Оαβ (I); Аβ ( I I ); Вα ( I I I ); АВо ( I V ).
Адам қанын 4 топқа бөлініп қай тобын қай топқа құюға болатынын анықтап берді. Құйған кезде аттас агглютиноген агглютининмен кездессе (А мен α, В мен β ), алдымен құйылған қанның( қан беретін адам –донордің) эритроциттері жабысады. Донордың аздап эритроциттері реципиент (қан қабылдайтын адам ) плазмасы көптеген агглютининдермен кездеседі. Сондықтан қанның құю тобын анықтау үшін донор эритроцитінде агглютиноген, реципиент плазмасында агглютинин бар – жоқтығын ескеріп, агглютинация болатынын плюс ( +) немесе болмайтынын минус (-) белгісімен белгілеп тіркеуге болады. Осы 4 топтағы қан АВО жүйесіндегі топтар деп аталады ( мұны АВ ноль деп оқу керек), бұлардың ішінде әсіресе қаны I топқа жататын адамдар көп (46% ), II топтағылар сәл аз ( 42% ), ең азы III топтағылар (9% ), IV топтағылар (3% ). 'Бірінші топ - қаны бұл топқа жататын адамдар ырымшылдыққа қарсы, жігерлі, табанды, әзіл –сықаққа бейім, өмірдегі құбылыстарға көзін ашып қарайтын, айқындықты ұнататын болып келеді. Екінші топ - сезімтал, сәл нәрседен көңлң қалғыш, сырттай қарағанда ұстамды әрі байсалды болып көрінгенімен, жүйкесі жұқалау. Өзіне-өзі талап қойғыш, өз іс-әрекеттерін мұқият бақылап отырады. Үшінші топ - секемшіл, өзін қоршаған ортаға сезікпен қарайды, сары уайымға жиі салынады. Бірақ сабасына тез түсіп, болған жәйтті тез есінен шығарады. Төртінші топ - көздеген мақсатына жетуге жан- тәнін аямайды, басқа адамдарды өз мақсатына пайдалануға шебер, махаббат мәселесінде шыдамсыз әрі табансыз
Достарыңызбен бөлісу: |