1 дәріс. Кіріспе. Есеп туралы жалпыланған ұғым Дәріс жоспары



бет11/12
Дата12.12.2022
өлшемі0,57 Mb.
#56678
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
VII. Косынды тест.
Әр сұрағына әр түрлі тест әдісі қолданылады. Мұнда кестелер жиынтығы, формула, график, сызба (чертеж) схема, диаграмма т.б. түрінде беріледі.
Бұл бойынша құрылған тестке өте жоғары дәрежедегі білімділік дарындылық қажет. Білімдерді шығармашылықпен қолдануға арналған тапсырмадан құрастырылған. Негізгі тестің табысты орындалуының «3» деген бағаға сәйкес келетін төменгі шегі ретінде, барлық жауаптың 70%-і дұрыс болатын 12 деңгейді алуға болады.
Тестің тапсырмаларын табысты орыңдаудың маңызды белгісі уақыт болып табылатындықтан, қиыңдық келтіретін тапсырмаларға көп тоқталып уақыт жібермей әуелі жеңіл тапсырмаларды тезірек орындап, соңынан қалған уақытта қиын тапсырмаларға кайта оралу ұсынылады. Қабылдау емтиханы кезінде сыныптарда оқылған материал XI сынып бітіргенде 6 жылдай уақыт өткеңдіктен ұмтылады. Әрі оңай сияқты көрініп қайталап, пысықтау ескерілмейді. Соның салдарынан емтихан кезіңдегі 1,5- 2 минут ішінде еске толық, нақты шешу жолы түсе қоймайды. Жорамалдап қайтарылған жауап қате болады. Сондықтан тест бойынша тапсыруға дайындық кезінде оқушы киналмас үшін мұғалімдер тақырып өтерде алдын ала дайыңдалып оқушылардың есіне ұзақ сақталардай негіз қалауға тиіс.
Жаңадан құрылған тест түріндегі тапсырмалары құнды тесттер қатарына келуі үшін олардың барлық нұсқалары апробациядан және 3-5 жыл ішіндегі нәтижелері бойынша алынған статистикасына талдаудан өтулері қажет.
Құнды тестқа қойылатын талаптар:
1) дайындау, қолдану, өндеу және нәтижелерін талдау жағына технологиялы және үнемді;
2) әмбебапты, яғни мектептердің барлық типтері үшін қолданылатындай және нақты бір бағдарламаға және оқулыққа тәуелді болмайтындай;
3) валидты, яғни тестілеуге қойылған мақсатты белгілі, анықталған дәлдікпен қанағаттандыратын;
4) сенімді, яғни тестілеу нәтижесі бойынша баға алдын ала анықталған дәлдікте;
5) легетимді, яғни бар заңдар мен нормативтерге қайшы келмейтін.
Физиканы оқытуда тест тапсырмаларын қолданудың әртүрлі нұсқалары қолданылуы мүмкін.

  1. 1. Білімді алдын ала диагностикалау. Тақырыпты оқып үйрену алдында, жаңа материалды жақсы меңгеру үшін және қалдық білімді тексеру мақсатында қолданылады.

  2. Білімді ағымды тексеру. Жаңа материалды оқып болған соң, үй тапсырмасын тексеру кезінде қолданылады. Негізгі түсініктерді, заңдарды және т.б. меңгергендігін тексеруге мүмкіндік беретін 5-8 тапсырмадан тұратын тест көмегімен өткізіледі.

  3. Білімді аралық тексеру. Үлкен бір тақырыпты аяқтаған кезде, материалды бекіту алдында қолданылады.

  4. Қорытынды бақылау. Тестілеуді бақылау жұмысының орнына немесе негізгі теориялық білімді және типтік есептерді шығара білуін тексеруде қолдануға болады.

  5. Оқушыларды аттестациялау. Емтиханды тест түрінде өткізу мүмкіндігі. Жоғарыда айтылғандай, барлық талапқа сәйкес болатындай тест құру процесі өте ұзақ еңбекті талап етеді. Сондықтанда 9-шы және 11-ші сыныптарда емтиханды тест түрінде өткізу үшін арнайы тестілеу орталықтары әзірлеген материалдарды қолдану ұсынылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет