1 Дәріс Кәсіпкерлік: түсінігі, мәні, негізгі түрлері және ұймдастырушылық нысандары



бет6/7
Дата20.12.2023
өлшемі64,5 Kb.
#141846
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1 апта дәрісі.Кәсіпкерлік түсінігі, мәні, негізгі түрлері және ұйымдастырушылық нысандары

Акционерлiк қоғам. Өзiнiң қызметiн жүзеге асыру үшiн қаражат тарту мақсатында акция шығаратын заңды тұлға акционерлiк қоғам болып танылады. Акционерлiк қоғамның акционерлерi осы заң актiлерiнде көзделгеннен басқа жағдайларда, оның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi және өзiне тиесiлi акция құнының шегiнде қоғамның қызметiне байланысты шығындар тәуекелiн көтередi. 
Акционерлiк қоғамның жарғылық капиталы. Акционерлiк қоғамның жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерi және оны қалыптастыру тәртiбi, сондай-ақ оны ұлғайту тәртiбi Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен айқындалады. 
Акционерлік қоғам екі түрге бөлінеді: еншiлес және тәуелдi акционерлiк қоғам
Еншiлес ұйым. Жарғылық капиталының басым бөлiгiн басқа заңды тұлға қалыптастырған, не олардың арасында жасалған шартқа сәйкес (не өзгедей түрде) негiзгi ұйым осы ұйымның қабылдайтын шешiмдерiн айқындай алатын заңды тұлға еншiлес ұйым болып табылады.
Тәуелдi акционерлiк қоғам. Егер акционерлiк қоғамның дауыс берушi акцияларының жиырма проценттен астамы, басқа (қатысушы, басымырақ) заңды тұлғанiкi болса, ол тәуелдi қоғам деп танылады. 
Өндiрiстiк кооператив. Азаматтардың бiрлескен кәсiпкерлiк қызмет үшiн мүшелiк негiзде олардың өз еңбегiмен қатысуына және өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң мүлiктiк жарналарын бiрiктiруiне негiзделген ерiктi бiрлестiгi өндiрiстiк кооператив деп танылады. 
Кооператив мүшелерi екеуден кем болмауға тиiс. Өндiрiстiк кооперативтiң мүшелерi кооператив мiндеттемелерi бойынша Өндiрiстiк кооператив туралы заңда көзделген мөлшер мен тәртiп бойынша қосымша (жәрдем беру) жауапты болады. 
Өндiрiстiк кооперативтiң және оның мүшелерiнiң құқықтық жағдайы заң құжаттарына сәйкес белгiленедi. 
Шаруа қожалығының мүлкi, егер оның мүшелерiнiң арасындағы шартта өзгеше белгiленбесе, оларға бiрлескен меншiк құқығында тиесiлi болады. Бiрлескен қызмет туралы шарт негiзiнде жай серiктестiк нысанында ұйымдастырылған фермер қожалығының мүлкi оның мүшелерiне ортақ үлестiк меншiк құқығында тиесiлi болады. Өзiндiк кәсiпкерлiкке негiзделген фермер қожалығының мүлкi оған жеке меншiк құқығында тиесiлi болады.
Шаруа немесе фермер қожалығының қызметi нәтижесiнде алынған жемiстер, өнiм мен кiрiстер шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерiнiң ортақ мүлкi болып табылады және олардың арасында келiсiм бойынша пайдаланылады.
Консорциум - бiрлескен шаруашылық қызмет туралы шарт негiзiнде заңды тұлғалар нақты шаруашылық мiндеттерiн шешу үшiн белгiлi бiр ресурстарды бiрiктiрiп, күш-жiгердi үйлестiретiн ерiктi түрде тең құқықты уақытша одақ (бiрлестiк).
Консорциумға қатысушылар өздерiнiң шаруашылық дербестiгiн сақтап қалады және басқа консорциумдардың, қауымдастықтардың қызметiне қатыса алады. Консорциумға қатысушылардың арасындағы қатынастар шарт негiзiнде құрылады. Консорциумды басқару консорциумға қатысушылардың консорциалдық келiсiмiне сәйкес жүзеге асырылады.
Шаруашылықтық ассоциациялар (қауымдастықтар) – бір түрлі не бір саладағы қызмет атқару мен жалпы қызметті шоғырландыру үшін құрылатын кәсіпорындардың келісілген бірлестігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет