1 Дәріс Кәсіпкерлік: түсінігі, мәні, негізгі түрлері және ұймдастырушылық нысандары


Кәсіпкерліктің типтері мен түрлері



бет3/7
Дата20.12.2023
өлшемі64,5 Kb.
#141846
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1 апта дәрісі.Кәсіпкерлік түсінігі, мәні, негізгі түрлері және ұйымдастырушылық нысандары

2 Кәсіпкерліктің типтері мен түрлері
Кәсіпкерлік қызметінің типі кәсіпкердің тұтыну қажеттіліктерін қанағаттандыру үрдісіндегі орнымен анықталады. Жалпы оқулықтарда кәсіпкерлік қызметтің үш типі ажыратады.:

  • Өндірістік;

  • Коммерциялық

  • Қаржылық.

Өндірістік кәсіпкерлік қызметі, кәсіпкердің тікелей өнім, тауар, жұмыс, қызмет өндіру жағдайларымен айқындалады. Өндіру функциясы кәсіпкердің негізгі қызметін, ал өнімді сату және т.б. функциялары қосымша функциялары ретінде есептеліп, өндіру функциясына ілеспелі қосымша әрекеттер ретінде саналады. Жекелеген ұйымдар не тұлғалар тарапынан кәсіпкерге қызмет көрсетушілер кей жағдайда өндіруші мен тұтынушы арасындағы агенттер ретінде танылып, өндірістік мәміленінің орындалуына ықпал ететін делдалдарға айналады. Мемлекеттік, жергілікті қаржы органдары, салық инспециясы өндірістік-кәсіпкерлік қызметке жанама қатысушылар болып саналады.

Кәсіпкерлік түрлері:


ӨНДІРІСТІК:
- тауар өндірісі
- қызмет көрсету
- тауарды өндірістік тұтыну,
- қызметті өндірістік тұтыну
- ғылыми-техникалық жаңалықтар өндірісі
- инновациялық қызметтер мен өнімдер өндірісі
- ақпараттық қызмет өндірісі
Коммерциялық:
- саудалық
- саудалық-сатып-алу
- саудалы-делдалдық
- тауар биржалары
- сауда үйлері
Қаржылық:
- банктік қызметтер мен операциялар
-сақтандыру қызметтері
- аудиторлық қызметтер
= лизингтік қызметтер
- қор биржалары
Кеңестік (консалтингтік):
- жалпы басқару бойынша кеңестер
- әкімшіліктік қызмет бойынша кеңестері
- қаржылық басқару кеңестері
- маркетингтік қызметтер
2. Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтың нысандары мен олардың ерекшеліктері.

Кәсіпорынның шаруашылық механизмі дегеніміз ұйым дамуының стратегиялық және ағымдық мақсатына қол жеткізу үшін шаруашылық қызметіне әсерін тигізетін экономикалық қызығушылықтарды басқару формаларының, әдістерінің және құралдарының жиынтығы.


Заңмен және басқа да шаруашылық құқықтың нормасымен қарастырылған кәсіпорын қалыптасуының құрылымдық тәсілі мен түрі (фирма, компания және т.б.), оның меншік формасы, шығаратын өнім көлемі мен ассортименті, оның капиталының қалыптасуы, қызметінің сипаты мен мазмұнына тәуелді болғандықтан және әртүрлі фирмааралық одақтарға кіру тәсілі мен бәсеке күресін жүргізу әдісіне байланысты жіктелуі кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық формасын құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет