1 дәріс. Кіріспе. Техникалық микробиология пәні, мақсаты және дамуы


Вирустардың негізгі ерекшеліктері



бет28/81
Дата07.01.2022
өлшемі244,8 Kb.
#20441
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   81
Байланысты:
лекция

Вирустардың негізгі ерекшеліктері

1.Вирустардың құрамында тек бір нуклеин қышқылы ғана бар: РНҚ немесе ДНҚ. Сондықтан да вирустар құрамында РНҚ – лы немесе ДНҚ – лы бар вирустар болып бөлінеді. Ең негізгі РНҚ – лы бар вирустардың барлық генетикалық ақпараты осы РНҚ – да. Мұндай жағдай биологияда тіпті де кездеспейді.

2.Вирустар тек клетка ішінде ғана тіршілік ететін арамтамақтар, демек тек клетка ішінде ғана көбейеді.

3.Вирустардың көбею ерекшеліктерін « дисьюнктивтік » түрге жатқызады. Себебі барлық жанда дүние екіге бөлінеді, бүршіктену, спора арқылы көбейсе, вирустардың өсіп – өнуі одан да ерекше.

Вирустар клетка ішінде болады да жоғалып кетеді. Себебі, вирус бөлшектерін, серологиялық немесе микроскоп әдістері арқылы клетка ішінен кездестіре алмаймыз, клетка ішінде белок пен нуклеин қышқылына бөлініп кетеді.

Күрделі вирустардың өсіп – жетілуі бұдан көп ерекше. Олар уақыт және кеңістікте бірнеше сатыға бөлінеді. Себебі олардың көбеюі де бірнеше сатыдан тұрады.

4.Вирустардың белок құрайтын жүйесі – рибосомдары жоқ. Демек вирустар өздері белок құрай алмайды.

5.Вирустар – генетикалық деңгейдегі арамтамақтар. Вирустар жасанды орталарда өспейді. Себебі оларда ассимиляция, диссимиляция, тыныс алу деген жоқ, қоректенбейді, ештеңе бөлмейді. Вирустардың көбеюі үшін тек қана тірі клетка керек, тек клетканың ішінде ғана, клетка материалдарын пайдаланып қана көбейе алады. Вирустар өзінің геномымен клетка геномына әсер етіп белгілі бір байланысқа түседі.

6.Вирустардың ендігі бір ерекшелігі - ол өте ұсақ. Олар нанометрмен өлшенеді. 1 нм – метрдің миллиардтан бір бөлігі. Вирустардың осындай ұсақ болуына байланысты оларды зерттеу үшін сүзгіден өткізу тәсілдері қолданылады. Сондықтан да уақытында « сүзгіден өтетін вирус » деген ұғым пайда болды. Қазіргі кезде « вирустар » деген ұғым ғана қолданылады.

7.Вирустардың тағы бір ерекшелігі – олар кристалл ретінде де кездеседі. Мұндай қасиет тек өлі дүниеде ғана болады. Вирустардың кристалл түрін жай микроскоппен де көруге болады. Бір кристаллда бірнеше миллион вирус болады. Кристаллдар оншақты жыл бойы сақталуы мүмкін. Дегенмен кез келген уақытта олардың өсіп – өніп миллиондап көбейіп кетуі де мүмкін.

8.Вирустардың кейбір түрлері торша ішінде « денешіктер », « қосылыстар» ретінде кездесуі мүмкін және олар торшада өздері өсіп көбейген жерде ғана болады.

Вирустардың тағы бір айта кететін ерекше қасиеті бар – ол тек белгілі органдар клеткаларында және клетка ішіндегі органеллаларда өсіп – өнеді. Демек, вирустар клетка ішіндегі ядрода, ядрошықтар мен рибосомдарда, митохондрияларда кездеседі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет