Байланысты: 1 апта дәрісі.Кәсіпкерлік түсінігі, мәні, негізгі түрлері және ұйымдастырушылық нысандары
3.Жеке кәсіпкерлік. Ұжымдық кәсіпкерлік (серіктестік, акционерлік қоғам, кооператив). Дара кәсіпкерлік – жеке тұлғалардың кіріс алуға бағытталған, жеке тұлғалардың өздерінің меншігіне негізделген және жеке тұлғалардың атынан олардың тәуекелімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын бастамашылық қызметі.
Дара кәсіпкерлік өзіндік немесе бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асады. Өзіндік кәсіпкерлікті бір жеке тұлға өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті пайдалануға және оған билік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай дербес жүзеге асырылады.
Некеде тұратын жеке тұлға жұбайын кәсіпкер ретінде көрсетпей өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асырған кезде ол жұбайдың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға келесімі талап етілмейді.
Жеке тұлға өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асыру үшін ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін пайдаланған жағдайларда, егер заңдарда немесе неке шартында не ерлі-зайыптылардың арасындағы өзге келісімде өзгеше көзделмесе, мұндай пайдалануға жұбайының келісімі қажет. Төмендегі сызбада (сурет 5.1) жеке кәсіпкерліктің салыстырмалы түрде артықшылықтары мен кемшін тұстары көрсетілген.
Бірлескен кәсіпкерлікті жеке тұлғалар тобы өздеріне ортақ меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға және оған билік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай жүзеге асырады. Бірлескен кәсіпкерлік кезінде жеке кәсіпкерлікпен байланысты барлық мәмілелер бірлескен кәсіпкерліктің барлық қатысушыларының атынан жасалады, ал құқықтар мен міндеттер олардың атынан алынады және жүзеге асырылады.
ҚР жеке кәсіпкерліктің формалары мен түрлері төмендегідей жүйелендірілген (2 кесте):
Түрлері
Дара
Біріккен
жеке тұлғалардың кіріс алуға бағытталған, жеке тұлғалардың өздерінің меншігіне негізделген және жеке тұлғалардың атынан олардың тәуекелімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын бастамашылық қызметі
Үш формасы бар:
Ерлі-зайыптылардың ортақ бірлескен меншігі негізіндегі жүзеге асырылатын ерлі-зайыптылардың кәсіпкерлігі
Шаруа (фермер) қожалығының ортақ бірлескен меншігі негізіндегі отбасылық кәсіпкерлік;
Жеке кәсіпкерлік ортақ үлестік меншік негізінде жүзеге асырылатын жай серіктестік
Жеке кәсіпкерліктің артықшылықтары:
адамдардың жұмысқа тұру мен табыс табу мәселесін шешеді;
тіркелінуі жеңіл әрі қымбат емес;
мемлекет тарапынан қатаң реттеушілікте болмайды;
құжаттардың көп көлемін қажет етпейді.
Жеке кәсіпкерліктің кемшіліктері:
Мұрагерлікке өткізілмейді;
Алғашқы капиталды жинау қиыншылығы;
Кәсіпкердің жеке басты меншігіне қауіп төнуі мүмкін;
Кәсіпкердің шығармашылық белсенділігінің өсуіне үнемі ықпал етпейді