1 дәріс. Кіріспе. Техникалық микробиология пәні, мақсаты және дамуы


Вирустарды жүйелеу және олардың үрдістері. Вирустардың тұқымдастығы және түрлері



бет31/81
Дата07.01.2022
өлшемі244,8 Kb.
#20441
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   81
Вирустарды жүйелеу және олардың үрдістері. Вирустардың тұқымдастығы және түрлері.Вирусология ғылымының даму жолындағы әр түрлі кезеңдерде вирустарды реттеп, бір жүйеге келтіру (классификация) жөнінде ұмтылыстар болды. Мысалы, 1940 жылдың аяғында, вирустарды реттеуге арналған алғашқы қадамдар бодды, ол үшін ең негізгі қасиеті ретіңде вирустардың зиянкестік зардабы еске алынды. Мысалы, бауыр ауруының вирустары тобына бір-біріне қажеті қатысы жоқ әр түрлі вирустарды жатқызды. Олар: бауыр ауруының "А" вирусы, "В" вирусы және сары безгек вирустары еді. Вирустар туралы ол кезде басқа деректер өте аз болатын.

Ал 1950 жылдан бастап вирустардың физикалық, химиялық қасиеттері туралы мәліметтер көбейе бастады, осыған сәйкес вирустарды реттеуге екінші қадам жасалды. Вирустардың антигендік қасиеттеріне сәйкес олардың аты латынша айтыла бастады. Осыған орай миксовирустар, поксвирустар, герпесвирустар деген топтар пайда болды.

Бертін келе, 1962 жылы А. Львов және басқа ғалымдар вирустарды топтаудың универсалдық классификациясын үсынды, бұл ұсынысқа тек омыртқалылар вирусы емес, барлық вирустарды еңгізуге болады.

Бұл топтаудың негізі етіп вирустардың мынандай қасиеттері алынды, олар: нуклеин қышқьшының түрі (РНҚ немесе ДНҚ), нуклеокапсид симмертиясы (спираль тәрізді оралған түрі немесе куб түрі), вирустың сыртқы қабықшасының бары немесе жоқтығы, вирустағы капсомер саны (бұл куб төрізді симметрия үшін), немесе нукле-окапсвдтің диаметрі (спиральді симметриялық вирустар үшін).

1966 жылы Москва қаласында өткен халықаралық микробиологиялық конгресте вирустарды жүйелеудің халықаралық комитеті қүрылды (ол 1973 жылдан бастап вирустардың таксономиясы жөніндегі халықаралық комитет болып аталады. Бұл комитет вирустардың қасиеттері туралы ясаңалықтардың бәрін жинады. Комитет А.Львов айтқан негіздерді қуаттап, вирустарды жүйелеу үшін ең негіз ретінде олардың физикалық және химиялық қасиеттерін ескерді. Дегенмен вирустарды бір жүйеге келтірудің ақырғы сатысына жеткен жоқ еді. Соңғы вирустар жөнінде көптеген жаңалықтар анықталды, олар: адамдардан, жануарлардан, өсімдіктерден, бактериялардан және қоңыздардан алынған жүздеген вирустарды бір топ организмдер ретінде қарап, оларды бір "патшалыққа" жатқызу керек екені белгілі болды.

Келесі бесжылдықта (1966—1971 жыл) вирустардың жаңа топтары ашылды және оларды әр түрлі туысқа бөле бастады.

1971—1975 жылдары вирустар туралы жаңа дерекгер пайда болды, соған сәйкес оларды (вирустарды) тұқымдастыққа, туыстыққа беле бастады. Қазіргі кезде вирустарды бір жүйеге келтіру барлық вирустар үшін (омыртқалылар, омыртқасыздар, өсімдіктер, қарапайымдар) бірдей.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет