Қан топтары
Жарақаттанып қаны азайған адамға қан құйып, ағып кеткен қанның орнын толтырады.Қан құйып емдеу дәрігердің ежелгі арманы болатын. Алдымен жануар қанын адамға, кейін адам қаны адамға құйылды, бірақ бұл тәжірибелердің бәрі де сәтсіздікке ұшырады. Бір адамның қаны екінші адамға алдын ала тексермей құя салуға болмайтыны анықталды. Мұның себебін білуде гетерогемоагглютинация мен изогемоагглютинация құбылыстарының ерекше мәні бар.1836 жылы Губер жануарлардын бір түрінен қан алып, оны екінші түріне (қойдың қанын қоянға) құйған. Мұның нәтижесінде қоян қанындағы эритроциттер бір біріне жабысып, желімденіп қалатыны, яғни агглютинацияланатыны байқалды. Екі түрлі жануарлардың қанын араластырған кезде эритроциттерінің бір біріyе жабысып қалуы гетерогемоагглютинация деп аталады. 1901 жылы Ландштейнер бір адамның қаның екінші адамға құйған кезде эритроциттердің агглютинацияланатынын, желімдеген эритроциттер жарылып олардан гемолизин (қанды ерітетін улы зат) бөлініп шығатынын, бұл гемолитикалық шокка апарып соғатынын анықтады. Бір түрге жататын екі жануардың қанын араластырғанда да эритроциттер агглютинациясы пайда болады, мұны изогемоагглютинация дейді. Эритроциттердің желімдену себебін Прага университетінің профессоры Янский ашты.Тірі организмнен тыс жерде тәжірибе жасап, көрген адамдардың қандарын алма кезек араластырып мұның нәтижесінде адам қанында, яғни оның эритроцитінің мембранасын 2 түрлі (А және В) агглютиногендер, ал плазмада сол агглютиногендерге сәйкестелетің 2 түрлі агглютининдер желімдейтін (α) не (β) болатынын анықтады. А- агглютиногені бар эритроциттерді плазмалық α-агглютинин жабыстырса, В- агглютиногені бар эритроциттерді β- агглютинин жабыстырады. Демек, бір адамның қанында әрі желімденетін, әрі желімдейтін аттас заттар (А - агглютиноген, α- агглютининмен, В- агглютиноген β-агглютининмен) болмайды. Белгілі 4 заттан (А, В және α, β ) тек 4 комплекс құруға болады. Осы ойға келіп адам қанын 4 топқа бөлді. Халықаралық келісім бойынша қан тобы белгілерінде оның агглютиноген қан тобы көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |