бес сабей тіліндегі жазбаны тапқан, 1845 жылы француз жиһанкезі Арно Мариб, Сане, Сирвахтан 56 жызуды түсіріп алған, 20 амрандық қолаға жазылған жазуларды. Химьярит тілін зерттеу басталады. 1869 жылы француз семитологы Галеви кедей палестин еврейінің киімін кие отырып Аравиядан 70 тенн аса текстер тапқан, ол минеилердің ежелгі патшалығының орнында бірінші рет болған европалық адам. Археолог Глазердің төрт экспедициясы (1882-1884, 1885-1886, 1887-1888, 1892-1894 жж) көптеген ұзақ текстреді тапты. Бедиундарға суретке түсіруді үйретіп өзі Санеде отырып олардың жинат әкелген суреттерін оқыған, 1890 жылы ағылшын Бент Қызыл теңіз жағалауынан африкалық Абиссинииден сабей тіліндегі жазуларды тапқан. 1900 жылдан басталып жүргізілген Африка жағалауындағы археологиялық зерттеулер көптеген тарихи орындарды ашты: Мероэ, Гарстаннг, Сэйс. Нубия мен Суданда жұмыс істеген экспедиция мероиттік жазуларды тапты. Осы табылған деректерді оқу нәтижесінде ежелгі өркениет орталықтары ашылып, ежелгі классиктердің жазбалары ашылып және Библияны оқуға мүмкіндік туды.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
Бедиундер дегеніміз кімдер?
Алғашқы мемлекеттер?
Ең үлкен шөл?
«Диван»сөзінің мағынасы?

7 Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары): Эллинизм кезеңі


1. «Эллинизм» терминине түсінік.
2. Эллинизм кезеңі және оның ерекшелігі
3.Эллиндік мәдениет
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Археологиялық қазбалар семиттік белгілерді қазбалар кезінде Элам жерінен тапқан. Елдің атының өзі семитше; шетелдіктер айтуы бойынша елдің аты хатами(хапирти). Ежелгі Элам патшалары семит тіліне жатпайтын аттармен аталған,өз жазбаларын вавилиондық клинописьпен қалдырған. Сонымен қатар басқа шет тілде жазылған иероглифтік шрифтер де кездеседі. Түсініксіз бейнелермен берілген силлабистік белгілер де қолданылған. Элам тілін зерттеген ғалымдар Вейсбах, Шейль, Хюэинг, Борк бірнеше ерекшеліктер мен ұқсастықтарды зерттей келіп элам тілі кавказ тіл топтарына жатады деген тұжырым айтады. Оны академик Н.Я. Маррда қолдайды. Ол өзінің теориясы арқылы «яфетикалық» тіл тобын жасайды, оған элам, грузин, арийлікке дейінгі Армения тілдерін жатқызады. Ол топ генетикалық жағынан семит тілімен туыстас, сонымен қатар хамит тіліне де ұқсас. Эламдықтардың салған суреттері семиттермен араластығын көрсетеді. Осылайша семит тілімен элам тілінің аралығындағы байланыс барлығы белгілі болды. Маррдың айтуы бойынша осы «көп санды майпалар» қан жағынан туысқандық бір семьяға жатты. Олар семиттік семьямен ұқсас, бірақ ерекшелігі бар. Олардың діни сенімдерінде де ұқсастықтар бар. Оларда жрец-кудесниктер бірінші орында болған. Олардың қолында біртіндеп саяси билік топтаса отырып олар жергілікті аристокарттар тобын құраған. Яфетидтерді жақындастырған материалдық мәдениет, оның ішінде металлургия болған. Оларда жоғары дамыған жер өндеу, бау-бақша, жерді суландыру әдістері. Жоғары дамыған жер суландыру құрылыстары-жергілікті тастардан жасалынған жоғарғы техника, қала-бекіністері және қала қақпасындағы сауда жасауларында да ұқсастықтар сақталған.
Эламиттермен көрші таулы аймақтарда луллу, немесе луллубейлер тұрған, олар семит мәдениетін қабылдаған, клинописьтік жазуы семит тілінде болған; жоғарғы Хоаспуда - кассит, немесе коссеи - олардың шыққан тегі толық анықталмады, арийлық элементтерді қолданған, Вавилионды басып алып көптеген ғасыр билік құрған.

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар


«Эллинизм» термині
Эллиндік мәдениет
Элам мемлекетінің құрлысы?
Деректері мен тарихнамасы?
Эллиндік өркениет ошағы?




№ 8
дәріс

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары): Карфаген мемлекеті. Сыртқы саясат. Пуни соғыстары.
1. Карфаген мемлекетінің пайда болуы. Жаңа жер. Халқы, тілі, шаруашылығы. Мемлекеттік
құрылысы Шаруашылығы, тұрмысы, мәдениеті.ішкі және сыртқы саясаты
2. Пуни соғысының кезеңдері, ерліктер мен саяси саяси тұлғалар .
3.Соғыстың себебі мен сипаты, кезеңдері.
4. Карфаген державасының күйреуі
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Карфагенге өзінің тарихи дамуының барлық кезеңінде үнемі сырттан жаулары шабыл жасап тонап кетіп отырған. Осының салдарынан 2500 жыл бұрын державалық сатыға дейін дамыған елдің өркениетінен ешқандай ескерткіштер сақталмаған.
Ежелгі Карфаген-Рим құрылыстарының қалдықтарының орны ретінде келіп жетті. Ежелгі Карфаген Жаңа жерде пайда болған әлемдегі ең бай мемлекеттің бірі болған. Оның байлығының негізі болып саналған ауыл шаруашылығы ерекше кәсіп болып саналған. Тұрғындарының барлығы жер өндеумен айналысқан. Осы істерін құрмет тұтқан.
Ежелгі Карфагеннің тарихы б.э.д. 814 жылы басталады. Финикия әлсіреген кезде оның отары болған карфагендіктер Тунистің солтүстігінен жер алып сонда келіп қоныстанып өз мемлекетінің негізін салады. Дидон жергілікті патшадан аңыз бойынша үй салуға жер сұрайды, патша келіспейді. Сонда Дидон өгіздің терісі сиятындай ұлтарақтай жер беруін сұрайды. Патшаның сол кезде көңіл күйі жақсы болғандықтан ол күліп келіседі. Дидон ең үлкен өгізді сойып оның терісін жіңішкелеп бөлуді бұйырады сол бөлшектермен ол үлкен территорияны қоршап алады. Аңызға қарай ол қаланың негізін салушы өзінің салған цитаделін Бирса-тері деп атайды.
Карфаген-дегеніміз финикиялықтар бойынша «жаңа қала» деген мағынаны білдіреді. Тир қаласынан шыққандар б.э.д. 814 жылы негізін салған. Гректер ол қаланы Кархедон деп атаған.
Финикиялықтардың Батыс Жерорта теңізі аймағына билігі құлаған соң Карфаген өзіне бұрынғы финикиялық отарларды қосып алады. Б.э.д. ІІІ ғасырда батыс Жерорта теңізі аймағындағы ірі мемлекетке айналады. Өзіне Оңтүстік Испания, Солтүстік Африка, Сицилия, Сардиния, Корсик аралдарын қосып алған.
Қаланы 34 километрлік қоршаумен қоршайды, қалындығы қабырғаларының-9 метр, биіктігі 15 метрлік қоршаулармен. Қоршаудың ішінде бірнеше жүз әскери пілдер, қоймалары, 4000 атқа арналған ат қоралары, 20 мың жаяу әскерге арналған қазармалары болған.
Қорғанысқа лайықты жарты аралда орналасқан Карфаген тез байып кетеді, негізгі тамағы балық болады. Оның байлығы көрші жатқан елдердің мазасын алады. Соның бірі Рим.
Б.э.д.146 жылы жүдеген жылдарға созылған соғыстардан соң Рим Карфагенді түгелімен қиратады.
Б.э.д. IV ғ. Карфаген тез территориясын кеңейте отырып онда саудагерлер, қолөнершілер, жерөндеушілер орналастырылады. Бирстың қасында үлкен адамдар тығыз орналасқан Мегара ауданы тұрғызылады, көп қабатты үйлер салынып Карфаген көптеген колониялары бар ірі құлиеленуші мемлекетке айналады. Басып алған жерлерден өте көп мөлшерде байлық түседі. Ежелгі Рим анналысында карфагендіктерді-пундықтар деп атайды, олар өте қатал және қауіпті жау деп айтқан, жеңілгендерге ешқандай жанашырлық жасамаған.
Карфаген әскери-сауда және құлиеленушілік держава ретінде флот пен армияны үнемі қажет етті. Карфагенде өте жақсы дамыған сол кездегі бірінші класты флоты мен армиясы болған, Карфагенге бағынышты халықтарды езіп отырған. Армияны шет жерліктерден жалдамалылардан құрған. Әр халықтар армияның ерекше түрін жасақтаған. Мысалы, ливиялықтардан жаяу әскер, нумидиялықтардан-атты әскер. Балеар аралдары Карфаген армиясына пращниктер-тас лақтырғыштарды берген. Әртүрлі рудан, әртүрлі тілден құралған Карфаген армиясын жергілікті көсемдер басқарған. Оның үстінен Карфагендік әскер басшылары мен офицерлер қадағалаған. Ерекше бөлімдерде әскери пілдер болған, жау шебін бұзу үшін және шайқас кездерінде үрей тудыру үшін қолданылған.
Карфагенде ерекше әскери-теңіз флоты болған. Теңізде жүзуде олар ғасырларға созылып келе жатқан финикиялықтардың тәжірибесін қолданған. Олар бірінші болып бес желкенді кораблдер-пентерлер жасаған, соғыс кезінде қиындықсыз римдік триремдер мен галераларды жойып жіберген. Кемелерінің басында жеті қанатты кораблі гептерлер тұрған.
Соғыс 24 жыл бойы (б.э.д. 264-241 жж.) жүреді. Римдіктер Сицилияға армиясын кіргізеді және бас кезінде біраз жетістіктерге жетеді, бірақ Африкаға апарылған армиясы Регулдың қолбасшылығымен Карфагеннің қасында талқандалады. Теңіздегі болған дауылдардан соң, сонымен бірге құрғақтағы жеңілістерден кейін (Сицилиядағы карфагендіктер армиясын Гамилькар Барка басқарған) римдіктер б.э.д.241 жылы Эгад аралдарында теңіз шайқасында, Сицилияның батыс жағалауына таяу жерде жеңіске жетеді. Соғыс екі жаққа да көп шығын әкелді., Карфаген толығымен Сицилиадан айрылады, содан кейін Сардиния мен Корсикті де тастап шығады. Б.э.д. 240 жылы Карфагендегі жалдамалылар арасында ақшаларын беруді кешіктіргендіктен өте ірі көтеріліс басталады, оны тек б.э.д.238 жылы ғана баса алады.

Бірінші пуни соғысы .бз.б 264-240жж болды. Ең маңыздысы теңізде соғысу болды.Ол кездегі Карфаген қолбасшысы Гамилькар, ал Рим қолбасшысы Катул. 240 ж Эгат аралында карфагендіктер жеңіледі. Нәтижеде Римдіктер Сицилияны өзіне бағындырады. Зама жазығындағы ең соңғыта Ганнибал бірінші және ең соңғы рет римдіктерден жеңіледі. Нәтижесінде 201ж бітім жасалады. Карфаген Африкадағы барлық отарларынан айырылды. Өзінің ұлы державалық атынан айырылды.


Үшінші Пуни соғысы б.з.д 149-146 жж. Ең маңыздысы Кафагендіктердің соңғы демі қалғанша соғысуы. Нумидия патшасы Масиниссанның шабуылына тойтыс беру керек деген қаулы алып қарсы шабуылға кқшеді. Римдіктер 201 ж бітімді бұзды деп Карфагенге соғыс жариялайды. Нәтижесінде Карфагендіктер жеңіліп, тас-талқан болып қиратылады, қала өртеліп, халқы құлдыққа салынады

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар


Карфагендліктердің қоңыстанған жері қалай аталды?
Шығыс аймақ
Жаңа жер
Батыс аймақ
Оңтүстік
Кіші Азия
«Жаңа жер» ұғымы?
Карфагеннің астанасы?
Пуни соғысының себебі мен салдары?
Карфаген мемлекетіндегі әлеуметтік таптар?
Мемлекеттік биліктегі ерекшелігі
Пуни соғысындағы ірі қолбасшылардың саяси портретін беріңіз




№ 9 -10 дәріс

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):Ежелгi Греция тарихы. Деректер мен тарихнамасы. Ұлы Грек отарлауы
1. Халқы, тілі
2. шаруашылығы мен діні
3. Ежелгі Грекия туралы деректер
4. «Формация» ұғымы, тарихи кезеңдеу
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Балкандық Грецияя және Дунайлық регион б.э.д. III мың жылдықта. Гректерге дейінгі халқы. Материалдық мәдениетінің дамуы. Лернедегі қоныс. Солтүстіктен ахей тайпаларының басып кіруі. Еуропадағы алғашқы өркениет -б.э.д. III мың жылдықга Критте таптық қоғамның және мемлекеттің пайда болуы. Крит тарихының дәуірленуі. Кносс басшылық жасаған жалпы Криттік мемлекеттің құрылуы. Б.э.д. ХҮПІ-ХҮ ғғ. Крит теңіз державасы. Египетпен, финикия мемлекеттерімен қарым-қатынасы. Крит жөне Балкандық Греция. Әлеуметтік-экономикалық қатынастар. К^лалардың пайда болуы. Патша билігінің сипаты. Крит мәдениеті мен дінінің ерекшеліктері. Критті ахейліктердің басып алуы және Крит қуатының әлсіреуі. Атлантида туралы аңыз және Санторин аралығындагы вулканның атылуы.
Ахейлік Греция б.э.д. II мың жылдықта. Дәуірленуі, Микаен, Тиринф, Пилос, Фива, Афиныда ерте таптық қоғамның және мемлекеттік құрылымдардың құрылуы. Жазудың пайда болуы. Әлеуметтік-экономикалық қатынастар. Құлдық. Аграрлық қурылысы. Қоғамдық кұрылысындағы әскери элементтің ролі. Сарайлар мен деревнялар. Рулық құрылыс қалдықтарының әсері. Ахей саудасының дамуы және Сицилия мен Оңтүстік Италияны Микеннің колонизациялауы. Микендік орталықтардың Таяу Шығыспен
байланысы. Б.э.д. ХІҮ-ХІП ғғ. Микеннің басымдығы. Троян соғысы және оның Грецияның кейінгі дамуына әсері. Б.э.д. ХІІ-ХІ ғғ. Ахейлік Грецияның дағдарысы және дорийліктердің қоныс аударуы. Микен мемлекеттерінің жойылуы және рулық қатынастардың қайта орнауы. Микен мемлекеттерінің жойылуы жөніндегі әр түрлі көзқарастар.
Гомер поэмалары және археологиялық ескерткіштер осы кезеңнің тарихи дерегі ретінде. Микен өркениетінің, патша шаруашылықтары мен сарайларының жойылуы. Ежелгі шығыс елдерімен сауда қатынастары мен байланыстардың қысқаруы. Б.э.д. ХІ-ІХ ғғ. Грециядағы Микен мұрасының ролі. Балкандық Грецияда және Кіші Азияның батыс жағалауында грек тайпаларының қоныстануы. Эгей теңізі бассейніңде шаруашылық - саяси зонаның құрылуы. Темірді өндірістік игеру. Протогеометриялық және геометриялық керамика. «Илиада» және «Одиссея» бойынша гректердегі шаруашылық пен рулык қатынастардың сипаты. Құлдықгың алғашқы формалары. Мемлекеттік ұйымдасудың алғашқы белгілері.
Таптық қоғамның және мемлекеттің полистар формасында қалыптасуы. Микен мұрасыньщ әсері. Грецияның экономикалық дамуы, техникалық прогресс, жеке меншіктің, тауарлы өндіріс элементтерінің пайда болуы. Грецияның шаруашылық түйықгықтан шығуы. Гесиодтың «Еңбек пен күндер» поэмасы бойынша ауыл шаруашылығы мен сауданың сипаты. Халық санының өсуі. Б.э.д. ҮШ ғ. Жерорта теңізі аймағы және үлы грек колонизациясы. Оның себептері. Негізгі бағыттары. Колонизациялаудың басты орталықтары: Халкидика, Мегары, Коринф, Милет жөне т.б. Ірі грек колониялары және жергілікті халықгар. Олардың карым-қатынасы. Қазіргі тарихнамадағы колонизацияның негізгі концепциялары. Метрополиямен байланысы. Колонизацияның Грецияның әлеуметтік-экономикалық даму процесіне әсері. Қалалық қүрылыстың күшеюі. Сауда мен қолөнердің дамуы, сауда және қолөнермен айналысуышылардың ролінің және қүл иеленушілік қатынастың күшеюі. Рудың жер иеленуші ақсүйектермен әлеуметтік күрестің шиеленісуі. Зандардың жинақталуы және осы актінің маңызы. Ерте грек тираниясы және оның полистік қүрылыстың қалыптасуына және құл иеленушілік қатынастың дамуына әсері. Грецияның жеке облыстарында дамудың біркелкі еместігі. Грек полисының сипаты. Азаматтық туралы үғым. Азаматтық және әскери үйымдасудың бірлігі. Полистік мораль. Полис - тарихтағы қоғамдық-саяси үйымдасудың бір түрі. Грек полистерінің типтері. Пелопоннес б.э.д. ҮІП-ҮІ ғғ.
1. Ұлы грек отарлауының сипаты мен себебі
2. Отарлау бағыттары
3. Ұлы Грек отарлауы туралы жазбаша деректер және оны талдау

Дәрістің қысқаша мазмұны:


Ежелгі Грециялық басым көпшілік аудандарында, ауыл шаруашылығында пайдалануға жарайтын жерлердің жеткіліксіз жағдайында, дүние – мүлік дәрежесіне қарай жіктелу жер таршылығына ерте әкеліп соқты. Жерсіз азаматтар саны көбейді. Қолөнерінде құлдардың арзан еңбегін пайдаланудың күшейе түсуі бұл азаматтардың көпшілігіне қолөнершіге айналуға мүмкіндік бермеді. Полис территориясының шығындығы және оның экономикалық дәрежесінің төменгі өз аймағында кедейленген азаматтардың тек азын – аулақ бөлігінің ғана өлместің күнін көріп, өмір сүруін қамтамасыз ете алатын еді. Бұл мәселеге кезінде К. Маркс назар аударып, былай деп жазған болатын: «Өндірігіш күштің жеткіліксіз дәрежеде өркендеуі азаматтық правоны бұзуға болмайтын, белгілі ара сан қатынасына тәуелді етті. Бұдан құтылудың бірден – бір жолы эмиграция болды».
Жоғарыда айтылған әлеуметтік – экономикалық және саяси өркендеу антик кездегі артық азаматтарды туған полистерінен үнемі және жаппай жер аударумен ұштасып отырды. Бұл жер аударушылықтың б.э.дейінгі VIII ғасырдың аяғында, әсіресе VII және VI ғасырларда, кең көлем алғаны соншалықты, тіпті тарихқа олар ұлы грек отарлауының кезеңі деген атпен енді. Бірінші және негізгі себебінен басқа отарлаудың өркендеуіне теңіз саудасы да әсер етті. Үшінші себебі: грек полистерінде бұл дәуірде таптық және саяси күрестің шиеленісуі болды. Әдетте, сәтсіздікке ұшырап жеңілген әлеуметтік және саяси топтың айрықша белсенді өкілдері не қуылатын, немесе өз ерімен туған полисінен жер аударылатын. Олар корабьдерге мініп, Жерорта теңізінің немесе онымен қатар жатқан теңіздердің жағасындағы бір елге жүзіп барып, ауыл шаруашылығына ыңғайлы, теңізге беті ашық күтшті толқындардан қойнау арқылы қорғанатын, жағадағы бір жерді таңдап қоныстанатын.
Халықтың бір бөлігін туған қаласынан жер аудару көбіне ұйымдасқан түрде жүргізілетін. Жер аударылған топтар өз ортасынан басшы сайлайтын6 ол ойкист деп аталады. Олардан жиналған жалпы қаржыға бір немесе бірнеше корабльдер жабдықталған. Оларға азын – аулақ қорларын, аспаптарын, қару – жарақтарын тиеп, алыс жолға, бөтен жаңа жерге апойкий құруға аттанатын. Жаңа жерде, жаңа келгендерге тосырқап қарайтын, ал тіпті кейде жауыздықпен де қарайтын. Таныс емес тайпалармен көршілес тұру, қорғаныс поселкелерін бірлесіп салу, егіндік жер игеру, жергілікті халықтармен арақатынас орнату т.т. қажет болды. Мұндай жағдайда бұрын өз анында әр түрлі рулар мен кәсіптік мамандықтан арасында белгілі орын алып келген сословиелік ескі әдеттер артқа қалып қойды. Бұл жағдайлар отарлардың көпшілігінің әлеуметтік – экономикалық жағынан тез өркендеп дамуына жағдай жасады. Бұлар мен отарлар бөлініп шыққан полистердің арасында азды – көпті жақын туыстық қатынас сақталғандықтан, отарлар өздерінің метрополияларындағы, яғни ана – қалалардағы – жер аударған қалаларды осылай деп атайтын. Отарлар тәуелсіз полистер болды.
Алғашқыда гректер Эгей теңізшілері Оңтүстік Италияға және Сицилия аралына өте ерте келді. Б.э.д VIII ғасырдың өзінде Италияның батыс жағалауында грек отары Кумы құрылды. Б.э.д VIII және VII ғасырларда Италияның оңтүстігіне қала – отарлар: Кротон, Сибарис, Тарент өркендеп өмір сүрді. Сицилияның жағалауларын отарлау осымен қатар жүргізілді. Мұнда толып жатқан қалалар пайда болды, оның ең белгісі Сирракузы еді.
Отарлау одан әрі Жерорта теңізінің солтүстік жағалауымен батысқа қарай жалғастырылды, өйткені Жерорта теңізінің батыс жағынын оңтүстік жағалауында, өзінің Карфаген деген отарын құрған, мұнда финикилікте үстемдік ететін. Италиядан солтүстік – батысқа қарай гректің ең маңызды отарларының бірі Массалия қаласы орналасты.
Отарлары архаистік дәуірінде басқалардан гөрі тез және қатты дамыған. Ионий, Халкида грек сауда – қолөнер полистерін Эвбей аралындағы Эретрий, Коринф және басқаларын бөліп шығарды. Бірақ жалпы тәртіптен ауытқушылық та табылды болды. Мысалы, кейін гректердің оңтүстік Италиядағы ірі отары болған Тарентті, өз елін саяси жағдайға байланысты тастап кеткен, артта қалған Спартадан шыққан ел құрған.
Грецияның отаршылдық саясатының оңтүстікке қарай екінші негізгі бағыты – Солтүстік Африка жағалауы болды. Мұнда отарлардың саны аздау еді. Олардың ішінен Балкан түбегінен оңтүстікке қарай орналасқан Дорий – Киренаның маңызы күшті болды. Бірақ Африка жағалауындағы ең маңызды отар – б.э.д. VII ғасырда салынған Ніл өзенінің сағасындағы Навкратис қаласы болды. Басқа грек отарларынан мұның ерекшелігі – бұл қала Египеттпен сауда жасауға мүдделі он екі грек қаласынан шыққан адамдардың бірлескен күшімен салынған. Ол өзінің іші автономиясын сақтай отырып, Египет әкімшілігіне бағынды. Сөйтіп Навкратис өзара тиімді грек – египет саудасының аса ірі орталығына айналды.
Грек отарлауының үшінші негізгі бағыты, жоғарыда атап көрсеткендей, солтүстік – шығыс дедік. Эгей теңізінің солтүстік жағалауын игергеннен кейін, гректер Геллеспонттың жағалауын отарлай бастады, одан кейін Пропантиданың оңтүстік жағалауына қоныстанды, содан барып ақырында Фракия Боспорының жағалауына жалғасты. Бұл ауданда құрылған отарлардың ішінен ең маңыздысы Мрамор теңізінің жанында егін шаруашылығымен айналысатын Халкедон отары құрылды. Бұдан біраз уақыт кейін Боспордың европалық жағалауында, Алтын Мүйіздің жанында гректердің жаңа сауда отары Византия пайда болды. Бұл Қара теңіз жағалауларына баратын жолдағы транзитті порт болып, өзінің өркендеу жолында егін шаруашылығымен айналысатын Халкедонды тез басып озды. Гректер Қара теңіз жағалауынан негізінен астық әкелетін еді.
Гректер б.э.д. VIII ғасырдың өзінде – ақ Босфордан өтіп, Қара теңіздің оңтүстік жағалауымен жүзіп отырып, сонау алыс шығыста темір рудасын өндіретін кенді жерде Синопу отарын құрды. Бірақ Қара теңіз жағалауына одан әрі жылжу осымен тоқтатылды. Грецияның солтүстік – шығысында орналасқан, аралдары жоқ Қара теңіз грек теңізшілері үшін қиындықтар жасады. Қара теңіз жағалауын жауынгер тайпалар жайлайтын және ол көп жерлерде көпестер мен жаңа қоныс аударушыларын жаға түсуіне қатерлі болатын. Сондықтан да гректер теңіздің жергілікті атын тек жадында ғана ұстады да, оның атын өздерінше өзгертті, сөйтіп алғашқыда Аксин Понты деп атады, яғни қонақ – жай емес теңіз деген сөз.
Бірақ кейін, алғашқыда батыс жағалауда, ал б.э.д. VII ғасырдың аяғында Қара теңіздің солтүстік жағалауында Днепр – Буг қойнауының жанында Березань аралында милеттіктер тұратын гректің шағын ғана сауда отары пайда болды. Оның артынан Қара теңіз жағалауының солтүстігінде бірнеше грек қалалары салынды. Жергілікті тайпалаордың ру аристократтары грек қолөнер өндірісінің заттарын қызыға сатып алып, оның орнына астық және басқа азық – түлік товарларын және шикізат берді. Милеттен шыққан гректер Буг өзенінің оң жақ жағалауында, Днепр – Буг қойнауының жанында, гректердің Солтүстік Қара теңіз жағалауындағы өте маңызды отарларының бірі болған Ольвияны салды. Милеттіктер Қырымда Феодосия қаласын, Киммерий Боспорынының жағасында қазіргі Керчьтің орнында Пантикапей қаласын салды. Кейін бұл қала Солтүстік Қара теңіз жағалауында гректер милеттіктер Диоскуриаду отарларын құрды.
Ионийлік гректер Кубань өзенінің атраунда – Тамань түбегінде бірқатар отарлар құрды, олардыңң ішінен Фанагория ерекше көзге түсетін еді. Гректер Меотидағы Азов теңізі арқылы өтіп, оның солтүстік – шығыс жағалауында, қазіргі Дондағы Растовкаға жағын жерде, ең солтүстіктегі отар – Танаисті құрды.
Б.э. дейінгі V ғасырдың басында Қара теңіздің оңтүстік жағалауында орналасқан дорий отары, Гераклиден Қырымның оңтүстік жағалауына, Херсонеске аударылан болатын.

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар


#001
Грек-парсы соғысында I Дарий қай жердегi шайқаста жеңiлiс тапты?
A) Фермопиль түбiндегi шайқаста.
B) Саламин шайқасында.
C) Марафон шайқасында.
D) Платей түбiндегi шайқаста.
E) Афин шайқасында.
@3
@009
#002
Ежелгi грек аңызы бойынша Прометей кiм болған?
A) Соғыс құдайы.
B) Олимптың иесi.
C) Адамдарға шарап жасауды үйретушiлер.
D) Адамдарға от әкелiп берушi.
E) Күн құдайы.
@2
@001
#003
Құлиеленушiлiк құрылыс қай жерде жақсы дамыды?
A) Орта Азия.
B) Русь.
C) Қара теңiз жағалауында.
D) Закавказье.
E) Қазақстан территориясында.
@2
@001




№ 11-12
дәріс

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары): Дәріс 11 Афина және Спартак полисі
Дәріс 12 Македония Филипп Македонскийдің Ішкі және сыртқы саясаты:
1 Афинадағы басқару жүйесі
2 Жазбаша және заттай деректері
3 Солон реформасы
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Афины қолөнер-аграрлық полис ретінде. Б.э.д. ҮІІІ-ҮІ ғғ. Аттика тарихының деректері. Аттика микендық дәуірде жөне Афинының тарихи дамуындағы микендық мұраның ролі. Рулық құрылыстың ыдырау кезендері, ерте таптық қатынастардың және мемлекеттің пайда болуы. Қолөнер мен сауданың дамуы және осы кәсіптермен айналысуышы топтардың көбеюі. Олардың ру ақсүйектерімен кұресі. Драконггық правоны жинақгауы және оның жеке меншікті дамытудағы ролі. Әлеуметтік күрестің шиеленісуі. Солон зандары. Оның әлеуметтік-экономикалық жөне саяси реформалары. Азаматтардың орта топтары позициясының күшеюі. Афины азаматтарының өлеуметтік-саяси праволарына нұқсан келтірмейтіндей жағдайдың қалыптасуы. Аттикада қолөнердің дамуы. Б.э.д. Афины экспортының өсуі. Сауда және қолөнермен айналысушы әлеуметтік топтардың әлеуметтік-саяси жағдайының күшеюі. Олардың рулық, жер иеленуші аристократтармен күресі. Афиныдағы тирания. Писистраттың сыртқы және ішкі саясаты. Лидия мен Египетпен байланыстары. Афиныдағы тиранияның құлауы және оның себептері. Гиппийдің қуылуы. Спартаның араласуы, Билікке Клисфеннің келуі. Клисфен заңдары және Афины құл иеленушілік демократиясының қалыптасуы. Ф.Энгельс Афины полисының дамуы үшін Солон және Клисфен заңдарының маңызы туралы.
Грецияның басқа облыстарындағы полисгер
Орталық Греция және Фессалия. Әртүрлі облыстардың біркелкі дамымауы. Эвбейдегі Халкидика және Эретрия, Фокея. Б.э.д. ҮПІ-ҮТІ ғғ. олардың ролі. Үлы грек колонизациясына белсеңді араласуы. Мегары б.э.д. ҮІІІ-ҮІ ғғ. Дельфы амфиктониясы. Фивы және Беотия одағы б.э.д. ҮІ ғ.Фессалияның әлеуметтік-экономикалық дамуының ерекшеліктері. Кіші Азияның батыс жағалауындағы грек кала-мемлекеттері. Милет - б.э.д. ҮІІІ-ҮІ ғғ. ең ірі полис. Лидия және Фригиямен байданысы. Милеттегі шаруашылықтың өсуі. Үлы грек колонизациясындыға Милеттің ролі. Әлеуметгік қатынастары. Ішкі күрестері. Фрасибула тираниясы және оның құлауы. Лидия және Парсы патшалықтарымен ьсдрым-қатынастары. Кіші Азияның басқа да полистері. Парсылардың Кіші азиялық полистерді басып алуы.
Эгей теңізінің аралдарындағы грек қала-мемлекеттері. Эгина, Родос, Самостағы Поликрат тираниясы. Үлы Грециядағы грек колониялары. Олардың экономикалық жөне саяси күшеюі. Карфаген және этрускілермен күресі. Б.э.д. ҮІ ғ. соңындағы грек дүниесі. Афина қаласы ежелгі өркениет орталықтарының бірі, Грекияның астанасы. Эгей теңізінің жағасында, Аттика түбегіндегі төбелі жазықта орналасқан. Ол өзімен іргелес жатқан ең ірі теңіз порты — Пиреймен қосылып, үлкен Афинаны құрайды (аумағы 433,28 км²). Афина — Жерорта теңізінің жағалауындағы ең ірі қалалардың бірі. Тұрғыны 3,4 млн. адам (1994). Климаты жерортатеңіздік (жазы — ыстық, қуаң, қысы — жылы, жаңбырлы), қаңтар айының орташа температурасы 90С, шілде айының орташа температурасы 270С. Ежелгі Грекия тарихында Спартамен қатар жетекші рөл атқарған қала-мемлекет. Қала әйел құдай Афина Палладаның (Зевстің қызы) есімімен аталған. Қала-мемлекеттің қалыптасу тарихын баяндайтын негізгі еңбек — Аристотельдің “Афина политиясы”. Афиналықтар шежіресі бойынша, қала Афина акрополінің төңірегінде (бұл жерде микен дәуірінің кезінде-ақ бекініс тәрізді елді мекендер мен б.з.б. 16 — 13 ғасырларда салынған сарайлар болған) таңдаулы рулық қауымдарды біріктірудің нәтижесінде пайда болған. Б.з.б. 5 ғасырдың 2-жартысында бұған дейін бірнеше әлеуметтік-саяси реформаларды басынан өткерген Афина мәдени гүлденудің (“Периклдің алтын ғасыры” деп аталатын) ең биік деңгейіне жетті. Афинада көрнекті ғалымдар, суретшілер мен ақындар: тарихшы Геродот, философ Анаксагор, мүсінші Фидий, ақындар Эсхил, Софокл, Еврипид, комедияшы Аристофан өмір сүрді. Афиналық жазушылардың тілі — аттика диалектикасы бүкіл эллиннің әдеби тіліне айналды. Әсем үйлер салынды. Гипподам жобасы бойынша салынған тұтас бекіністің Акрополь ансамблін құрайтын негізгі ғимараттары — әлемдік сәулет өнерінің озық үлгілерінің бірі Парфенон храмы (б.з.б. 438 — 447 жылдары салынған), Фидийдің мүсіндері, т.б. бейнелеу өнерінің туындылары кейінгі ғасырлар суретшілері үшін шеберлік мектебі іспеттес болды. Алайда, “алтын ғасыр” ұзаққа созылған жоқ.
Адамзат өркениеті ошағының бірі болған Афина ішкі жанжалдардың, алауыздықтың салдарынан, 176 жылы Римнің қол астына өтті. Рим үстемдігіне қарсы бас көтерген Афинаны Корнелий Сулланың әскерлері жаулап, қалаларын қиратты. Б.з. 3 ғасырында сыртқы жаулардың шапқыншылығынан Афина біржола дербестігін жоғалтты. Қазіргі Афинада ежелгі грек, рим заманы мен орта ғасырлардың сәулет ескерткіштері жақсы сақталған.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
#001
Ежелгi Грек демократиясы қандай демократияға жатты?
A) Алғашқы қауымдық демократияға.
B) Әскери демократияға.
C) Құл иеленушiлiк демократияға.
D) Феодалдық демократияға.
E) Демократия болған жоқ.
@3
@005
Спарта мемлекеті
Географиялық жағдайы
1 Спарта мемлекеті
2 Спарталықтар және илоттар
3 Спарталыықтардың өмір сүру салттары мен ерекшелігі Географиялық жағдайы
4. Спарта мемлекеті
5. Спарталықтар және илоттар
6. Спарталыықтардың өмір сүру салттары мен ерекшелігі
Пелопоннестің басты полистері: Спарта, Коринф, Аргос.
Спарта аграрлық полистың үлгісі ретінде. Спа́рта (көне грекше: Σπάρτη, лат. Sparta) немесе Лакедемон (көне грекше: Λακεδαίμων, лат. Lacedaemon) – ежелгі грек қала-мемлекеті (полис), алғашында Эврот өзенінің алабында (Лаконика аймағы) орналасқан, кейін б.з.б. 6 – 1 ғасырларда Пелопоннестің оңтүстік бөлігін қамтыған. Гомердің “Илиада” шығармасына қарағанда, Спарта Лакониканың ахейялық 12 қауымының бірі. Б.з.б. 12 ғасыр шамасында дорийліктер Пелопоннеске басып кіріп, Спарта қоныстарын қиратты. Археологиялыұ мәліметтер бойынша жаңа дорий қонысы Спарта деген атпен б.з.б. 10 – 9 ғасырларда басқа жерде – Эврот өзеннің жағасында пайда болған. Б.з.б. 8 – 6 ғасырларда Спарта көрші аймақтар: батыста Мессанияны, шығыста Клаурияны жаулап алды. Спартаның барлық жері мемлекеттік меншігіне алынды. Бұл жерлер Спартаның толық құқылы азаматтары – спарталықтарға мұра ретінде пайдалануға берілді. Жерді басыбайлы құлдар – илоттар өң- деді.
Ал Спартаның бұрынғы жергілікті халқы – периэктер (жеке басы ерікті, бірақ саяси құқы жоқ) қолөнермен және саудамен айналысты.
Спарталықтардың өздері жеті жасынан әскери қызметке тартылды. Спартаның саяси құрылысы рулық-тайпалық сипатта болды. Халық жиналысы (апелла) жоғарғы орган саналды. Мемлекетті екі әулеттен (Еврипоний және Ашад) шыққан екі патша басқарды. Олар әскери жасақтарға жетекшілік етіп, бірқатар діни міндеттерді жүзеге асырып отырды, ал ішкі және сыртқы саясаттың аса маңызды мәселелерін ақсақалдар кеңесі (герусия) шешті.
Экономикаалық жағынан Спарта қолөнер мен саудасы нашар дамыған, рулық қатынастар сақталған аграрлық қауым болды. Сәулет өнері мен өнерге мән берілмеді. Заңдар өте қатал болып, тәуелді халықты аяусыз қанады. Б.з.б. 6 ғасырдың аяғында Спарта Пелопоннес одағын басқарып, бүкіл Грекияда билік жүргізу үшін Афинымен Пелопоннес соғысын (б.з.б. 431 – 404) жүргізді. Спарта жеңіске жетіп, біраз уақыт Грекияда үстемдік құрды. Бірақ билеушілердің ішкі дағдарысы Спартаның соғыс күшін әлсіретті. Ол б.з.б. 371 – 362 жылы болған соғыстарда өз қарсыластарынан күйрей жеңілді. Б.з.б. 338 жылы Спарта Македонияға, ал 146 жылы Римге бағынып, мемлекет ретінде жойылып кетті.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар?
1. Спартак дегеніміз кім?,
2. Спартак бастаған құлдар көтерлісі қашан болды?
3. Гладиаторлар кімдер?
Спарта полисі....-эссе жазу




№ 13
дәріс

Ежелгi Рим тарихы деректер мен тарихнамасы
1.Ежелгі Рим тұрғындары. Табиғаи жағдайы
2. Рим қаласының қалыптасуы мен дамуы, аңыз-деректер
3. Ежелгі Рим мемлекетінің кезеңдері
4. Ежелгі Римдегі басқару жүйесі Дәрістің қысқаша мазмұны:
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Рим империясы (лат. Roma antiqua) – ежелгі Италиядағы қауым, кейіннен бүкіл Батыс және Оңтүстік Шығыс Еуропаны, Солтүстік Африканың теңіз жағалауларын, Египетті, Кіші Азияны, Сирияны құрамына қосып алған Жерорта теңіз бойындағы империя. Аңыз бойынша (лат. Romulus және Remus жайлы) б.з.б 8 – 6 ғасырлардың басында сәби кезінде қасқыр өсірген Ромул Римнің негізін қалап, алғашқы патшасы болған. Ромулдан кейін Рим тағына Нума Помпилий, Тулл Гостилий, Анк Марций, Тарквиний Приск, Сервий Тулий және тәкәппар Тарквиний отырған.
Тарихи кезеңдері:

  • Патшалық кезең (б.з.д 754/753 — 510/509).

  • Республика (б.з.д 510/509 — 30/27 жыл)

  • Ерте Рим Республикасы (б.з.д 509—265 жылдар)

  • Кейінгі Рим Республикасы (б.з.д 264-27 жылдар)

  • Орта (классикалық) Республика кезеңі (б.з.д 287—133 жылдар)

  • Империя (б.з.д 30/27 жыл — б.з 476 жыл)

  • Ерте Рим империясы. Принципат (б.з 27/30 — 235 жыл б.з)

  • Кризис III ғасыр (235—284 жылдар)

  • Кейінгі Рим империясы. Доминат (284—476 жылдар)

Халық құрамы:
Рим халқының толық құқылы тұрғындары бөлінді:

  • Ру

  • Курия

  • Трибтар

Алғашқыда Рим халқына патрицийлер (Римнің тума тұрғындар) ғана жатты. Ал Римнің рулық ұйымынан тыс тұрғындары плебейлер (сырттан келіп қосылғандар) деп аталды. Б.з.б 510 жылы Тарквиний тақтан құлатылғаннан кейін Римде республикалық басқару тәртібі орнады. Билік органдары:

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
#01
“Преториандықтар” деп Ежелгi Римде кiмдердi атаған?
A) Құлдарды.
B) Римнiң еркiн тұрғындарын.
C) Император күзетiнiң әскерлерiн.
D) Келген саудагерлердi.
E) Ақсақалдарды.
#02
Республикалық Римдегi билеушiлер қалай аталды?
A) Халық трибундары.
B) Преторлар.
C) Консулдар.
D) Патрийлер.
E) Сенатурлар.
1.Рим әскери күші
2. Тиберий мен Гай Гракх реформасы
3. Азамат соғысының себебі мен сипаты
4. Соғыстың негізгі кезеңдері
5. Спартак бастаған құлдар көтерлісі
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Б.з.б 4 ғасырдың 2 жартысында Рим Орта Италияны өзіне қаратты. Кейін Рим Жерорта теңізінің бастысындағы Карфагенмен соғысып, нәтижесінде Жерорта теңіз бойындағы аса ірі мемлекетке айналды
Рим енді толығымен полистік мемлекеттен біртұтас мемлекеттің астанасына айналды. Экономикасында құлдардың еңбегі кеңінен пайдаланылды, ел аумағында құлдардың саны өсті. Ол б.з.б 74 – 71 ж Спартак бастаған құлдардың аса ірі көтерілісіне алып келді.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
#001
Ежелгi Римде плебейлер не үшiн күрестi?
A) Плебейлер құлдықтан құтылғысы келдi.
B) Плебейлердiң жерi болмады.
C) Плебейлер азаматтық праволар үшiн күрестi.
D) Саяси билiк үшiн күрестi.
E) Плебейлер салық төлегiсi келмедi.
//002
Гавгамелах түбiндегi ұрыс қашан болды?
A) Б.э.д.222 ж.
B) Б.э.д.331 ж.
C) Б.э.д. 330 ж.
D) Б.э.д. 229ж.
E) Б.э.д.228 ж.
#03
Спарт бастаған құлдар көтерлiсi қашан болды?
A) Б.э.д. 74-71 жж.
B) Б.э.д. 74-70 жж.
C) Б.э.д.68-65 жж.
D) Б.э.д. 74-70 жж.
E) Б.э.д. 71-68 жж.
#04
Римдегi азамат соғысы қашан болды?
A) Б.э.д. 125-123жж.
B) Б.э.д. 133-30 жж.
C) Б.э.д. 133-130 жж.
D) Б.э.д. 133-120 жж.
E) Б.э.д.133-131 жж.




№ 14
дәріс

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары): № 15 дәріс. Рим империялық кезеңде, Римнің екіге бөлінуі
1.Ежелгі Рим тұрғындары. Табиғаи жағдайы
2. Рим қаласының қалыптасуы мен дамуы, аңыз-деректер
3. Ежелгі Рим мемлекетінің кезеңдері
4. Ежелгі Римдегі басқару жүйесі Дәрістің қысқаша мазмұны:
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Рим империясы (лат. Roma antiqua) – ежелгі Италиядағы қауым, кейіннен бүкіл Батыс және Оңтүстік Шығыс Еуропаны, Солтүстік Африканың теңіз жағалауларын, Египетті, Кіші Азияны, Сирияны құрамына қосып алған Жерорта теңіз бойындағы империя. Аңыз бойынша (лат. Romulus және Remus жайлы) б.з.б 8 – 6 ғасырлардың басында сәби кезінде қасқыр өсірген Ромул Римнің негізін қалап, алғашқы патшасы болған. Ромулдан кейін Рим тағына Нума Помпилий, Тулл Гостилий, Анк Марций, Тарквиний Приск, Сервий Тулий және тәкәппар Тарквиний отырған.
Тарихи кезеңдері:

  • Патшалық кезең (б.з.д 754/753 — 510/509).

  • Республика (б.з.д 510/509 — 30/27 жыл)

  • Ерте Рим Республикасы (б.з.д 509—265 жылдар)

  • Кейінгі Рим Республикасы (б.з.д 264-27 жылдар)

  • Орта (классикалық) Республика кезеңі (б.з.д 287—133 жылдар)

  • Империя (б.з.д 30/27 жыл — б.з 476 жыл)

  • Ерте Рим империясы. Принципат (б.з 27/30 — 235 жыл б.з)

  • Кризис III ғасыр (235—284 жылдар)

  • Кейінгі Рим империясы. Доминат (284—476 жылдар)

Халық құрамы:
Рим халқының толық құқылы тұрғындары бөлінді:

  • Ру

  • Курия

  • Трибтар

Алғашқыда Рим халқына патрицийлер (Римнің тума тұрғындар) ғана жатты. Ал Римнің рулық ұйымынан тыс тұрғындары плебейлер (сырттан келіп қосылғандар) деп аталды. Б.з.б 510 жылы Тарквиний тақтан құлатылғаннан кейін Римде республикалық басқару тәртібі орнады. Билік органдары:

  • Халық жиналыстары

  • Магистратуралар

  • Сенат

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
#01
“Преториандықтар” деп Ежелгi Римде кiмдердi атаған?
A) Құлдарды.
B) Римнiң еркiн тұрғындарын.
C) Император күзетiнiң әскерлерiн.
D) Келген саудагерлердi.
E) Ақсақалдарды.
#02
Республикалық Римдегi билеушiлер қалай аталды?
A) Халық трибундары.
B) Преторлар.
C) Консулдар.
D) Патрийлер.
E) Сенатурлар.
1. Империяның құрылуы мен дамуы
2. Тиберий, Клигула, Клавдий, Нерон
3. Траян билігі(98-117 жж.)
4.Рим империясындағы дағдарыс, себебі,салдары мен сипаты
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Рим мемлекеті аримяға ерекше көңіл бөлді. Олардың армиясы жеңіл жіне ауыр қаруланған атты және жаяу әскер болды. Негізгі күші атты армия.
Рим армиясының ерекшелігі :

  • -- жері болды

  • -- армия легиондарға бөлінді, олар 10 отряттан тұрды

  • -- өте қатал болды

  • -- олар құрылыс жұмыстарын салды.

Гай Юлий Цезарь б.з.б100-44 жж өмір сүрген даңқты римдік қолбасшы, саяси қайраткері әрі шешен болған. Цезарь — патрицийлік Юлийлер әулетінің өкілі. Билеуші Сулланың тұсында Римді тастап, Кіші Азияға кетуге мәжбүр болды. Сулла қайтыс болғаннан кейін (б.з.б. 78 ж.) Римге қайта оралып, саяси күреске араласты. Оның кезінде Рим Жерорта теңізі бойында өктемдік еткен ірі мемлектке айналды
Рим империясы (латынша Imperium Romanum, Res publica Romana (Рим республикасы) , грекше Βασιλεία Ῥωμαίων)-ежелгi римдiк постреспубликалықфазасынынөркениет дамуындагыерекше белгiлер, басқарудын автократиялық формасы және Еуропадағы үлкен аймақтық иелiктерi мен Жерорта теңiзi. Римдiк империянын хронологиялық шеңбері Август бiрiншi императорының басқаруынан бастап, екi бөлiкке бөлуiне дейiн қамтиды, ягни б.з.б. 27 жылдан 476 жылдар аралыгы. Римдiк империя тарихының периодизациясы жолға байланысты өзгешеленедi. Осылай, қарастыру кезiнде құрылымның мемлекеттiк-құқықтысымен екi негiзгi кезең козге туседi: 1. Қағидашы - мемлекеттiк құрылымның республикалық және монархиялық формалары, б.з.б. I ғасырда — б.з. III ғасыр Б.з.б 31 жылы Антоний мен Октавиан арасындағы соғыс нәтижесінде, Октавиан жеңіске жетіп, Римнің шексіз билеушісі атанады. Б.з.б 29 жылы сенат оған император титулын, б.з.б 27 жылы құрметті Август (ұлы етемін, мәртебелі) атағын берді. Август кезінен мемлекет басқару жүйесі «принципат» қалыптасты. Ол жоғары әскери өкіметті өз қолына алды. Диаклектинан мен Константин билеген тұста билік императордың қолына біржолата көшті. Басқарудың бұл жүйесі «доминат» деп аталды. Константин Рим империясының астанасын Византия қаласына көшіріп, оны Константинопль деп атаған.

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар


#01
Германдық тайпалар вандалдар қашан Римдi басып алды?
A) У ғ.
B) 450 ж.
C) 455 ж.
D) 448 ж.
E) 454 ж.
#02
Бiрiншi олимпиялық ойын қашан болды?
A) Б.э.д.776 ж.
B) Б.э.д.II ғ.
C) Б.э.д. 774 ж.
D) Б.э.I ғ.
E) Б.э.д.780 ж.

#03
Марк Туллия Цицерон қашан билiк құрды?


A) Б.э.д.106-43жж.
B) Б.э.д.100-80 жж.
C) Б.э.д.85-80 жж.
D) Б.э.д. 105-90 жж.
E) Б.э.д. 106-100 жж.
#04
Принципат кезi қай жылдар?
A) Б.э.д.Б.э.д.30 ж.-б.э.192.
B) Б.э.д. 25 ж.-б.э.191 ж.
C) Б.э.д.II ғ.
D) Б.э.д.30 ж.-б.э.185 ж.
E) Б.э.д. I ғ.
@1
@011

#05
Цивитас дегенiмiз не?


A) Одақ.
B) Азаматтық қауымдастық.
C) Тайпалық ұйым.
D) Әскеи одақ.
E) Мәдени даму сатысы.




№ 15
дәріс



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет